Мəмiлелер ауызша жəне жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мəмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мəмiлелердiң бəрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мəмiле адамның мiнез-құлқынан оның мəмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Жетон, билет немесе əдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мəмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мəмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
Мысалы ретінде ҚР АК 558 бабындағы ережелерді атауға болады. Оған сəйкес мүлікті жалдау шартының мерзімі өткеннен кейін жəне жалға беруші жағынан қарсылық болмаса (үндемемесе) шарт жаңа мерзімге қайта жаңғырды деп саналады.
ҚР АК 152-бабына сəйкес мəмiленiң жазбаша түрi жасалуы ке- рек:
егер мəмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң əдеттегi құқықтарынан туындамаса, мəмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орын- далатындарынан басқа, кəсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асыры- латын;
мəмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;
заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де рет- терде жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Атап айтқанда, келесі шарттарға мəміленің жазбаша нысаны міндетті болып табылады:
кепілге, кепілдікке,
кепіл болушылыққа,
сыртқы экономикалық мəмілелерге, банктік салымға,
банктік шотқа, сақтандыруға,
айып төлеу туралы келісімге, кепілпұл келісіміне,
алдын ала жасалатын шартқа, құрылтай шартына,
лизингке,
кəсіпорынды жалға алуға, банктік заемға жəне т.б.
Жай жазбаша нысан белгілі бір құжаттарды (хатты, хаттаманы, шарт мəтінін) жасау жолымен көрініс табады жəне онда тараптар қол жеткізген келісімнің ережелері сипатталады. Ауызшаға қарағандағы жазбаша нысанның артықшылығы даусыз.
Жазбаша түрде жасалған мəмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс. Бірқатар ережелерді сақтай отырып, мəмілеге өзге тұлғалардың қол қоюына жол беріледі. Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектiлердi жəне олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, жазбаша түрде жасалған мəмiлеге теңестiрiледi. Мəмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрмесін пайдалануға жол берiледi. Заңда немесе тараптардың
келісімінде мəміленің нысанын күрделендіре түсетін арнайы ереже- лер қарастырылуы мүмкін (арнайы бланк, мөр).
Мəмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына əкелiп соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптар- ды мəмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куəгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көр- сетiлген реттерде мəмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жа- рамсыз болып қалуына əкелiп соқтырады.
Мəмілелерді нотариалды куəландыруды мемлекеттік, жеке но- тариустар, қызмет ету аймағында нотариалды контора жоқ болған ретте атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, шетелдегі ҚР консулдық мекемелері жəне заңмен уəкілеттілік берілген өзге де тұлғалар жүзеге асырады (қараңыз: «Нотариат туралы» ҚР Заңының 1-бабы).
Нотариалдық куəлəндыру мəміленің бірнеше түріне ғана қажет:
өсиет;
мүлікке билік ету сенімхаттары жəне нотариалдық нысанды қажет ететін мəмілелер жасауда;
рента шарты;
қайта жасау тəртібінде берілетін сенімхаттар;
неке шарты;
алименттер төлеу келісімі;
шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттары.
Мəміленің міндетті нотариалдық куəландыруын сақтамау оның жарамсыздығына əкеледі.
ҚР АК 394 бабында егер тараптар белгiлi бiр нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрi үшiн бұл ны- сан талап етiлмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берiлген кезден бастап жасалды деп есептелетіндігі бекітілген.
Мəмілелерді мемлекеттік тіркеу
Бірқатар мəмілелер мемлекеттік тіркелуге жатады.
ҚР АК 155 бабы егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сəйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мəмілелер, сондай-ақ ҚР АК 118-бабының 2-тармағынның бірінші бөлігінде аталған құқықтарды туындататын, өзгертетін не- месе тоқтататын мəмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептелетіндігін бекітеді.
Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рəсімделуге тиіс жəне заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.
Егер тараптардың бірі мəміле бойынша құқықтарды мемлекеттік тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мəміле бой- ынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда құқықтар сот шешіміне сəйкес тіркеледі.
Мемлекеттік тіркеу келесідей мəмілелерге міндетті: Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiле;
Қозғалатын мүліктің жекелеген түрлерімен жасалатын мəміле; Бағалы қағаздармен жасалатын мəміле;
Капиталдың ағымына байланысты мəмілелер; Лицензиялық мəмілелер;
Жер қойнауын пайдалануға байланысты мəмілелер; Заем туралы мемлекеттік шарттар.
Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiлелерді мемлекеттiк тiркеу
ҚР АК 118-бабында белгіленгендей, қозғалмайтын заттарға
меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы жəне тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жыл- дан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады.
Міне осылайша, жылжымайтын мүлікке деген барлық құқықтар тіркелуге жата бермейді. Тек келесілері ғана тіркелуі тиіс:
меншік құқығы
шаруашылық жүргізу құқығы оралымды басқару құқығы
бір жылдан артық мерзімге жерді пайдалану құқығы мүлік кепілі
жылжымайтын мүлік рентасы
мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықты жəне онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша тiркелген құқық немесе мəмiле туралы құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалған мəмiленi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асыру-шы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға беруге мiндеттi.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк тiркеу тəртiбi жəне тiркеуден бас тарту негiздерi қоз- ғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiленi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |