1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары


-тақырып. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық



бет21/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Тезисы лекции


14-тақырып. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық

Азаматтық-құқықтық жауаптылық бұл шартпен немесе


заңмен көзделген өзіне жүктелген міндеттемелерді бұзған борышкер-

ге қолданылатын мүліктік өндіріп алу.

ҚР АК 349-бабына сəйкес мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дəрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) – тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дəрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.

Мiндеттеменi бұзғандығы үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.

Жауаптылықтың нысаны мен мөлшері. Шығындарды өтеу;

Айып төлеу;

Борышқордың жеке-дара анықталған затын алу.

Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге келтірілген залалдардың орнын толтыруға міндетті. Залалдардың ұғымы ҚР АК 9-бабының 4-тармағында берілген.



  1. Нақты нұқсан құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы;

  2. Айырылып қалған пайда – сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары залалдар деп түсiнiледi.

Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын тол- тырудан борышқорды босату жөнiндегi тараптардың мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылдаған келiсiмi жарамсыз болады, алайда та- раптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.

Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор не- сие берушiнiң талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, талап арыз берiлген күнi қолданылған баға назарға алынады. Мəн-жайды негiзге ала отырып, сот шешiм шығарған күнi не нақты төлем төленген күнi қолданылған бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.

Айырылып қалған пайданың мөлшерiн анықтаған кезде оны алу үшiн несие берушi алдын ала қолданған шаралар жəне осы мақсатта жасалған дайындықтар ескерiледi.

Егер мұның өзi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жал- тару мақсатымен жасалғанын дəлелдесе, несие берушi борышқордың, сондай-ақ оның мүлiк иесiнiң кез келген iс-əрекетiн жарамсыз деп та- нуды талап етуге құқылы.

ҚР АК 351-бабында айып төлеудің шығындарға қатынасына қарай оның төрт түрі белгіленеді:


  1. есепке жатқызу айып төлеуі – айып төлеуде жəне шығында өндіріледі, бірақ соңғысы айып төлеумен жабылмаған бөлігінде өндіріледі;

  2. айыппұлдық айып төлеу – толықтай көлемде бір мезетте шығындар мен айып төлеуді өндіріп алады;

  3. балама айып төлеу – несие берушінің таңдауы бойынша не айып төлеу не шығындар өндіріліп алынады;

  4. айрықша айып төлеу – тек айып төлеу ғана өндіріліп алынады. Соңғы үшеуі заңнамада немесе шартта қарастырылуы мүмкін.

Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дəрежеде орын- далмағаны үшiн шектелген жауаптылық белгiленген жағдайларда айып төлеу арқылы жабылмаған бөлiгiнде, не одан тыс, не оның ор- нына өтелуге жататын залал осындай шектелумен белгiленген шекке дейiн өндiрiп алынуы мүмкiн.

Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершілік нысаны ретін- дегі залалдар мен айып төлеудің айырмашылығы

Міндеттеменің осы түрі жайлы заңда жəне шартта қарас- тырылмағанымен, залалдарды өндіріп алу міндеттеменің бұзыл- ғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы нысаны ретінде қолданылуы мүмкін. Ал айып төлеу, егер құқықбұзушылықтың осы түрі үшін заңда немесе шартта белгіленсе ғана өндіріліп алынады. Осы ретте, шарттық айып төлеу – жарамсыздық қаупімен, жазбаша нысанда жа- салынуы тиіс.

Залалдардың мөлшері міндеттемені бұзу салдарынан келтірілген шығынға байланысты болады. Айып төлеудің мөлшері алдын ала шартта немесе заңда айқындалады. Айып төлеудің мөлшері залалдың мөлшеріне байланысты болмайды.

Айып төлеуді өндіріп алу үшін залалдың мөлшерін айқындау та- лап етілмейді. Ал залалды өндіріп алу үшін бұл қажет болады. Міне, осылайша, айып төлеуді өндіріп алу үшін несие беруші себепті байла- ныс пен залалдың мөлшерін дəлелдеуге міндетті емес. Тек бұл ретте борышқордың міндеттемені бұзғандығы ғана дəлелденуі тиіс.

Залалдарды өндіріп алу талаптарына қарағанда, дəлелдеудің қарапайымдылығына байланысты айып төлеуді өндіріп алу туралы талаптар тəжірибеде жиірек қойылады.

Міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық зиянды өндіріп алу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың ерекше нысаны бо- лып табылады.

Моральдық зиян – жеке жəне заңды тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олар- дан айырылуы, соның iшiнде жəбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тəн азабы (қорлау, ыза- ландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тəн қиналуы, за- лал шегу, қолайсыз жағдайда қалу жəне т.б.).

Міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық зиян залал- дарға қоса өтеледі. Оны өндіру ережелері Қазақстан Республика- сы Жоғары Сотының 2001 жылдың 21 маусымындағы «Моральдық

зиянды өндіру туралы заңнаманы соттардың қолдану туралы» №3 нормативтік қаулысымен айқындалған.

Зиян келтірушінің кінəсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда, егер:


  1. зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi арқылы келтiрiлсе;

  2. зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне орналастыру түрiнде əкiмшiлiк жаза- ны заңсыз қолданудың салдарынан келтiрiлсе; P01003S

  3. зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мəлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе;

  4. заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өтеледi.

Заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын əрекеттер (əрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайды.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікте жиі қолданылатын нор- малардың бірі, ол ҚР АК 353 бабындағы «Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк» болып табылады.

Ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi ҚР Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi.

Борышты сот тəртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот несие берушiнiң таңдауы бойынша ҚР Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған неме- се шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында не- месе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады.

Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда не- месе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тəртiбi белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады.

Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтiрiлген залал оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы.



Жауапкершiлiк жəне мiндеттеменi заттай орындау

Мiндеттеме тиiстi дəрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу жəне залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды.

Мiндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу жəне оны орындамағаны үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шарт- та өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады.

Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзi үшiн ендi керегi болмай қалған мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы, сондай- ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады.



Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаудың сал- дары

Белгiлi бiр затты меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, же- дел басқаруға немесе несие берушiнiң пайдалануына жеке беру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда, бұл затқа үшiншi жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие берушi оны борышқордан алып қоюды жəне несие берушiге берудi талап етуге құқылы.

Затты беру борышқорды залалдың орнын толтырудан босатпай-

ды.


Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау

Борышқор затты жасап, несие берушiге беру немесе оған

белгiлi бiр жұмыс жасап беру немесе қызмет көрсету мiндеттемесiн орындамаған жағдайда заңдардан, шарттан немесе мiндеттеменiң мəнiнен өзгеше туындамайтындықтан, несие берушi мiндеттеменi орындауды үшiншi адамдарға ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды мерзiмде тапсыруға немесе оны өз күшiмен орындауға жəне шыққан қажеттi шығындар мен басқа залалдарды өтеудi борышқордан талап етуге құқылы.

ҚР АК жауапкершіліктің субсидиярлық жауапкершілік сияқты түрін қарастырады.

Заңдарға немесе мiндеттеменiң шарттарына сəйкес негiзгi борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершiлiк) басқа адамның жауапкершiлiгiне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейiн кепiл берушi талапты негiзгi борышқорға қоюға тиiс.

Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандыру- дан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн.

Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқы- зу арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзiнiң негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес.

Субсидиялық жауапкершiлiгi бар адам оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға тиiс.

Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге қарсы айтайын деген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар.

ҚР АК 358-бабы мiндеттемелер жөнiндегi жауапкершiлiктiң мөл- шерiн шектеуге рұқсат етеді. Мiндеттеменiң кейбiр түрлерi бойын- ша жəне қызметтiң белгiлi бiр түрлерiне байланысты мiндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады (шектелген жауапкершiлiк).

Егер мiндеттемелердiң осы түрi немесе осындай құқықбұзушылық үшiн жауапкершiлiк мөлшерi заңдармен белгiленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретiндегi азамат несие берушi болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершiлiк мөлшерiн шектеу жөнiндегi келiсiм жарамсыз болады.

Кінə жəне мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк

Кінə міндеттеменің бұзылғандығы үшін орын алатын жауап- кершіліктің негізі болып табылады. Борышқор кiнəлi болған кез- де, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны жəне (немесе) тиiстi дəрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi.

Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дəрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дəлелдесе, ол кiнəсiз деп танылады.

Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дəрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше жəне тойтаруға болмайтын мəн-жайлардың (дүлей құбылыстар,

соғыс қимылдары жəне т.б.) салдарынан тиiстi дəрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дəлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мəн-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.

Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң жəне одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн. Мiндеттеменi қасақана бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған шарт жарамсыз болады.

Кінəсіз жауапкершілік туралы ереже кəсіпкерлік тəуекел туралы ережемен байланысты болады. Міндеттемедегі кəсіпкерлік тəуекел келесідей түрде ескерілген: егер мiндеттемеде кəсiпкердiң тапсырысы бойынша əлдебiр жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нəтижесiн пайдаланудың мүмкiн еместiгi немесе оны пайдаланудың тиiмсiз болу тəуекелi кəсiпкерге жүктеледi. Жұмысты тиiстi дəрежеде орындаған адам, егер шартта өзге кəсiпкерлiк тəуекелдi бөлу көзделмесе, орын- дау дəрежесiне сəйкес ақы алуға құқылы (ҚР АК 360-бап).

Егер екiжақты шартта тараптардың бiрде-бiрi жауап бермейтiн мəн-жайдың салдарынан тараптардың бiреуi үшiн мiндеттеменi орындауға мүмкiншiлiк болмаса, заң құжатында немесе шарт- та өзгеше көзделмегендiктен, шарттың орындалуын тараптардың ешқайсысының да талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тараптардың əрқайсысы өзi орындағанның бəрiн қайтаруды тиiстi қарсы орындауды алмай-ақ талап етуге құқылы.

Азаматтық Кодексте өзге адамның кінəсі үшін жауапкершілік ету рұқсат етілген, мысалы, ҚР АК 362-бабында борышқордың өз қызметкерлерi үшiн жауапкершiлiгi көзделген.

Борышқордың мiндеттемесiн орындау жөнiндегi лауазымды адамдарының немесе өзге қызметкерлерiнiң əрекеттерi борышқордың əрекеттерi болып есептеледi. Борышқор бұл əрекеттер үшiн, егер олар мiндеттеменi орындамауға немесе тиiстi дəрежеде орындамауға əкелiп соқтырса, жауап бередi.

Сонымен қатар, үшiншi жақтардың борышқор алдындағы өз мiндеттерiне қатысты əрекетi не əрекетсiздiгi мiндеттеменi бұзудың себебi болғанда да, борышқор несие берушiнiң алдында жауап бередi. Егер заңдарда тiкелей орындаушы жауап бередi деп белгiленбесе, борышқор несие берушi алдындағы өз мiндетiн жүктеген үшiншi

жақтардың əрекетi немесе əрекетсiздiгi үшiн де жауап бередi.

Борышқор үшiншi жақтардың əрекеттерiнен немесе əрекетсiз-

дiгiнен мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен олардың кiнə- сiздiгi дəлелденгеннен кейiн босатылуы мүмкiн.

Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде борышқор үшiншi жақтардың əрекеттерiнен немесе əрекетсiздiгiнен мiндеттеменi бұз- ғаны үшiн жауапкершiлiктен, егер оған дүлей күштер себепшi болса, босатылады.

Үшiншi жақтардың құқықтарымен мiндеттеме нысанасын ауыр- латуға байланысты мiндеттеме бұзылғанда, егер ондай ауырлату несие берушiмен шарт жасасқанға дейiн пайда болса жəне несие берушiге ол туралы шарт жасасу кезiнде ескертiлсе ғана, борышқор жауапкершiлiктен босатылады.

Міндеттеменің бұзылуында несие берушінің де кінəсі болуы мүмкін. Егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дəрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнəсiнен болса, сот оған сəйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады. Сот, егер несие бе- рушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дəрежеде орын- далмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азай- тады.



Орындауды кешіктірудің келесідей екі түрі де заңмен реттеледі: а) борышқордың кешіктіруі, мiндеттеменiң орындалу мерзiмiн

өткiзiп алған борышқор несие берушiнiң алдында мерзiмдi өткiзiп алу арқылы келтiрiлген залал үшiн жəне мерзiмiн өткiзiп алу кезiнде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшiн жауап бередi. Егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдары- нан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса, ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi та- лап ете алады;

б) несие берушінің кешіктіруі. Егер несие берушi борышқор ұсынған тиiстi дəрежедегi орындауды қабылдаудан бас тартса, не- месе заңдарда немесе шартта көзделген, не iскерлiк айналым дəс- түрлерiнен немесе аяқталғанға дейiн борышқор өз мiндетiн атқара алмаған мiндеттiң мəнiнен туындайтын əрекеттердi жасамаған болса, ол мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi.

Борышқордың мiндеттеменi орындағанын тиiстi түрде растаудан бас тартқан жағдайда да несие берушi мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi.

Егер несие берушi мерзiмдi өткiзiп алу, не өзi, не заңдар бойын-

ша немесе несие берушiнiң тапсыруымен мiндеттеменiң орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтiн жағдайларға байла- нысты болғанын дəлелдеп бермесе, несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алуы борышқорға мерзiмдi өткiзiп алудан келтiрiлген залалдың ор- нын толтыруға құқық бередi.

Мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiге мерзiмдi өткiзiп алған кез- де мiндеттеменi орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалуының барлық қолайсыз салдары жүктеледi.

Ақшалай мiндеттеме бойынша борышқор несие берушiнiң мер- зiмдi өткiзiп алғаннан кейiнгi уақытына сыйақы (мүдде) төлеуге мiн- деттi емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет