1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет12/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Лекция - Даурен А.

Принцип ұғымына түсінік. Кез келген ғылым саласының өзіне тән фундаментальді негізі болады. Оны анықтауда принцип термині пайдаланылады. Философиялық еңбектерде принцип ұғымына мынадай анықтама берілген. Ол - алғашқы бастама, белгілі бір ұстанымның белгілі - бір ережесі, сол белгінің, көріністің барлық табиғатын қамтушы.
Осы тәрізді ұғымдар журналистикада да бар. Олардың барлық әрекеті БАҚ жүйесін ұйымдастыруда редакциямен жұмыста, сонымен бірге, журналистердің жекелеген әдіс-тәсілдерінен көрініс табады.
Принцип ұғымы журналистикада жүре қалыптасқан. Ол өзінің субъективті және объективті табиғи сипатымен ерекшеленеді. Осы екі бастаманың үйлесуі жеке шығармашылық еңбек үрдісінде журналистің мәдениетімен көзқарасына ұштасады. Принцип ұғымы екі деңгейде қалыптасады. Бірінішісі идеялық-методологиялық; екнішісі – ұстанымдық. Бұл қағидалар журналист шығармашылығын шектемейді. Керісінше, журналист әрекетін белгілі бір жүйеге келтіреді.
Журналистің ұстанымдық принципінің алғашқы декларациясы 1950 жылы қабылданды. Ал 1980 жылы ЮНЕСКО өкілдері журналистік мамандықтың этикасының халықаралық принципін қабылдады. Әлемдік деңгейдегі принцип түсінігі ұлттық, кәсіби құжаттарда сақталған.
Принциптің түрлері. Принцип – ол қызметтік борыш. Журналистің қоршаған ортамен байланысын барлық механизмін сипаттаушы. Осыған сай журналистикада журналистің әрекетін ұйымдастыруда шынайылық, гуманистік, халықтық принциптерін білуі шарт.
Шынайылық принципі – түрлі деңгейдегі кәсіби кодекстің ең бастысы. Ол журналистің ұстаным декларациясының ең бірінші бөлігі болып табылады. Шындыққа бас ию, қоғам құқығын құрметтеу, шындықты іздеу, білу, журналистің ең басты борышы болуы керек. Бұл принцип әлеуметтік құбылыстарға әлеуметтік зерттеу жүргізе отырып оның беріктігін танытады. Шынайылық принципі - ғылымға жақын принцип. Одан ауытқу қызметтік борышты бұзуға әкеледі. Өзінің методологиялық маңызымен қоса шынайылық принципінің қарапайым тұрмыстық функциялары да бар. Бұл орайда ақпараттың шынайылығымен дұрыстығына көз жеткізу - ең басты борыш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет