1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»


Журналистің азаматтық жауапкершілігі



бет35/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Лекция - Даурен А.

Журналистің азаматтық жауапкершілігі
Журналист — өз саласындағы толық құқы бар кәсіби маман. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүреді. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Бұл тұста журналистік этиканың да маңызы зор. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның құқығы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Осыдан келіп, журналистің азаматтық жауапкершілігі пайда болады. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет болып табылады.
Баспасөз бостандығы ұғымы
Журналистика қоғамдық үдерістер ағымына, жекелеген адамдар өміріне елеулі ықпал жасайды. Сондықтан оның қызметін, белсенділігін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын механизмдер қажет. Ондай реттеулер сырттай да жасалады, ондай реттеу БАҚ жүйесінің өз ішінде де болады. Осы жерде баспасөзге не рұқсат етіледі, не рұқсат етілмейді деген шешуші ұғым – ол баспасөз бостандығы. Басқаша айтсақ, «иә» мен «жоқтың» тепе-теңдігі. Баспасөз бостандығы рух, ой, ар-ождан еркіндігі сияқты өркениет қан төгіп, тер төгіп жеңіп алған ұлы құндылықтарының санатына жатады, сонымен бірге ол аса күрделі, қарама-қайшылығы мол құбылыстардың қатарынан табылады.
Баспасөз бостандығы талай тарихи кезеңдерден өтті. Осы мәселеге байланысты он тоғызыншы ғасырдың ортасында Батыс Европада революциялық-демократиялық көзқарас қалыптасты. Ол Карл Маркстің 1842 жылы жазған «Алтыншы Рейнландтагында баспасөз бостандығы және сословиелік жиналыстардың хаттамасын жариялау туралы пікірталастар» мақаласынан бастау алады. Бұған қарама-қайшы ұсынысты, яғни журналистік қызмет бостандығына кәсіпкерлік тұрғыдан қарау керек деген ұсынысты Пруссия парламентіндегі сословиелер өкілдері енгізді. Осыдан кейін баспасөз бостандығына таптық-саяси тұрғыдан қарау көзқарасы қалыптасты. Қазір баспасөз бостандығына біз нормалық-құқықтық тұрғыдан қараймыз.
Дүниежүзілік баспасөз бостандығының күні 1992 жылдан бері БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдері тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысымен атап өтіліп келеді. Ал БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен бұл дата Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні ретінде атап өтіледі. Декларацияда кез келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігі ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз екендігі атап көрсетіледі. Осы күні 1986 жылы қаза болған Колумбия журналисі Гильермо Кано атындағы «Баспасөз бостандығы ісіне қосқан үлесі үшін бүкіләлемдік сыйлығы» тапсырылады, бұл – аталмыш мерекенің басты шарасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет