15- ТАҚЫРЫП. Болашақ журналист кітапханасы
Дәріс жоспары:
1. Журналистің құқықтық ережелері
2. Журналистикадағы авторлық құқық
3. Журналистердің кәсіби ұйымдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖУРНАЛИСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ:
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын, БҰҰ-ның Баспасөз бостандығының бүкіләлемдік партиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан журналистері Қазақстанның журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің моральдық-этикалық қағидаттары мен кәсіби қызметінің нормаларын қалыптастыратын Қазақстан Республикасы журналисінің Этикалық кодексі қабылдады.
Кодекс өзіндік тәртіп пен моральдық-этикалық бағдардың құралы болып табылады, жұртшылық тарапынан журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына сенім мен құрмет көрсетуге қол жеткізуге ықпал етеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖУРНАЛИСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ:
1. КӘСІБИ ПАРЫЗ
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
3. АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАСАҚАНА ІСТЕМЕУШІЛІК
4. СЕНІМДІЛІК ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІК
5. ДЕРЕККӨЗДЕР ЖӘНЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
6. ЖЕКЕ ӨМІРДІ, АР-НАМЫСТЫ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ
7. БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
8. ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. КӘСІБИ ПАРЫЗ
1.1. Журналист өзінің қызметінде кәсібі, сөз бен ақпарат бостандығы, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық адамгершілік ахуал мүддесі үшін қызмет жасайды.
1.2. Журналист қолы қойылған, бүркеншік немесе анонимді атымен, бірақ рұқсаты және келісімі бойынша таратылған кез келген хабарламаның сенімділігі үшін өзінің атымен және беделімен жауап береді.
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
2.1. Журналист қоғамның моральдық және этикалық қағидаттарының нығаюына ықпал етеді.
2.2. Журналист өзіне жүктелген қоғамдық жауапкершілікті сезінеді және оның қызметі қоғамдық мүддеге залал келтірмеуін үнемі қадағалайды.
2.3. Журналист қоғамдық тәртіптің тұрақсыздығын, әлеуметтік араздықты қоздыруды болдырмас үшін дәлелденбеген ақпараттан, асығыс және тексерілмеген ақпаратты жариялау мен таратудан бас тартады немесе аталған ақпараттың тексерілмеген сипатын көрсетеді.
3. АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАСАҚАНА ІСТЕМЕУШІЛІК
3.1. Журналист адалдық пен қасақанашылдық емес қағидаттарын ұстанады, кез-келген сырттан жасалатын қысымды жоққа шығарады.
3.2. Журналист кәсіби міндеттерін орындау барысында ақпарат алудың заңды тәсілдерін қолданады, ақпарат көзіне қысым көрсетпейді.
4. СЕНІМДІЛІК ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІК
4.1. Журналист объективтілік, қасақана емес қадам жасау қағидаттарын ұстанады.
4.2. Журналист белгілі бір мәселелер бойынша пікірлердің толық ауқымын қаперге алады және өзі сенімділігіне көз жеткізген ақпаратты ғана жариялайды.
4.3. Сенімділік, толықтық және объективтілік мақсатында журналист ақпараттарды түрлі көздерден алу үшін барынша күш-жігер жұмсайды.
4.4. Журналист өзінің қызметінде деректерді, пікірлерді, бағамдарды, болжамдарды, нұсқаларды және жорамалдарды жеке көзқарасы тұрғысынан нақты айыра біледі.
5. ДЕРЕККӨЗДЕР ЖӘНЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
5.1. Егер дереккөздің кінәсінен шындықты саналы түрде бұрмалаушылық орын алған немесе оны көрсету дүрбелеңнің, саяси немесе әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың болмаса жалпыұлттық ауқымдағы материалдық зиянның алдын алудың жалғыз тәсілі болып табылған жағдайларда журналист дерек көзінің ақпаратын ашу немесе құпиялылығын сақтау туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.
5.2. Журналист құпия ақпаратты өзінің кәсіби қызметінде жеке мүддесі немесе басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланбайды.
6.ЖЕКЕ ӨМІРДІ, АР-НАМЫСТЫ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ
6.1. Журналист жеке өмірді, адамдық ар-намыс пен іскерлік қасиетті құрметтеу қағидатын басшылыққа алады.
6.2. Журналист азамат пен заңды тұлғаның заңнамалық тұрғыда қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде қандай да бір ақпаратты ұсынудан бас тарту құқын мойындайды.
6.3. Журналист айрықша кінәсіздік қағидатын ұстанады.
7. БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
7.1. Журналист зияткерлік меншікті, оның ішінде өз әріптестерінің кәсіби қызметінен туындайтын зияткерлік меншік құқын құрметтейді.
7.2. Журналист әріптестерінің құқығын құрметтейді және адал бәсекелестік заңнамаларын ұстанады.
7.3. Журналистер кәсіби парызын орындау кезінде зардап шеккен өзінің әріптестеріне жәрдем көрсетеді.
8. ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Журналист зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қатері, тіл тигізу, материалдық немесе моральдық зардап жағдайында Қазақстан заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша сот және басқа да барлық қорғану кепілдіктерін пайдаланады.
8.2. Журналист Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын мойындайды және оны бұзғаны үшін жауапкершілікті сезінеді. Дегенмен, Кодекс журналисті заңды және жеке тұлғалар тарапынан сот тәртібімен қудалауға негіз болмайды.
8.3. Журналистің Кодекс ережелерін бұзуы моральдық жазғыруға ұшырайды.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Аталған Кодекс журналистердің - Қазақстан азаматтарына және қатысы бар.
Журналистің Кодекске қарым-қатынасы - ар-ұятына байланысты. Кодексті ұстануға немесе бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Қазақстан Журналистер одағы және
Бас редакторлар клубы басқармаларының
бірлескен отырысында қабылданды.
2012 жылғы 30 қазандағы № 1 хаттама.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |