1 тақырып Кіріспе


Біліктерді дефектоскопиядан өткізу



бет18/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Лекция Тех.рем

Біліктерді дефектоскопиядан өткізу.
Вагон жөндейтін мекемелерде дефектоскоп жүргізудің мына түрлері қолданылады. Магнитті деректоскоп, олар біліктердің мойнын, басқа да бөліктерін сондай-ақ құрастырмастан бұрын біліктердің зақымданғандығын тексереді.
Магнитті разъемный дефектоскоп біліктің ортаңғы бөлігін тексереді.Ультрадыбысты біліктің жарығы бар жағын,дөңгелекті біліктен ағытпай-ақ тексереді.
Магнитті дефектоскоп құрғақ және ылғалды әдіспен тексереді. Біліктің ортаңғы бөлігін әрбір дөңгелек жақтан кезекпен тексереді. Біліктің шеткі жағынан ортасына қарай металл-порошокты үстіне төгеді (құрғақ әдіс) содан кейін осы жерлерге дефектоскоп қойып, электр тоғы арқылы қосады, сүйтіп оны шетінен ортасына қарай немесе кері жүргізіп тексереді. Осылай үш рет жүргізеді және әр уақытта қос доңғалақты 90° бұрып тұрады. Егер білікте жарық болса оның үстінен сызықша пайда болады, сол арқылы біліктің істен шыққанын анықтайды.
Біліктің бастапқы бөлігін және роликтің ішкі, сыртқы сақиналарын да осындай жолмен анықтайды. Бұл жағдайда олардың үстіне металл порошогымен трансформатор майын қосып жағады.
Ультрадыбысты дефектоскоптар ультрадыбыс тербелістеріне негізделген, олар зат арқылы өткенде, ондағы дефектілер жарық, тесік, қабатты метал емес заттарды анықтайды. Тербелістер заттың арғы жағына өткенде олардың түбін көрсетіп береді. Дефектоскоп жасалғанда тербелістердің жилігі 0,5-тен 5-10 МГц-ға дейін барады.
Ультрадыбысты затқа ендірген кезде сырттан берілетін электр тоғы механикалық тербеліске айналады және кері қарай да айналысқа түседі, сол себепті бұл құбылысты не электр эффектер деп атайды. Осындай құбылысқа табиғаттағы кристалдар ие болады.(кварц, тұз т.б)
Дефектоскопта көбінесе жұқа күміспен қапталған бардың титанатынан жасалған керамикалық пластикалық көптеп қолданылады. Осындай пластикаларды арнайы бланкқа іздеушіге орналастырып, оны электр импульсіне жалғайды.
Қос доңғалақ білікіндегі дефектілерді анықтау үшін ультрадыбысты импульсты дефектоскоптар қолданылады.
Олардың УЗД-56м, УЗД-64 деген түрлері бар. Олар көрінбейтін дефектілер және терең 2-4 мм көлденең және 2-8 мм қима жарықтарды анықтайды.
Тереңдігі 2 мм-ге дейін анықтай алмайды.

17 Тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет