1 тақырып Кіріспе


Жүк вагон арбашасының ақаулары және пайдалану процессінде



бет26/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Лекция Тех.рем

Жүк вагон арбашасының ақаулары және пайдалану процессінде
қойылатын талаптар.


1.Арбашалардың ең басты ақаулары- қозғалмалы деталдардың қажалуы, қисық көлденең раманың сынуы, жарылуы, бекітпелердің босауы т.б.
Фрикционды бәсеңдеткіш тербелісті деталдарынан басқа, тежегіш башмак валигі ілмесінің кронштейін тесігі де соқтығысудан қажалады, сонымен қатар көлденең бекітпелердің деталдары, көлденең қораптың букса орындары қажалады.
Арбашаның көлденең рамасында, букса, рессор орналасатын ойықтарда, көлденең үстіңгі және астыңғы белдікте, тежегіш башмактарының валик ілмесінің орындарында жарықтар болады.
Егерде арбашаның көлденең қорабының және рессор үсті балкасының жарылуы, сырғанақ қақпағының сынуы және бекітпенің болттары кем болса жылжымалы құрамға жіберілмейді.
Егерде ақаудың біреуі вагон арбашасында табылса, вагон ағытылып аралық жөндеуге жіберіледі.
2.Арбашаларды күрделі және деполық жөндеу кезінде кіру бақылауды вагондарды жөндеу позицияларына қойғаннан соң жүргізеді.
Сонан соң рессорлық комплекті деталдарының жағдайын тексереді. Рессор үсті балкасына қатысты фрикционды клиндердің көтерілуін т.б. тексереді. Тексерудің нәтижесіндегі ақауларды арнайы ведомостқа тіркеп, оны деталь мен түйідерді жөндеу кезінде қолданады.
Құйылған деталдардың қызмет көрсету уақытын тексереді, яғни олардың қызметі 30 жылдан аспауы қажет.
Жоспарланған жөндеу түрінде арбашаларды жөндеу арнайы арбаша бөлімінде ағымды немесе ағымды-конвейерный әдісімен орындалады.
Арбаша бөлімінде жөндеу әдісімен бөлек жуу, шашу, жинау, жөндеу және дайын арбашаларды қабылдау позициялары болуы қажет.
Арбашаны жуудан бұрын қос доңғалақтан раманы ажыратуы, технологиялық арбашаға орналастыруы, ал арбашаны жуу машинасына апарады.
Буксаға толық ревизия қажет емес арбашаларды жуу машинасына қос доңғалақғымен жіберуге рұқсат етілмейді.
Жуу жұмысы 600 С t-ға дейін, МЛ-52, МС-8, « Ламобид-101» типті ерітіндімен, 30г/л концентрация 19кгс/см қысымда орындалады.
Арбаша рамасын тазалаған соң шашу позициясына орналастыруы, ретімен рычаждық берілісті, рессорлық ілмені, шкворень, сырғанақ деталдарын және көлденең раманы шашады.
Көлденең раманы және рессор үсті балкасын бақылауға көзбен қарауды қосады, қажалу мен ақауларды өлшеу арнайы шаблонмен бақылау және бұзылмайтын бақылау арқылы орындайды.
Бұзбайтын бақылау әдісі бойынша көлденең рамамен, рессор үсті балкасын вихретоковый дефектоскоп ВД-12 НФ немесе феррозонды бақылау ДФ (ДФ-1, ДФ-103, ДФ-105, ДФ-201) типті бақылау жасайды.
Дефектоскоппен тексеру алдында бақылайтын деталдарды стенд-контовательде жеті есе үлкейтететін лупа қолдану арқылы 12 немес 36В кернеудегі сүйретпелі шам арқылы, металл щетка, шаблон арқылы қарау жүргізіледі.
Визуальды қарау кезіндегі барлық ақауларды бормен белгілейді және қайтадан вихретоковый, феррозондовый немесе магнит ұнтақшасы әдісімен тексереді.
Еріту және дәнекерлеу жұмыстары арнайы дәнекерлеу позициясында орындалады. Ол позиция электрлі дәнекер, газды дәнекер және т.б. құрылғылармен қамтылған.
Жөнделген және тексерілген арбаша деталдары жинау позициясына беріледі.
Жиналған вагон арбашасының жөндеу сапасын тексеріп, арбашаға арнайы клеймо, жазу, таңба басылады, сырлайды, вагон астына орналастырылған соң арбашаға шығу бақылауы жүргізіледі.

25 тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет