Кавитациялық тозу- қозғалыс сұйықтарда булы газдардың көпіршіктері пайда болғанында және олардың бұзылғанында орын алады. Көпіршіктер бұзылғанда үлкен кернеуге әкеліндіретін микрогидравликалық соққылар пайда (өтеді). Ковитациялық зақымдарға дизель цилиндрлерінің төлкелері бейім келеді.
Фреттеинг-коррозия, не үйкелістегі коррозия- микроскопиялық вибрация ауысуларда кездескен жерлерде орын алады. Фреттинг- коррозия дөңгелек білік бөлігінде, буксаларда, тізбіліктің клиндарында, дизель блогының цилиндр төлкелерімен кездесетін жерлерінде пайда болады.
№ 8 тақырып
Тепловозды жөндеуге және оны бөлшектеуге дайындау
1.Тепловозды жөндеу жұмысына онымен келген локомотивтік бригада немесе экипировкада жұмыс істейтін бригада дайындап қояды. Өңдеу жұмысына қояр алдында локомотив бригадасы жол бойы дизель- генератор қондырғының және басқа агретгаттардың жұмысын мұқият тексереді, электр бөлігін бақылап, анықталған барлық ақауларды борт журналына жазады. ТҚК-3 және КӨ-1 жұмыстарына қойғанда тепловозды толық жабдықтайды. Майды байқап көруге алғанда, оның ластануы брактау нормасынан жоғары болған жағдайда, майды ағызып алады. Цилиндрден поршеньдерді алғанда да майды ағызып айырбастай-ды.
Тепловозды күнделікті жөндеуге қойғанда су және майды ағызып алады.Су жүйесін циркуляциялы қондырғымен шайып, ауа үрлегішпен үрлеп тазалайды. Құм жәшігін босатып, тартым қозғалтқышты суытатын желдеткіштің статис-тикалық ауа орнын тексереді. КӨ-3 жұмысына қойғанда қосымша отынды ағызып алып, отын багін тазалауға дайындайды. Кузовтые төбесін, арбашалардың сыртқы беттерін механикаландырылған қондырғымен жуады.
Тепловозды басқа жерге өңдеуге жібергенде оны құрал-саймандармен және инвенттармен қамтамасыз етеді. Тепловозбен бірге техникалық паспортты және мәліметтер жазылған өлшеу картасы бірге жіберіледі.
Өңдеуге түскен тепловозды комплексті бригада мастері қабылдайды.Ол өңдеу-техникалық құжаттарының дұрыс толтырылғанын қадағалайды. Тепло-воздың техникалық жағдайын дизель жұмыс істеп тұрғанда және сөніп тұрғанда тексереді.Өлшеуіш құралдардың көмегімен судың, майдың, отынның, ауаның параметрлерін қадағалайды. Мүмкін болған жерде техникалық - диагностика әдістері қолданылады.
Борт журналындағы нұсқауларды ескере отырып, мастер жөндеу кітабына қажетті толықтырулар енгізеді. Фактіге негізделген жұмыстың көлемі тепловозды бөлшектенгеннен кейін анықталып белгіленеді.
Өңдеу жұмысында кездейсоқ қосылмау үшін аккумулятор батареясының рубильнигі ағытылады.
Тепловоздың бөлшектелуі, өңдеудің түріне байланысты жұмыс көлеміен өзгешеленеді, осыған сәйкес, цехтар әр түрлі жабдықталады.ТҚК-3 және КӨ-1цехтарында 5 немесе 10т крандар, бандаждарды қайрауға арналған КЖ-20 токарь станогы, көтергіш орнатылады. ТҚК-3 жұмыстарын өткізетін цехта, арбашаларды жылжытып сыртқа шығару немесе орнына қою үшін, тепловоздың кузовын көтеретін 30т көтергіш домкраты қолданылады.
2.Арбашаларды бөлек шығару үшін кузовты домкраттармен көтереді, оның алдында, электр кабельдерін,ауа өткізгіштерді, тартылым электроқозғалт-қыштардың суытқыш ауа каналдарын, арбашалардың кузовпен байланыстыратын
басқа элементтерді ажыратады.
Тепловозды бөлшектеу жұмыстарын, әрбір депода немесе зауытта жасалған технологиялық процессіне сәйкес жүргізеді. КӨ-3 жұмысын өткізгенде тепловоз-ды толықтай бөлшектейді. Бөлшектеу позициясына қойылған тепловоздың төбесіндегі люктерді, төбесінің бір бөлігін немесе генератордың, компрессордың және басқа агрегаттардың шашылуы жеңілденеді. Кузовта қалған жабдықтардың қуыстарын, шашылған агрегаттардың, құбырлардың қуыстарын, кірлеуден, ластанудан сақтау үшін қақпақтармен және тығындармен жабу керек. Арбаша-лардың рамасын торспен бекітеді, содан кейін қозғалтқыштардың көтергішін қосып олардың жоғарғы мұрындығы аспалы серіппеден шығу керек. Осыдан кейін арбашалардың рамасын алдыңғы босатылып алынған элементтермен бірге жуып тазартатын машинаға жібереді.
Дизельдерді бөлшектегенде оларды биіктігі 600мм тұғырыққа орнатады. Позиция жүк көтергіші 0,25 тн консульді кран – балкамен, аспалы гайка бұрайтын арқалықпен жабдықталған.
Дизельден алынған аппаратура құралдар айналым жиілігінің реттегіші және басқа жабдықтар тиісті тазарту бөлімдерге жеткізіледі.
№ 9 тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |