1 тақырып Кіріспе


Жолаушылар вагонының кузовының ақаулары және жөндеуі



бет43/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Лекция Тех.рем

Жолаушылар вагонының кузовының ақаулары және жөндеуі.
1. Барлық типті вагондарға тән негізгі ақау түрлеріне - жарық, тесік, майысу, майысқан жерлер, металл бөлшектердің коррозияға ұшырауы, ағаш бөлшектердің шіруі, сонымен бірге борт есіктерін бекіту бөлшектерінің және люк қақпағының зақымдануы жатады. Кузов ақауларының басты себептері жүктеді тиеу және түсіру ережесінің бұзылуы, маневр жұмыстары кезіндегі ереженің және жөндеу жұмыстарының технологиялық процесінің бұзылуы салдарынан пайда болады.
Жолаушылар вагонының ішкі құрал-жабдықтарын және кузовын қарау және жөндеу жұмыстары ТҚК-2 және ТҚК-3 өндірісінде немесе айналым және қалыптастыру пунктінде вагондарды сапарға дайындау кезінде жүргізіледі.
Тексеру кезінде вагон қараушылар:
- төбе люктары мен есіктерінің тұтқалары, ілме басқыштары мен ілмектерінің дұрыстығын тексеру;
- вагон ішінің төбесінің, қабырғасының және еденінің жағдайын;
- ішкі жиһаздарын, дивандарының көмкерілген жерлерінің, сөре, кресло, терезе жапқыштары, есік құлыптары мен айналарынг тексеру;
- фурнитураларының берік бекітілуі мен кешенділігін тексеру қажает.
Анықталған ақауларды қалпына келтіріп, жетіспеушіліктің орнын толтырады. Жазғы тасымалдауға дайындау кезінде терезе рамаларының көтеру механизмінің жұмыс жасауын, ал қыс мезгілінде – терезе рамасының дұрыстығын тексеріп, қыс мезігіліне дайындайды.
Қабырғасы жәнеқалқа беттері ластанса оны жуу құралдарымен (3% - кальций сода ертіндісіне сабын қосып жылы сумен, 2% жуу ұнтағымен, кейін таза сумен шаю арқылы) тазалайды. Жұққан бояуларды 646 еріткішімен немесе уайт-спиртпен кетіреді. Дәретхана панелінің жамылғысы бүлінсе бояп қалыпқа келтіреді.
Барлық сынған әйнектер мен айналарды міндетті түрде ауыстырылуы керек.
2.

18 Тақырып


Тепловоз кузовының ақаулары және жөндеуі.
1. Тепловоз кузовы жүріс кезінде түрлі соққы және шайқаластар нәтижесінде, оның рамамен байланысқан аудандарында және көмкерілген беттерінде ақаулар пайда болады. Кузовты тексеру кезінде оның қауіпсіздік қоршауларының, тұтқаларының, қапсырмаларының, тіректерінің және т.б. деталдарының дұрыс күйінде болуына назар салынады, себебі бұл элементтердің қалыпты жағдайы тепловозға қызмет көрсетуші тұлғалардың қауіпсіздігімен байланысты.
Анықталған ақаулы элементтерді жөндеу үшін оларды ағытып алады немесе жаңасына ауыстырады. Ағымдық жөндеу ТР-3 кезінде тепловоздың ағытылатын бөлшектерінің бекітпелерін тексереді. Кузовтың бекітпелерін қатайтып, жарамсыз болттармен тойтармаларды жаңасына ауыстырады. Зақымдалған дәнекер тігістері кесіледі. Кузовтағы түрлі майысулар түзетіледі. Төбенің жалюздері және люктар тексеріледі, қауіпсіздік құрылғылары, тізбектер және майысқан жалюздер қалпына келтірледі. Барлық люктар нық орналасып тығыз жабылуы керек. Майысқан немесе жарылған бұрыштар, көмкерілген беттер қалпына келтіріліп қайта пісіріледі. Кузовтың ішкі көмкермесі ақауланса ауыстырылады, есіктің запорлары немесе құлпының ақаулары жөнделеді. Әйнектің және есік қанқаларының тығыздығы да тексеріледі. Терезе әйнектеріне резиналы прокладка салынады, себебі тепловоздың соққысынан және шайқалысынан әйнекте қатты дыбыс пайда болмас үшін. Бояуы кеткен жерлерді қалдықтарынан тазалайды, жылы сумен жуып, шпаклевка жасалып қайта боялады. Еден тақтайшаларымен беттерін тексереді және олардың бір – бірімен тығыз орналасуын қарайды. Отырғыштарды және подлокотниктерді тексеріп, қабын жаңалайды. Тепловоз төбесіндегі есік, терезе, люктарын қалпыңа келтіреді, себебі мұнда шаң және ылғал түспеу қажет. Күрделі жөндеуде тепловоз кузовын ағытып алады, ақау пайда болған бөлшектерін жөндейді немесе жаңасына ауыстырады және ішкі , сыртқы көмкермесін бояйды.
Локомотив бригада жұмысшыларының жараққаттануын болдырмау мақсатында, жөндеуден шығар алдында қатаң түрде дизель бөлмесінің еден жағдайы, соның ішінде еденнің каркас бекітпелерінің сенімділігін, күш түсетін механизмдердің жетектерінің қоршауларын, төбесіне шығатын жолды бөгейтін баспалдақ және люк торларының қоршау щиттарының жағдайына ерекше мән беріледі.

19 Тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет