Тепловоз рамасының негізгі ақаулары және оны жөндеу әдістері.
№ 16 Тақырып
Жүк вагонының кузовының ақаулары және жөндеуі.
Сұрақтар:
Кузовтың негізгі ақаулары.
Әмбебап платформалардың кузовын жөндеу.
1. Барлық типті вагондарға тән негізгі ақау түрлеріне - жарық, тесік, майысу, майысқан жерлер, металл бөлшектердің коррозияға ұшырауы, ағаш бөлшектердің шіруі, сонымен бірге борт есіктерін бекіту бөлшектерінің және люк қақпағының зақымдануы жатады. Кузов ақауларының басты себептері жүктеді тиеу және түсіру ережесінің бұзылуы, маневр жұмыстары кезіндегі ереженің және жөндеу жұмыстарының технологиялық процесінің бұзылуы салдарынан пайда болады.
Вагон кузовының ақауын паркке келген поезды күту кезінде кестеде көрсетілген белігі сипаттары бойынша көруге болады.
Поезд тоқтағаннан кейін вагон қараушылар вагон кузовының техникалық жағдайын тексеріп, ақауды қалпына келтіру үшін шешім шығарады.
Кузовында келесідей ақаулар болса, вагон пайдаланылуға жіберілмейді:
- еден, төбесі және көмкерілген жерлерінде ақау болса, бұл жүктің сақталуына немесе жүктің жолда түсіп қалуына қауіп келтіреді;
- стойканы жоғарғы және төменгі байланыстырып бекіткен дәнекерлеу тігісі жарылып кетсе;
- люк қақпағы, борт, есіктері болмаса немесе зақымдалса, бұл жүктің құлауына немесе габариттен шығып кету, жолға құлап түсу, өздігінен ашылып кету қаупін туғызады;
- кузовтың 75 мм кеңеюі немесе қисайуы;
- жартылай вагонның жоғағы байлауының сынуы және т.б.
2. Вагонды жөндеуге берер алдында оның кузовын қалдықтардан тазартады. Әрбір вагонды жөндеу позициясына қоярдың алдында оларды тексеріп, жұмыс көлемін анықтайды. Сосын ВУ-22 формасы бойынша жөндеу жұмысының дефект ведомосін құрады. Ол қоймадан бұзылмаған бөлшектерді алуға және тозған бөлшектерді қалпына келтіру жұмыстарына негіз болады.
Вагондарды деполық және күрделі жөндеу ағымдық немесе ағымдық-конвейнерлік әдіспен жүргізіледі.
Әмбебап платформаларда көбінесе еден беті және борт зақымданады.
Вагондарды күрделі жөндеу кезінде бортын ағытып, едені ажыратылады. Ал деполық жөндеуде вагоннан тек қана ақауы бар бөлшектері ғана ажыратылады. Көбінесе кездесетін ақау түрлері, борттың тік және көлденең бетінің майысуы, көмкеріс беттерінде тесік және жарықтар, дәнекерленген жерлердегі жарықтар және бортты рамаға бекіту бөлшектерінің тозуы жатады.
Жабық жағдайдағы борттарды тексеру кезінде вагон бортының тік бетінің ұзындығы бойында 4 мм дейін, ал көлденең беті - 8 мм дейін қисықтық болса - күрделі жөндеу жүргізеді.
Вагон бортының барлық бағытта қисаюы 25 мм аспаса деполық жөндеу жүргізеді. Өзгеріске ұшыраған бортты гидравликалық және пневматикалық преспен түзейді.
Деполық жөндеу кезінде борттарды платформадан ағытпай домкратқа дайындалған құрал-саймандарды пайдалана отырып, балқытуға болады. Бортты жөндеге рұқсат етіледі:
бортты бекіту бөлшектеріндегі дәнекерленген жерді қалпына келтіруге;
күшейткіш бастырмалар қоймай ақ ұзындығы 100 мм дейінгі бойлық жарықтарды дәнекерлеуге;
қалыңдығы 3-4 мм болатын күшейткіш бастырмаларды қою арқылы және дәнекерленген орынды 50 мм кем емес күшейткіш бастырмалармен жабу арқылы алтыға дейінгі бойлық жарықтарды дәнекерлеп қалпына келтіруге болады. Бойлық жарықтарды мүшелегеннен кейін борттың көлденең қимасын ауданын 30% дейін қысқартпауы қажет.
Борттың көмкерілген жерін 50% қалың бетпен жөндеуге, тесіктерді қалыңдығы 3-4 мм бастырма қою арқылы жөндейді, ол зақымданған жерді барлық жағынан 50 мм жауып тұру керек.
борттың тозған кішкене біліктер, ұштарын, ілмектерді балқыту арқылы қалпына келтіріп, механикалық өңдеуден өткізеді.
Бортты бекіту бөлшектерінің иілуін – түзетеді, ал жарық болса – алмастырады. Сынаның (клина) жұмыс беті ілмекке тығыз тиіп тұру керек. 1 мм саңылау болмау керек. Шарнирлік байланысқан жерлерді остік маймен немесе УС-1 майлайды.
12 мм дейінгі саңылауды борт жиегінің ішкі жағына қалыңдығы 4 мм, ұзындығы 800 мм астам планканы пісіру арқылы қалпына келтіруге болады. 12 мм астам саңылаулар борттың төменгі жиегін түзету арқылы қалпына келтіреді.
Көлденең жарығы бар немесе сынған еден тақтайшаларын алмастырады. Еден төсемінің аралығындағы саңылау 5 мм асса, оны сұрыптайды. Еденді кептірілген және төрт жағынан да сүргілеп өңделген, қалыңдығы 55 мм және ені 120 мм кем емес тақтайлардан құрастырады. Еден құрастыруға бұрын пайдаланылған қалыңдығы 48 мм кем емес тақтайшаларды, сонымен бірге тақтай ұзындығына желімделген аралыққа бойлай пайдалануға болады.
№ 17 Тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |