t3 –нормадан тыс пайдалану уақыты, б3 –нормадан тыс істен шығу. Сол себепті t3 уақыты ішінде деталдар мен узелдарды пайдалануға тиым салынады және оның нәтежесінде авария немесе қирап істен шығу болуы мүмкін. Көптеген деталдар t3 - уақыты ішінде пайдаланылса кейін қайта қалпына келтіруге жарамайды да оларды жаңаға алмастыруға тура келеді. Сол себепті деталдардың пайдалану уақытын сызу үшін техникалық құрамдық (ТҚК) графигін аяқтап отыру керек. Оларға уақытында ТҚК1, ТҚК2, ТҚК3 - өткізіп отыру қажет.
3.Вагондарды жобалау, жасау және пайдалану процестерінде жиі кездесетін істен шығу түрлерін қарастырып көрейік.
Водородты істен шығу үйкеліс зонасын төмендегідей процестерде орын алады: үйкеліс әсерінен водород құрамында бір металдардан водородтардың шамадан тыс көп бөлінуі, оның әсерінен беттің зақымдануы және соның нәтижесінде бетте жарықтың пайда болуы, бүкіл ұзына бойы дефектацияға ұшырауы т.б.
Теміржол көлігінде водородты істен шығу доңғалақтар мен композиционды колодканың үйкелісінде көп байқалады.
Абразивті істен шығу дегеніміз деталь бетінің белгілі бір жылдамдыққа байланысты қатты затқа тиіп зақымдануы болып табылады.
4.Механикалық істен шығуы.
Мыналар жатады: жарық сыну, шеттің ұшуы, күштің әсерінен беттің, түстің өзгеруі және майысу.
Деталдар мен узелдарды жасаған кезде технологияның ережелерді сақтау нәтижесінде оларды механикалық істен шығуына жол беріледі. (Мысалы; термообработка режимдерін сақтамауы). Кей жағдайда механикалық істен шығу деталдардың көнеруінен, яғни алмастырмай ұзақ уақыт пайдалану немесе үйкелетін істен шығу мерзімін сақтамағанан болады.
Коррозия - вагондардың метал деталдарының қызмет ету мерзімін қысқартады, оларды механикалық істен шығудың жағдайын тездетеді. Ауадағы оттегінің әсерінен атмосфералық коррозия пайда болады, олар күкірт және көміртегі газының, аммиактар әсерінен өте күшите түседі. Судың, қышқылдың, тұздың электрод металл бөлшектеріне әсер етуінен де коррозия пайда болады.
№13 тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |