Ақпаратты өндеуге қолданылатын кейбір адам қызметінінің аумақтары тізбесін береміз:
білім беру;
банктік қызметтің барлық жақтары;
сақтандыру және кауіппен басқарудың барлық түрлері;
байланыс, әсіресе спутниктер арқылы;
бағалы қағаздарды және тауарларды сату;
медициналық диагностика;
жарнама және сауда;
тауарлырдың сыртын көркемдеу және ораушы;
баспа қызметі, жаңалықтарды және ойын-сауықты жинау;
видеографикадан және лотереядан ойын ұйымдастыру және жүргізу;
жазуды байқау, бақылау және жүргізу;
болжау және модельдеу;
тегік инженерия және биологикалық жинақтау.
Дербес компьютерлер ЖАТ негізі іспетті. 1981ж ІВМ фирмасы дербес компьютер (ДК) жасауы және оның нарыққа жол тартуы барлық америка қоғамы үшін терең экономикалық жөне әлеуметтік зардап келтірді. Біріншіден, ол америка кәсібіне (бизнесіне) қатысты, өйткені сапалы өзгеріске төтеп берді. Былайша айтқанда, компьютерлендіру шағын кәсіпкерліктің гүлденуіне жол берді.
Олар ірі кәсіпкерлікпен бәсекелестікте тең түсуіне мүмкіндік алды. Дербес компьютердің кең қолданылуы корпорацияларды үйымдастырудың жаңа модельдерін туғызды. Әсіресе бүтіндей өндіріс орындары мен оның салаларының жұмысын басқаруда дербес компьютер негізінде жілілік технологиялардың дамуы өте маңызды орын алады. Дербес компьютердің пайда болуы жүз мыңдаған жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді, көптеген талантты адамдарға сәтті жол ашылды. Дербес компьютердің енгізілуімен өте ауыр және бірсарынды еңбектің үлесі азайды да олардың еңбек өнімділігі едәуір өсе түсті, сонымен бірге жүмыс. орындары сапалы өзгерістерге ұшырады. Дербес компьютер іскер адамның дербес құралына айналды.
Біз ақпараттандырылған қоғамның дамуының толық қайшылықгы және әруақытта қүбылыстарды бағалауда бір мағыналы шешуге бола бермейтін жаңакезеңіне кірдік. Біздің түрмысқа техникалық жағынан өте күрделі қүрылғы-дербес компьютер енді. Дербес есептеулер технологиясы ақпараттарды өндеудің жаңа функционалдық мүмкіндіктерінәкелді, ал бүдан сәл бүрынырақ ол ғылыми қиял ғана болатын. Дербес компьютердің қолданылу әдісі өте кең. Адам баласының ақпараттарды өңдеу істерін-ол сандық,, текстік графиктік, аудио-және бейне ақпараттар болсын, орындай береді. Ал бүл өріс кеңінен де дамуда, яғни күн өткен сайын жаңа есептер пайда болуда, сол сияқты ішіне қарай тереңдей түсуде, яғни бұрынғы есептер қайта қаралып, тиянақталып , күрделене түсуде. Қазіргі кезде дербес компьютерді пайдаланбаған бірде-бір ғалым, инженер, әкімшілік, ұйымдастырушы немесе делдалдар жоқ десе де болады.
Ешбір өнеркәсіп технологиясы есептеу техникасын өндіру технологиясы сияқты өте тез қарқынмен дамып отырған жоқ. Ал бұл адамзат қоғамының белгілі бір ғылыми-техникалық деңгейге жеткен обьективті талабынан туындайды. Әртүрлі мемлекеттердің инфрақұрылымына компьютердің ену ауқымы мынадай: Барлық өтіп жатқан процестердің бәріне өте үлкен ықпал етеді,иолар ақпараттық, технологиялық, әлеуметтік, экономикалық. Практикалық және ғылыми есептерді шешуде компьютердің қолданышуының барлық құбылымының жиынтығы қоғамды ақпараттандыру деп аталады. Үдемелі ақпараттандыру — ілгерішіл (өрлеу) процесс, өйткені оның даму дәрежесіне әрбір мемлекеттің экономикалық мүмкіндігі тәуелді.
Дербес компьютердің пайда болуы басқа да мынадай алдыңғы қатарлы технологиялық-дербес компьютер үшін әртүрлі құрылғыларды шығаратын жоғарғы өнімді автоматтандырылған кешендер және есептеу жүйелерінің көптеген басқа да компоненттерімен бірге белгілі бір дәрежеде микроэлектроникада революциялық жетістік болып табылады.
Дербес компьютерді тетіктермен қамтамасыз етуде өрлеу(ілгерілеу) бағдарламаны қамтамасыз етугеәсереткенібелгілі, ал ол өз кезегінде дербес компьютердің сааплы түгынуына елеулі ықпал етті. Сонымен, дербес компьютердің жетістігі (табысы) өзара байланысты ғылым мен техниканың көптеген технологиялық жетістіктермен дайындалғаны заңдылық.
Қоғамды ақпараттандыру. Дүние жүзінің өркендеген елдері куатты ақпараттық құрылымды күрды және бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жоғарғы қарқынмен іске асыруда. Мемлекет жоғарғы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуі мүмкін және дүниежүзілік экономикалық жүйеге тең құқылы бәсекелес болуға үміткер бола алады, егер ол мемлекетте ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер қоғамның барлық өрісінде қолданьшу табатын, әсіресе кәсіпкерлік пен басқару істерінде қолданыс табатын болса.
Ақпараттындыру адам қызметінің, нарықгағы кез-келген адамның және мемлекеттің барлық істеріне бағытталған болу керек.и Ақпараттандыру адам қызметінің барлық өрісінде ақпараттық технологияны (АТ) жаппай қолдануды, ақпараттық жүйені қүруды, кез-келген экономикалық, ұйымдық немесе әлеуметтік қүрылымның қызмет етуіне әсерлі қолдануды көздейді.
Ақпараттандыру және ақпараттық ортаны құру үрдісі материалдық өндірісті, әлеуметтік өрісті және қызмет көрсетуді көрсетуді қамтиды және мыналарды атқарады:
• өндірісті, өңдеуді және ақпаратты таратуды қамтитын ақпараттық техника мен технологияны қүру:
• ақпараттандыру қүралы мен үдерісін дамытуды -және қолданьшуын . қамтамасыз ететін инфрақұрылымды талдауды:
• ақпараттың өзін, ақпараттандыру өнімдерін жөне қызмет көрсету өндірістерін: Ақпараттандырудың инфрақұрылымы мынаны иемденеді:
1) ақпараттандыру обьектілері мен технологиялардың өзара бірлесе жұмыс істеуі үшін байланыс жолдары, есептеу құралдары мен желі торлары жүйесін;
2) аппараттар кешенінің қызмет етуін қолдап отыратын бағдарламалық қүралдарын;
3) ақпараттандыру құралдары мен мәліметтер жиынтығын;
4) осы технологияны тиімді пайдалануға қабілетті мамандарды дайындау жүйесін;
5) ақпараттандыру үдерісін тиімді дамытуға мүмкіндік жасайтын экономикалық және қүқықгық механизмдерді. Ақпараттандырудың экономикалық мақсаттары.
Халық шаруашылығы қорларының барлық түрлерін-еңбектік, материалдық, энергетикалық, қаржылық, өндірістік-тиімді тиімді пайдалануды арттыру үшін ақпараттық қорларды алу, пайдалану және өңдеу. Ақпараттандырудың әлеуметтік мақсаттары:
- Ақпараттық технологияларды әлеуметтік өрісте қолдану есебінен халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтің түрлері мен сапаларын жақсарту:
- Адам өміріндегі тіршілік әрекетінде және ойлауын дамытуға бос уақытын молайту:
- қалың жұртшылық үшін демократиялық еркіндікті жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде білім сапасын арттыру, дәрігерлік қызмет деңгейін көтеру, әлеуметтік қорғау деңгейін бекіту, демократия мен жариялылықты дамыту және т.б.
2. Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Ақпаратты өңдеу үрдісі мен есеп түрінің бөлу белгісі. Қоғамның ақпараттану жолындағы мәселелер, мәселелер бөлу белгісі. Компьютерлік технологияның әкелетін артықшылығының бөлу белгісі. Технология құрал түрлерінің бөлу белгісі.
Жаңа ақпараттық технологияның қадамдары. ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкеледі. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі “information” деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі “Computer science” деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады.
Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына есепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан ( құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктафонға жазу) айырмашылығы–тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, “жылы жүзді” прогромалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:
- әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (программалау емес) керек;
- мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірығай үлгісіне келтіріп жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсеру;
- кез келген құжатты қағассыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында (дискілер) сақталады да экранда көрсетіледі;
- адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттасу режимін (интерактивті режим) жүргізу;
- бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даяарлау;
- есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.
Бұл күндері жаңа ақпараттық технология информатиканың негізгі бір саласы болып табылады, оның болашақта басқа салаларда істейтін мамандар жұмысқа тигізетін әсері зор болады деп күтілуде. Ақпараттық техника –ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшін оны сақтайтын, жеткізетін және өңдейтін құралдарды көптен жасау керек болды. Соның нәтижесінде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық машиналарға өте көп көңіл бөлінуінде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылатын негізгі электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. Сонымен қазіргі кезде информатиканы кеңінен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:
еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;
ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру;
ЭЕМ-дерді халық шаруашылығындағы экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарында пайдалану;
ЭЕМ-дерді оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар даярлауда қолдану;
ЭЕМ-дерді халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медецина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.)
Өткен ғасырдың 80-жылдары Дж. Мартин (АҚШ) "жаңа ақпараттық технология" - (ЖАТ) деп атап жобасын ұсынды. Жаңа технологияның қажеттілігі ірі көлемдегі автоматтандырылған жүйелерді талдауда әдеттегі әдістердің ұзақтылығы оның өзіндік ескіргендігінен уақыт өте келе туындады. Болашақ жүйеге талаптар құрылғаннан және бекітілгеннен кейін, және оның эксплуатациялық тәжірибенің басталуына дейін көп уақыт өтті де алғашқы талаптар ескіре бастады. Мұнда жалғыз ғана жол-жүйені құру барысында оған болашақ пайдаланушының тікелей араласуы. Машықтанған мамандар мұнда болашақ жүйенің бағдарламамен қамтамасыз етуді қалыптастырумен айналысуы тиіс болды. Бұл жаңа ақпараттық технологияның мәнін құрды.
Достарыңызбен бөлісу: |