7. Сараптаушы жүйелердегі ақпараттық технологиялар.
Соңғы он жылдықта интеллектуалдық процестерді, шешімді іздеу процесін тарату үшін, соңғы нәтиже адам айтқысыз және логикалық қорытындылар мен шешімдердің жемісі болып табылатын, оларға компьютер өздігінен келетін компьютерлік технологиялар кеңінен қолдануда.
Компьютердің ойлау қызметінің негізіне интеллектуалды процестерді модельдеудің программалық принципі жатады. Жасанды интелект жүйесіне қатысты, компьютерлік жүйелер мен технологияларды бөлек классқа бөлетін, ойлап шығару процесі, жинақтау және білімді қолдану процестерінің өзіндік ерекшеліктері бар."Жасанды интелект"(ЖИ) термині 1956 жылы,Дартсмутс колледжінде семинарда ұсынылған болатын. Семинар есептеуші емес, ал логикалық есептерді шешу әдістерін өңдеуге арналған болатын. Жасанды интелект - информатиканың бір бағыты,оның мақсаты аппаратты - бағдарламалық жабдықтарды өңдеу болып табылады.О бастан-ақ ЖИ облысында зерттеулер екі бағытқа жүргізіледі:
біріншісі (биологиялық) – жасанды ойлау қабілетінің құру мақсатында адам миының психофизилогиялық қызметінің жасанды жүйесінің көмегімен модельдеу әрекеті.
екіншісі (прагматикалық) – ЭЕМ – ді қолданғанда ойлау қызметін емес, оның процес нәтижесі болып табылатын программа құру. Мұнда практикалық құны бар маңызды нәтижелер алынған. ЖИ есебі – бұл шешім процесі емес, ал шешімді іздеу процесін түрге келтіретін есеп. ЖИ әдісін кеңінен қолданылатын Сараптау жүйелері (СЖ) деп аталатын программаларда табылды.
Сараптау жүйелері жоғары біліктілікті мамандар білімін талдау және қатынас жасау, арнайы компьютерлік программалардың жиынтығын құрайды. Қолданушы тарапынан СЖ деген қызығушылық келесі себептермен туындайды:
-біріншіден, олар есептеу техникасы үшін аз қолданылады деп саналатын кең ауқымды есептерді шешу үшін пайдаланылады.
-екіншіден, СЖ көмегімен программалауды білмейтін мамандар өз бетінше ЕТ- ке қолдану аймағын кеңітетін қосымшыларды өңдей алады.
-үшіншіден, СЖ практикалық есептерді шешуде нәтижелерге жетеді.
СЖ ерекшеліктері: шешім қабылдауға үйрену, қарапайым қолданушы ретінде қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, қабылдаған шешімді түсіндіру және маманның білімі мен тәжірибесін қоса алғанда АЖ барлық ақпараттары.
СЖ-ң кәдімгі компьютерлік жүйелерден айрмашылығы:
СЖ кезкелген басқа жүйелер – берілгендермен білімді басқара алады
СЖ кейде қателеседі, эффективті тиімді шешім береді, бірақ дәстүрлі компьютерлік жүйелерден айырмашылығы олар өз қателігі мен жұмыс істеуді үйретеді;
СЖ практикалық істерде ординалды емес қиын есептерді шешуде өз мүмкіндіктері бар.
СЖ түрлі мәселелерді шешу үшін құрылады.
Қазіргі уақытта СЖ адам қызметіндегі түрлі салаларды қолданылып жатыр: премишленности ауылшаруашылығында, басқармаларды процесерде, медицинада, электроникада және т.б. Мысалы: қаржылық қызмет көрсетуде бұл жүйелер сақтандыру компанияларына талдауға және комерциялық тәекелділікті бағалауға, жобалардың сметасын құруға көмектеседі.
FOLIO (Стенфорд университеті, АҚШ). СЖ инвестиция бойынша кеңесшілерге клиенттердің мақсатын және құнды қағаздарды портфелін таңдауға, көмектеседі.
Типтік СЖ келесі компоненттерден тұрады:
Логикалық шығару (шығару механизм) немесе шешуші машиналар;
Деректер қоры немесе жұмысты есте сақтау қоры;
Білім қоры;
Білімді ойлап табу компоненттері:
Түсіндірмелі және диалогты компоненттер.
Логикалық шығару машинасы бастапқы берілгендерін қолданып есепті шешуге алып келеді, деректер қоры есепті шешу мезетінде бастапқы және аралық берілгендерді сақтау үшін қолданылады.
Білім қоры СЖ –де көпмерзімді берілгендерді сақтайды.
Білімді ойлап табу компоненттері СЖ білімімен толтыру процесін таратады.
Түсіндірме компонент жүйенің есептің шешімін қалай алғандығын түсіндіреді, (немесе неге шешім алмағандығын) және ол үшін қандай білімдерді қолданғанын, алынған нәтижеге пайдаланушының сенімділігін жоғарылатады.
Диалогты компонент барлық деңгейіндегі пайдаланушының достық интерфейсін ұйымдастыруға арналған және есепті шешу жолында да, білімді алу жолындағыдай пайдалануда жұмыстың нәтижелерін түсіндіреді. СЖ өңдеуге қатысатындар:
- СЖ шешетін есептердің қолдану облысындағы сараптама;
- Білім бойынша инженер – құрал жабдықтардағы өңдеу бойынша маман
СЖ 2 – режимде жұмыс істейді: білімді алу және есепті шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |