Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары: Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. Тиімді шешім қабылдау қабілеті. «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Кәсіби құзіреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, комуникативті, педагогикалық-педагогикалық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады. Кәсіби құзіреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, комуникативті, педагогикалық-педагогикалық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады. Мұндағы әлеуметтік-перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік яғни тұлғааралық қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлекциялау нәтижесінде басқаның образын қалыптаструдан түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |