№1 Тақырып Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар



бет11/18
Дата02.03.2024
өлшемі3.02 Mb.
#494032
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар.

Аутопсихологиялық құзіреттілік-тұлғаның өзінің сапаларын өзгертуге дайындығы мен қабілеттеріне бағытталған психологиялық жұмыс. Оның нәтижесінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, өзіндік ресурстарына әсер етуі қамтамасыз етіледі. Аутопсихологиялық құзіреттіліктің жүйе ретіндегі құрылымдық компонентеріне;

- рефлексивтік - өзін-өзі бағалау, бақылау

- жобалаушылық - өзін-өзі өзгерту әрекетін жоспарлау

- өзара камуникатифтілік – ішкі диолог

- ұйымдастырушылық – ішкі ресурстарын өзін дамыту үшін аша алуы

- прогностикалық - өзінің даму сәттеріне сүйсінуге қабілеттілік жатады.

Сонымен аутопсихологиялық құзіреттілік-тұлғаның өз білімділігін өзі танып, бағалап, бақылап, дамытуға бағыттауы, мұның нәтижесінде шығармашылық әлеуеттің дамуы жеделдейді деп есетеуге болады.

Рефлексифті құзіреттілік-шығармашылық әрекетті жоғарылататын кәсіби-тұлғалық дамуды жеделдететін рефлексифтік үрдістерде көрінетін тұлғаның кәсіби сапасы. Ол маманның өз тәжірибесін талдау арқылы дамуды ынталандыратын жаңа кәсіби этолондар мен стандарттарды белгілеудегі ролін арттырады.

Құзырлы әдіс, оқытудың белгілі нәтижеге бағытталуы.

«Құзырлылық» ұғымы

латын тілінен «соmреtio» аударғанда «жасай алу» деген мағынаны білдіреді.

ЮНЕСКО глоссарийінде мынадай анықтама берген

Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.

«Құзырлылық» ұғымы

Белгілі ғалым М.М.Чошанов құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың сынаулығы

«Құзырлылық» ұғымы

Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет