1-тарау. Жалпы талаптары 1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы


-параграф. Механикаландырылған оттегімен кесу



бет6/6
Дата12.06.2016
өлшемі490.5 Kb.
#130641
1   2   3   4   5   6

8-параграф. Механикаландырылған оттегімен кесу
459. Электрмен қоректендіруді қосу және машинаға газды беру алдында кескіштерге жанғыш газ бен оттегін берудің дұрыстығы, құрылғыларды қосатын жермен тұйықтаудың, электр өткізгіштің дұрыстығы тексеріледі.

460. Жұмыстан үзіліс кездерінде кескіштер жалынын сөндіріледі, машина электрмен қоректендіру көздерінен ажыратылады.

461. Кері соққы пайда болған жағдайда кескіш сөндіріледі. Әрі қарай эксплуатациялауға тек кері соққының пайда болу себептерін анықтау және жойғаннан кейін рұқсат етіледі.

462. Тасымалдау машиналарын тек кескіштердің вентильдері жабық кезде тасымалдауға рұқсат етіледі.

463. Машинаның жұмысы аяқталуымен газ беруді тоқтатады, баллондардағы немесе газ өткізгіштердегі, газ тарату постыларындағы және кескіштердегі вентильдер жабық, ал редукторлардың төменгі серіппелері босатылған болады.

464. Стационар машиналар үшін жұмыс (ашылу) үстелдерінің өлшемдері өңделетін табақшалардың ең үлкен ені және ұзындығына сәйкес келеді.

465. Табақшалы прокатты оттегімен механикаландырылған кесу кезінде сол кезде кесу жүргізілетін секцияның үстінен ауаны жергілікті тартумен секциялы ашылу үстелдерін қолдануға рұқсат етіледі.

466. Ашу жақтауының ені 2 м дейін болғанда бір жақты сору, ені 2-4 мм болғанда екі жақты сору (бір жақты соруға қосу мүмкіндігімен) пайдалануға рұқсат етіледі. Жақтау ені 4 м үлкен болғанда ашу жақтауының ішінен қосымша сору ауа өткізгіштерін орнатылады.

467. Ұсақ бұйымдарды кесу үшін үстелдерді асылмалар мен күнқағарлармен қиғаш біркелкі сору панельдерімен жабдықталады. Кесу зонасындағы сору жылдамдығы 0,6 м/сек кем емес.

468. Құбырларды кесу кезінде жоғарғы жартылай сақиналық соруды құбырдың ішкі қуысынан ауаны қосымша тартумен орындауға болады. Кесу зонасындағы сору жылдамдығы 0,6 м/сек кем емес.

469. Мынадай стационар машиналарды эксплуатациялауға рұқсат етілмейді:

1) станинадан жүріс кареткаларының шығып кетуінен сақтандырылмаған құрылғысыз;

2) жылжымалы бөлшектерінің шектеуінсіз және электр коммуникациялары оқшауландырылмаған;

3) жанғыш газдың кіре берісінде оңтайлы сақтандыру құрылғысы болмаған кезде;

4) комуникацияларда саңылаусыздық бұзылған кезде;

5) кескіштер мундштуктарындағы шығу арналары ластанғанда.



9-параграф. Плазмалы – доғалы кесу
470. Плазмалы – доғалы кесу үшін құрал – жабдықтар мен аппаратура МСТ 5614, МСТ 12221 талаптарына сәйкес келеді.

471. Шаң газ аулаудың тиімділігі арттыру және жойылған ауа көлемін төмендету үшін су толтырылған поддондары бар ашылу жақтауларын (үстелдерін) пайдалануға болады.

472. Оператордың тұрақты жұмыс орнында шу деңгейі МСТ 12.1.00 сәйкес келеді.

473. Шу деңгейін төмендету үшін қауіпсіздіктің келесі шаралары қабылданады:

1) қоректендіру көздерін акустикалық оқшаулау;

2) шу деңгейінің жергілікті (плазматрон) оқшауландырылуын МСТ 23499 бойынша дыбыс сіңіргіш материалдардан жасалған экрандар мен қаптамалар көмегімен ұйымдастыру;

3) есту органдарына жеке қорғаныс құралдарын ЖҚҚ пайдалану.

474. Плазма мен доғаның сәулесінен көз бен бетті қорғау үшін қорғаныс жарық сүзгілері бар маска немесе қалқан қолданылады.

475. Плазмалы – доғалы кесуге арналған құрал – жабдыққа қызмет көрсетумен байланысты емес жұмыскерлерді плазмалы доғаның ультракүлгін және көрінетін сәулеленуінен қорғану үшін плазматрон зонасын жанбайтан материалдардан жасалған ширмалар немесе қаптамалармен қоршалады. Доғаның көріну зонасында жұмыс істейтін крандар операторларын қорғау үшін кабиналардың төменгі үштен бір бөлігі С-5 және С-6 жарық сүзігелерімен шыныланады.

476. Қол үрдісі үшін қоректіндіру көзінің бос жүрісінің кернеуі 180 В артық емес, жартылай автоматты үшін 300 В, автоматты үшін 500 В артық емес қабылданады.

477. Плазмалы – доғалы кесуге арналған құрал-жабдықтарды эксплуатациялау оны эксплуатациялау бойынша жетекшілкке сәйкес ұйымның техникалық басшысымен бекітілген графиктегі мерзімде жоспарлы – алдын алу жөндеуіне ұшыратылады.

478. Плазматрондардағы келеңсіздіктерді жою, оны орнату және басқа да жұмыстар кернеуден ажыратқаннан кезде жүргізіледі. Бөлшектер, тораптар және аспаптардың, газ, су шығару майысқақ түтіктерін және тоқ тасымалдағыш жетектердің оңтайлылығын тексеру және алмастыруды цех жағдайларында жүргізуге рұқсат етіледі.



10-параграф. Газ лазерлік кесу
479. Лазерлер құрылғысы және эксплуатациялау МСТ 12.2.003 сәйкес келеді.

480. Өртену және қопарылу қауіпсіздігі талаптары МСТ 12.1.004 және МЕСТ 12.1.010 сәйкес келеді.

481. Ғимараттың төбесі мен қабырғаларын ішкі әрлеу үшін шағылдыру коэффициенті 0,4 тен артық емес төсеніш беті қаралады.

482. ІV класты лазерлер бөлек ғимараттарда, ІІ және ІV класты лазерлерге арналған ғимараттар есіктері ішкі құлыптармен, «Бөгде адамдарға кіруге болмайды» деген табломен, және ҚР СТ МСТ Р 12.4.026 – 2002 сәйкес лазерлік қауіптілік белгісімен жабдықталады.

483. ІІ және ІV класты лазерлері үшін мынадай өту жолдары қаралады:

1) басқару пульттері мен панельдерінің беттік жағынан лазерлер бір қатарда орналастырылғанда 1,5 м кем емес, ал екі қатарлы болғанда-1,2 м кем емес;

2) ашылатын есіктер, алынатын панельдер және бару қажет болатын басқа да құрылғылар бар болған кезде лазерлердің артқы және бүйір жақтарынан 1 м кем емес.

484. ІІ – ІV кластағы лазерлер үшін өндірістік ғимараттарында жоспарлану шешімдерінде құрал – жабдықтар ауқымдары көрсетіледі және қорғаныс құралдарын, қондырғының алынбалы тетіктерін, тасымалданатын өлшеу аппаратурасын орнату үшін орындар қаралған және лазерлік сәуленің таралуы мүмкін зоналар анықталған.

485. ІV класс лазерлерін дистанциондық басқарумен жабдықталады.

486. ІІ–ІV кластағы лазерлерді пайдалану кезінде қызмеркерлерді сәулеленуден сақтау жою мақсатында лазерлік – қауіпті зонаны қоршалады, сәулелену шоғырын экрандалады. Экрандар мен қоршаулар лазердің генерациялану толқыны ұзындығында ең кіші шағылу коэффициенті бар материалдардан жасалады, ол отқа төзімді және лазер сәулесімен әсерлескенде улы заттар бөліп шығармайды.

487. МСТ 12.1.005 қаралған рұқсатты шекті концентрациядан асатын аэразольдер мен зиянды газдар қалыптастыру кезінде жұмыс орындары жергілікті тарту желдеткішімен жабдықталады.

488. Улы ұшқыш заттары бар материалдарды газ лазерлік кесуді жабдықталған тарту шкафтарында немесе бокстарда орындайды.

489. Жұмыс орындарын ҚНжЕ 2.04-05-2005 сәйкес жарықтандыру деңгейімен қамтамасыз етіледі.

490. Өндірістік ғимараттардағы шу деңгейі МСТ 12.1.003 бекітілгеннен жоғары емес етіп қабылданады.

491. Лазерге қарсы көзілдіріктерде 5-кестеде келтірілген шынылар, маркалар қолданылады.
5-кесте
Лазерге қарсы көзілдіріктерде пайдалануға ұсынылатын шынылар маркалары


Толқын ұзындығы, мкм

0,48

0,58

0,69

0,84

1,06

1,54

10,6

Шыны маркалары

ОС-12*

ОС-13


ОС-12

ОС-13


СЭС-21**

СЗС-22


СЭС-21

СЗС-22


ОЗ-21

ОЗО-22


ОЗО-24

СЭС-24

СЗС-25


СЗС-26

ЕС-5***

* сарғылт шыны

** көкшіл – жасыл шыны

*** түссіз шыны


492. ІV класты лазерлермен жұмыс істеген кезде қорғаныс маскалары пайдаланылады.

493. Мақталы қағазды немесе бөз материалдан жасалған арнайы киім қолданылады.

494. Қолғаптарды тек лазерлік сәуленің ықпалы адам терісіне қауіпі бар болған кезде қолданады.

495. Лазерлі эксплуатациялауға енгізу үшін қабылдау комиссияға мыналар ұсынылады:

1) лазерге төлқұжат;

2) құрал – жабдықты орналастыру жоспары.

ІІ – ІV кластар лазерлері үшін:

1) принципиалдық электр схемалары;

2) эксплуатациялау жөнінде жетекшілік, технологиялық регламент;

3) лазерді жөнге келтіру; оқшауландыруы мен жермен тұйықталуының хаттамасы;

4) жұмыс орындарында лазерлік сәуле деңгейін өлшеу хаттамасы;

5) ІІІ және ІV класты лазерлер үшін жұмыс орындарында шу деңгейі мен дірілді өлшеу хаттамасы;

6) ІV класты лазерлер үшін жұмыс орындарында электр магниттік және иондаушы сәулелену қарқындылығын өлшеу хаттамасы;

7) ІV класты лазерлер үшін жұмыс зонасының ауа ортасын талдау хаттамасы;

8) лазерлер жөндеу және эксплуатациялау бойынша оперативтік жазба журналы.

496. Ілеспе қауіпті және зиянды факторлар деңгейіне өлшеу жүргізу қажеттілігі туралы мәселе әрбір нақты жағдай үшін комиссиямен шешіледі және лазердің конструктивтік–технологиялық ерекшеліктері мен технологиялық үрдіс сипатына байланысты.

497. Лазерлік қауіпті зона ІІ – ІV класты лазерлері үшін ҚР СТ МСТ Р 12.4.026–2002 сәйкес маркаланады.

498. ІІ – ІV класты лазерлер мен құрамына осы кластар лазерлері енетін лазерлік қондырғылар үшін олардың өндірістік ортасына бақылау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

499. Лазерлер жұмысындағы барлық бұзылулар, оларға қойылатын талаптардың жеке қорғаныс құралдарына сәйкес келмеуі және басқа да нормативтік жұмыс режимінен ауытқулар туралы қызметкерлер дереу бақылаушы тұлғаға хабарлайды және лазерлік қондырғыны эксплуатациялау және жөндеу журналына тіркеледі.

500. Мыналарға рұқсат етілмейді:

1) қорғаныс құралдарынсыз (көз, тері) ІІ – ІV класты лазерлеріне көзбен карап юстирлеу жүргізуге;

2) сәйулелену генерациялау сәтінде ІІІ – ІV класты лазерлерінің нысанасына сәуленің тиюіне бақылауды жүзеге асыруға;

3) лазер сәулесін адамға бағыттауға;

4) ІІІ және ІV класты лазерлеріне бір адамның қызмет көрсетуіне;

5) лазерлерді реттеу, сынау және эксплуатациялаумен байланысы жоқ адамдардың бақылау зонасында тұруына;

6) лазер жұмысы немесе конденсатор батареяларын зарядтау кезінде бекіту және дабыл беруді сөндіруге;

7) лазерлік сәулелену зонасына сәуленің шағылысуын тудыратын заттар орналастыруға.
11-параграф. Беттерді газ жалынды тозаңдау
501. Детонациялық тозаңдау үшін ғимарат қопарылу қауіптілерге жатқызылады.

502. Детонациялық қондырғы орнатылатын және жүргізілетін бокс оператордың жұмыс орнынан дыбыс өткізбейтін қабырғамен бөлшектенеді.

503. Операторды кездейсоқ қопарылыстан қорғау үшін бокс амбраузеріндегі шыныны қалыңдығы 20 мм кем емес орг шынының құйылып алынған блогынан жасалады. Осы мақсатта жаймаланған табақшаларды қолдануға жол берілмейді.

504. Бокстағы жанғыш газдар концентрациясы шекті рұқсатты 20 % болса, бокс желдетуді автоматты қосу жүйесімен жабдықталады. Бұл кезде айыру тозаңдау қондырғысын толығымен сөндіреді.

505. Детонациялық тозаңдау қондырғысын жертөле ғимаратында орнатуға жол берілмейді.

506. Детонациялық тозаңдау кезінде жарықтандыру қопарылудан қауіпсіз жасалады.

507. Ұсақ бұйымдарды газ жалынды, электр доғалық және плазмалық тозаңдаудың қолмен және автоматты үрдістерін үрдісті орындау мен бұйымды орнату үшін ашылатын саңылаулары бар желдетілетін орындарда орындайды.

508. Жасырыну орындары тарту шкафы схемасы бойынша немесе аспалары бар шатырлар бойынша орындалады. Тозаңдау зонасындағы ауаның жылжу жылдамдығы 2 м/сек кем емес.

509. Үлкен өлшемді бұйымдарды өңдеу кезінде тозаңдау аппаратымен бірге тасымалданатын сорғы шатырларын пайдаланады.

510. Жабық сосудтарды газ термиялық тозаңдау кезінде, улы бу мен шаң бөліп шығаратын материалдарды тозаңдаған кезде дем алу үшін ауаны мәжбүрлі берумен шлем – маскалар қолданады.

511. Газды металлизатор мен детонациялық қондырғы жұмыстан ұзақ уақытқа үзіліс жасаған кезде газ жіберу коммуникациялары, баллондар, газ редукторларында бекіту вентилдерін жабу керек және майысқақ түтіктердегі газды шағарады.

512. Тозаңдайтын материалды тасымалдайтын ауа немесе газ МСТ 17433 бойынша тазалықтың 13 класына сәйкес келеді.

513. Газды термиялық тозаңдау қондырғысын эксплуатациялауға қосар алдында газ тарату пультін, газ магистралдарын және суыту жүйесі (бар болғанда) саңылаусыздыққа сыналады. Электрмагниттік және басқа да клапандарының тез әрекеттілігі, бекіту және электр автоматика жүйелерінің оңтайлылығы тексеріледі.

514. Оқпанды суыту үшін берілетін су тоқтағанда, кері соққыдан жүйенің қызуы, газ беру клапаны істемей қалғанда, от алдыру жүйесінде ұшқын болмағанда, басқару пульті орнатылған ғимаратты бокстан ажыратып тұратын есіктер ашылып кеткенде айыру жүйесі істемейтін детонациялық тозаңдау қондырғысын эксплуатациялауға жол берілмейді.

515. Газ реттеу пультінен детонациялық тозаңдау қондырғысына газ беру үшін қолданылатын майысқақ түтіктер МСТ 9356 бойынша І класты – ацетилен беру үшін және оттегі мен азот беру үшін ІІІ класты болуы қаралады. Майысқақ түтіктер иілгіш металл майысқақ түтіктеріне салынады және ауада (асылып) салынады немесе еденге кездейсоқ соққылардан қорғалып төселеді.

516. Детонациялық тозаңдау үшін барлық ғимараттарда темекі тартуға болмайды.



6-тарау. Құрал – жабдықтар мен аппаратураны жөндеу

1-параграф. Ацетилен өндірісі үшін құрал – жабдықты жөндеу
517. Ацетилен қондырғысының құрал–жабдығына жоспарлы – алдын ала жөндеулер (ЖАЖ) жоспар – кестесі құрылады.

518. ЖАЖ жүйесінде мыналар қаралады:

1) жөндеу аралық техникалық қызмет көрсету;

2) ағымдағы жөндеу;

3) күрделі жөндеу.

519. Келеңсіздіктер анықталғанда жоспардан тыс тексерулер және жөндеулер жүргізіледі.

520. Ұшқынның түзілуімен, қызумен және ашық отты пайдаланумен байланысты ацетилен станциясындағы жөндеудің барлық түрлері қондырғының жұмысын толық тоқтатқан кезде жүргізіледі.

521. Ацетилен қондырғысын жөндеуге тоқтатқан кезде келесі шараларды жүргізеді:

1) генераторға салынған кальций карбиді толық пайдаланылған;

2) барлық кальций карбиді ацетилен станциясы ғимаратынан жойылған, сонымен бірге тығында алу ғимараты және аралық қоймадан;

3) барлық ғимаратты карбид шаңынан тазарту;

4) тұнба ағымы арнасынан тұнба шұңқыры ажыратылған;

5) барлық газ желілері, азоттан басқа, ацетилен қондырғысынан сөндірілген;

6) барлық аппараттардан, компрессорлардан, газ үрлеуіштерден, газгольдерлерден және станция коммуникациясынан ацетилен атмосфераға шығарылған;

7) газ түзушілері кальций карбидінен, тұнбадан және ісбес қағынан (оларды бөлшектеусіз) босатылған;

8) басқа аппараттардан сөндірілуімен тазартқыштар мен кептіргіштерден реагенттер түсірілген;

9) барлық құрал – жабдықтың жоғарғы нүктелерінен арнайы келтірілген желдету немесе ортақ жүйе арқылы азотты – ацетилен қоспасын шығарумен аппараттар мен коммуникациялар үрленген;

10) барлық аппараттар мен коммуникациялар жоғарғы деңгейге дейін сумен толтырылған және 10-15 минут ұстап тұрғаннан кейін судың толық жіберу (бұл операция кем дегенде үш рет қайталанады);

11) люктері мен үрлеу крандарын ашумен барлық аппараттар ажыратылған, желдетуді қосумен ауаны тазарту үшін ғимараттағы барлық есіктер мен терезелер кем дегенде 8 сағат бойына ашылған;

12) арынды су ағымымен кезеңдік жуумен барлық аппараттар ішінен де сыртынан да тұнбадан және кірден мұқият тазартылған;

13) жуудан кейін аппараттар қажетті орындарда пісіру жүргізуге мүмкіндік беретін ең жоғарғы деңгейге дейін сумен толтырылады;

14) судың күшті ағымымен ғимараттар мен құрал-жабдықтар жуылған;

15) соңғы тазартылған және тұнба арнасы жуылған.

522. Ұшқынның түзілуіне жол бермейтін БӨАжА құралдарын тексеру, орнату және алмастыру қондырғының жұмысын толық тоқтатқан кезде жүргізіледі. Компрессор қондырғысы жөндеу, тазалау және тексеруден кейін немесе жауапты тораптары мен бөлшектерін алмастырғаннан кейін тексеруге және эксплуатациялау жөніндегі жетекшілікке және технологиялық регламентке сәйкес сынаққа ұшыратылады.

523. Құрал – жабдықты толық бөлшектеу және жөндеу ацетилен станциясы ғимаратынан кем дегенде 10м аралықта ашық ауада жүргізіледі.

524. Жөндеуден өткізілген құрал – жабдықтар эксплуатациялауға гидравликалық және пневматикалық сынаудан және үрлеу мен құрал – жабдықты бақылау қолданысынан кейін қабылданады.

525. Ацетилен станциясында жүргізілген барлық кезеңдік тексерулер мен жөндеу жұмыстары, құрал – жабдықтар мен құбырлы өткізгіштерді кезеңдік тексерулер мен жөндеулер ацетилен станциясы және сәйкес құрал – жабдықтардың төлқұжаттарында тіркеледі.

2-параграф. Газбен кесу және газбен пісіру құрал-жабдықтарын жөндеу
526. Аппаратураны қалпына келтіру жөндеуі, қосалқы бөлшектер дайындау, жөндеуден кейін аппаратураны тексеру және сынау орталықтандырылған тәртіпте жүргізіледі; технологиялық регламентке сәйкес аппаратураның оңтайлылығын тексеру және ағымдағы жөндеу цех жағдайында жүргізіледі.

527. Цехтағы қоймалардан жұмысқа жарамсыз кескіштер, қыздырғыштар, редукторлар, майысқақ түтіктер және басқа да аппаратураны беруге жол берілмейді.

528. Кем дегенде айына бір рет және кескіштер мен қыздырғыштардың газ сіңіргіштікке оңтайлылығына күдік туындағанда тексерулер нәтижелерін журналға тіркеумен тексерулер жүргізіледі. Кем дегенде кварталына бір рет редукторлардың техникалық тексеруі және сынағы жүргізіледі. Газ жалынымен өңдеуге арналған редукторлар газ алуды тоқтатқаннан кейін қысымның жоғарылауына, ажырамалы және дәнекерленген қосылыстардың газ өткізгіштігіне, редукциялаушы клапандар мен ершіктердің тығыздаушы беттерінің саңылаусыздығына және сақтандыру клапанының іске қосылуына сынақтан өткізіледі.

529. Бақылау-өлшеу аспаптарын (манометрлер, газ шығынын есептегіштер тағы сол сияқты) жөндеу және тексеру аттестациядан өткізілген шеберханаларда жүргізіледі.

530. Оттегі редукторларын, вентильдерін, қыздырғыштар мен кескіштерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру органикалық шынымен (плексиглас) немесе табақшалы алюминимен, жезбен, пластмассамен қапталаған үстелде жүргізіледі. Үстел беті жүйелі түрде кірден және майдан тазартылады. Жұмыскерлер жөндеуді таза киіммен және майланбаған қолмен жүргізеді.

531. Газ жалынымен өңдеуге арналған аппаратураны құрастыру және сынау оқытудан өткізілген, емтихан тапсырған және сәйкес куәлігі бар тұлғамен жүргізіледі. Эксплуатацияланатын қыздырғыштар мен кескіштерді бөлшектеу және құрастыруды пісірушілер мен кескіштерге жүргізуге рұқсат етіледі.

532. Кескіштер, қыздырғыштар, редукторлар және басқа да аппаратура бөлшектенер алдында құрғақ, майдан тазартылған ауа азотпен үрленеді.

533. Резьбалы қосылыстары, сопло арналары мен мундштуктары тозған газды аппаратураны эксплуатациялауға жол берілмейді. Газ аппаратурасын бақылау және тексеру кезінде резьбалық қосылыстардың тозу дәрежесі бақылау-өлшеу құрал – сайманымен анықталады.

534. Оттегі ортасында жұмыс істейтін жөнделетін аппаратураның барлық бөлшектері құрастырылар алдында технологиялық регламентке сәйкес сәйкес майдан тазартылады.

535. Жөндеуден өткізілген барлық қыздырғыштар, кескіштер және редукторлар технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.

536. Жөндеуден өткізілген газ аппаратурасы және қосалқы бөлшектер маркаланады да, жүргізілген жөндеу туралы хабар беріледі. Жөндеуден өткізілген газ аппаратурасы және қосалқы бөлшектер бөлек қоймаларда немесе цех қоймаларының бөлек сөрелерінде сақталады.

537. Аппаратураны жөндеу кезінде технологиялық регламентті жетекшілікке алады.



Қабылданған қысқартулар
МГӨ – металдарды газ жалынымен өңдеу;

БӨАжА – бақылау – өлшеу аспаптары және автоматика;

ҚКМ – құйылып алынған кеуекті масса;

ТОЖҚҚ – тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары;



ШРД – шекті рұқсатты деңгей.
__________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет