1-тарау. Жалпы талаптары 1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы


-параграф. Газ өткізгіштерді эксплуатациялауға қойылатын талаптар



бет3/6
Дата12.06.2016
өлшемі490.5 Kb.
#130641
1   2   3   4   5   6

2-параграф. Газ өткізгіштерді эксплуатациялауға қойылатын талаптар
162. МГӨ мақсатында жұмыс қысымы бойынша цехтағы газ өткізгіштер былайша жіктеледі:

1) ацетилен өткізгіштер;

төменгі қысымды – 0,02 МПА дейін (0,2 кгс/см2);

орта қысымда – 0,02-0,15 МПа дейін (0,2-1,5 кгс/см2 дейін);

жоғары қысымды – 0,15 МПа жоғары (1,5 кгс/см2);

1) ацетилен өткізгіштер;

төменгі қысымды – 0,02 МПА дейін (0,2 кгс/см2);

орта қысымда – 0,02 ден 0,15 МПа дейін (0,2-1,5 кгс/см2 дейін);

жоғары қысымды – 0,15 МПа жоғары (1,5 кгс/см2);

2) оттегін өткізгіштер;

ІV санатты – 1,6 МПА дейін (16 кгс/см2);

ІІІ санатты – 1,6-2,5 МПа дейін (16-25 кгс/см2 дейін);

ІІ санатты – 2,5 МПа-ден 4 МПа дейін (25-40 кгс/см2 дейін);

3) ацетилен газ–алмастырушыларының (табиғи және сұйылтылған газдар) газ өткізгіштері;

орта қысымда – 0,005-0,3 МПа дейін (0,05-3 кгс/см2 дейін);

жоғары қысымды – 0,3 МПа-ден 0,6 МПа дейін (3-6 кгс/см2 дейін);

163. Эксплуатацияға қабылданған әрбір газ өткізгіште орындау құжаттамасы мен төлқұжат жүргізіледі, онда газ өткізгішті сипаттайтын негізгі мәліметтер көрсетіледі. Одан әрі оған эксплуатациялау кезіндегі жөндеу бойынша барлық жұмыстар түсіріледі.

164. Газ өткізгіштерді төсеу жер үстілік немесе жер астылық тәсілмен жүргізіледі.

165. Газ өткізгіштерді төсеу қабырғаның қызуын 500С асуына жол берілмейді.

166. Ылғалды газға арналған газ өткізгіштерді олардың қатып қалуына жол бермейтіндей етіп қиғаштап төселеді.

167. Газ өткізгіштер пісірумен жалғанады. Резьбалы және фланецті қосылыстарды тек құрал – жабдықтарға, бақылау - өлшеу аспаптарына және жер асты құбырлы өткізгіштерінің монтаждау қосылыстарының құрылғылары үшін, пісіру ыңғайсыз орындарда қолдануға рұқсат етіледі.

Орта және жоғары қысымды ацетилен өткізгіштер, ІІ және ІІІ санатты оттегін өткізгіштерде муфталы қосылыстар қолдануға жол берілмейді.

168. Газ өткізгіштердің ажырау қосылыстарының тығыздау материалдарын қысымды, механикалық жүктеуді, жылу және химиялық әсер етуді ескерумен, жанасатын материалдардың өзара әрекеттесуімен таңдалынып алынады.

169. Газ өткізгіштердің беттері коррозиядан қорғалады. Жер үстілік газ өткізгіштерде, таныту бояуы немесе басқа да белгілеу бар.

Атмосфераға төзімді (баяу коррозияға ұшырайтын) болаттардан жасалған ацетилен өткізгіштер үшін газ өткізгіш бетін коррозиядан қорғау талаптары міндетті емес.

170. Ацетилен ғимараттарда жанбайтын кронштейндерге немесе аспаларға бекітіледі. Ацетилен өткізгіштер мен басқа жанғыш газдар немесе сұйықтықты құбырлы өткізгіштер араларындағы, ацетиленмен реакцияға (оттегі) түсетін шығып тұрған құралдар араларындағы ара қашықтық 100 мм кем емес.

Соңғы талаптар ацетилен өткізгіштердің басқа газ өткізгіштермен қиылысуына жатқызылады. Олар газ өткізгіштер араларына параллель орналастырылғанда аралық 250 мм кем емес (МСТ 12.2.060).

Ацетилен өткізгішті хлор өткізілетін құбырлы өткізгіштермен бірге төсеуге жол берілмейді. Ацетилен өткізгіштерді басқа жанғыш газдар мен сұйықтықтардың құбырлы өткізгіштері төселген ғимараттарда жер үстілік төсеуге, 171-тармақта айтылған жағдайлардан басқа кезде рұқсат етіледі.

171. Жер үстілік ацетилен өткізгіштерді мынадай жағдайда төсеуге жол берілмейді:

1) әкімшілік, тұрмыстық және шаруашылық ғимараттары арқылы, сонымен қатар тасымалданатын ацетилен өндірілмейтін және пайдаланылмайтын ғимараттар арқылы;

2) ацетилен өткізгішті қадағалау мүмкіншілігі жоқ ғимараттар арқылы;

3) желдету және лифт шахталары, газ жолдары, түтін құбырлары арқылы;

4) өту және жартылай өту тоннельдерінде, сонымен қатар жертөле ғимараттарында;

5) электр кабельдерімен бірге;

6) қоймалар алып жатқан аумаққа, ғимараттар мен үймереттер астына.

172. Ацетилен өткізгіштерді басқа газдар мен сұйықтықтардың құбырлы өткізгіштерімен, байланыс кабельдерімен біріктіріп жер астылық төсеуге олардың араларындағы аралық 40 мм кем емес болғанда рұқсат етіледі.

173. От қаупі бар газдар мен сұйықтықтарды тасымалдайтын құбырлы өткізгіштерді және ацетилен өткізгіштерді жер үстілік параллель төсеген кезде олардағы ажырау қосылыстары бір – бірінен салыстырмалы түрде 0,5 м кем емес аралықта орналастырылады.

Қабырғалардан немесе іргелер арқылы өтетін ацетилен өткізгішті өту орнында ішкі диаметрі ацетилен өткізгіштің сыртқы диаметрінен кем дегенде 20 мм үлкен қорғаныш металл құбырына салынады.

Құбырлар араларындағы саңылауды жанбайтын материалмен тығыз толтырылады. Қорғаныш құбырларының шеттері екі жағынан да 10 мм аралыққа шығып тұрады.

174. Цехқа кіре берісте газ өткізгіште бекіту құрылғысы мен манометр болады.

Бекіту құрылғысы бөлек телімдерге газ беру үшін арналған торамдық газ өткізгіштерге де, жер астылық газ өткізгіштердің кіре берісі мен шыға берісіне де орнатылады.

175. Еден үстіндегі ацетилен өткізгіштердің биіктігі 2,2 м кем емес, бұл кезде бекіту арматурасы қызмет көрсетуге ыңғайлы биіктікте орнатылады.

176. Еденнен 1,8 м жоғарыда орнатылған және үнемі қызмет көрсетіп тұруға жатқызылатын газ өткізгіштер арматурасы үшін жанбайтын материалдардан жасалған қоршаулары бар алаңдар мен сатылар қаралады.

177. Жанбайтын алынбалы плиталарды қалқаланған және құм төгілген өтпелі емес арналарда төсеуге рұқсат етіледі. Оттегін өткізгіштер, ацетиленнің құбырлы өткізгішін немесе оны алмастыратын басқа газбен тек осы құбырлы өткізгіштерге арналған бір арнаға бірге төсеуге газ өткізбейтін қабырға орнатылған және арнаның екі бөліміне де құм салынған жағдайда рұқсат етіледі.

178. Газ өткізгіштері бар арналар өткізгіштердің басқа арналарынан (желдету, электр кабельдері, электр өткізгіштері тағы сол сияқты), су құбырлары мен кәріз құдықтарынан арналардың сыртқы қабырғалары араларындағы аралықты есепке алғанда, кем дегенде 1 м алыстатылады. Газ өткізбейтін қабырға бар болған кезде арналар жақындатылады.

179. Газ өткізгіштер төселген арналардың қорғаныш қаптамасына салынған электр кабельдерімен қиылысуына жол беріледі.

180. Газ өткізгіштерді температурасы 1500С жоғары жанатын беттерден 1 м дейінгі аралыққа төсеуге жол берілмейді.

181. Цехқа газ өткізгіштерді енгізу сыртқы қабырға арқылы мүмкіндігінше газды пайдалану орнына жақын орында жүзеге асырылады.

182. Газдарды пайдалану орындарында газ айыру постылары орнатылады.

183. Жер асты газ өткізгішіне орнатылған бекіту арматурасы басқаруы жер үстіне шығарылған және белгісі бар шахтаға немесе қорғаныш қаптамасына салынады.

184. Газ өткізгіштер бекіту құрылғыларымен газ өткізгіштерді үрлеу жүйелерімен (майшамдармен) қамтамасыз етіледі. Үрлеу майшамдарының шеткі телімдері шатырдан 1 м шығарылады. Үрлеу майшамдарының шеткі телімдерінен өтпелі желдету үшін ауаны алу орнына дейін 3 м кем емес аралық қамтамасыз етіледі.

185. Атмосферамен тікелей байланыстағы сақтандыру клапандарынан келетін құбырлы өткізгіштер мен үрлеу майшамдарының құбырлы өткізгіштері беріктікке сынауға жатқызылмайды.

186. Беріктік пен саңылаусыздыққа сынақ жүргізу алдында газ өткізгіштерді қақтан, ылғалдан және қалдықтардан үрлеу жүргізіледі. Үрлеу ацетилен өткізгіштер мен ацетиленнің газ – алмастырғыштарын құбырлы өткізгіштер үшін 15 – 20 м/сек жылдамдықпен, оттегін өткізгіштер үшін 40 м/сек жылдамдықпен қозғалатын ауа немесе азотпен жүргізіледі. Оттегін өткізгіштерді үрлеуге арналған ауа немесе азотта 10 мг/м3 артық майдың болуына жол берілмейді. Үрлеу ұзақтығы шығатын ағымдағы қоспа заттардың жоқтығымен, бірақ 2 сағаттан кем емес анықталады.

187. Газ өткізгіштер беріктікке сынауға жатқызылады:

1) негізгі құрал–жабдықтар ұшыратылатын қысым кезінде ацетилен қондырғысының құрамына енетін (генератордан сақтандыру ысырмасына дейін) төменгі және орта қысымды ацетилен өткізгіштер;

2) жоғарғы қысымды ацетилен өткізгіштерді 1,1 есептеу қысымына, бірақ 30 МПа артық емес сыналады. Ацетилен қондырғыларының құрамына енбейтін төменгі және орташа қысымды ацетилен өткізгіштерді 1,1 есептеу қысымына сәйкес келетін қысыммен сыналады;

3) орта қысымды 0,45 МПа (4,5кгс/см2) және жоғары қысымды 0,75 МПа (7,5 МПа) ацетиленді алмастырғыш – газдар үшін цехтық газ өткізгіштер;

4) оттегін өткізгіштер – 1,25 есептеу қысымы кезінде.

188. Газ өткізгіштерді беріктікке сынау гидравликалық тәсілмен жүргізіледі. Төменгі, орта және жоғарғы қысымды ацетилен өткізгіштерді, орта қысымды ацетиленді алмастырғыш – газдардың газ өткізгіштерін және ІV санатты оттегін өткізгіштерді беріктікке сынау кезінде, сақтандырудың сәйкес шараларын сақтаған кезде гидравликалық тәсілді пневматикалық сынақпен ауыстыруға болады.

Егер жарылу, ағу, тамшының пайда болуы және ылғалдану белгілері, көрінетін қалдық деформация (3.2.3. тармағы. МСТ 12.2.060) байқалмаса, ацетилен өткізгіштер сынағына шыдады деп есептеледі.

189. Ацетилен және оттегін өткізгіштер саңылаусыздыққа ең жоғарғы жұмыс қысымында сыналады. Орта қысымды ацетонның алмастырғыш – газдарының газ өткізгіштерін 0,3 МПа (3 кгс/см2) қысымда, жоғары қысымды 0,6 МПа (6 кгс/см2) кезінде сыналады.

190. Сынақтардан кейін жанғыш газдардың газ өткізгіштері тазалығы 97 % кем емес азотпен үрленеді, бұл кезде үрлеу азотының мөлшері үрлеу құбырлы өткізгіші көлемінің 3 – 4 дәрежесінен кем емес қабылданады.

Үрлеу газдарының құрамындағы оттегінің мөлшері 3 % аспаса, ацетилен өткізгіш үрленген болып саналады.

191. Эксплуатацияға жіберер алдында оттегін өткізгіштер оттегімен үрленеді, үрлеу оттегінің көлемі құбырлы өткізгіш сыйымдылығын кем дегенде үш есе артық. Үрленетін оттегі ғимараттан сыртқа қауіпсіз орынға 2,5 м кем емес биіктікке шығарылады.

192. Газ өткізгіштер, арматура, сақтандыру құрылғылары және бақылау - өлшеу аппаратурасының күйіне бақылау тұлғасымен жүйелі қадағалау қойылады.

193. Құбырлы өткізгіштерден оттегі немесе жанғыш газдың ағуы байқалған жағдайда және тез арада келеңсіздікті орнына келтіру мүмкін болмаған жағдайда зақымданған телімде сөндіріледі, ал ғимарат мұқият желдетіледі.

194. Газ өткізгіштерді және арматураны жөндеуге, сонымен қатар фланецті қосылыстардың болттарын қысым бар болған кезде тартуға жол берілмейді. Жөндеу жұмыстарының барлық түрлері алдын ала қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткеннен кейін жүргізіледі. Жөндеу наряд–шақтама бойынша жүргізіледі.

195. Әрбір күрделі немесе орташа жөндеу жүргізілгеннен кейін газ өткізгіштің сәйкес телімі беріктікке және саңылаусыздыққа сынауға және үрлеуге жатқызылады.

196. Қатып қалған газ өткізгіштерді қыздыру тек бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі. Ашық отты және электрлік қыздыруды қолдануға жол берілмейді.

197. Барлық цехтағы және цех аралық газ өткізгіштер жермен тұйықталады.

198. Ацетилен өткізгіштерді, оларға орнатылған газ тарату постыларын, арматура тағы сол сияқты тексеру кезінде кернеуі 12 Вольт кезінде саңылаусыз арматурада тасымалданатын электр жарықтандырғыштарын немесе қопарылудан қауіпсіз орындалған аккумулятор қол фонарьларын қолдануға рұқсат етіледі.

199. Газ өткізгіштерде орнатылған арматура, аппаратура және бақылау - өлшеу аспаптары жылына кем дегенде бір рет техникалық куәландыруға ұшыратылады.

200. Газ өткізгіштерді эксплуатациялау кезінде саңылаусыздыққа тексеру келесідей мерзімдерде жүргізіледі:

1) жанғыш газдың құбырлы өткізгіштері – 5 жылда бір рет;

2) оттегін өткізгіштер – 3 жылда бір рет.

201. Жер асты газ өткізгіштерін тексеру оқшаулағышты алусыз және топырақтан қазып алусыз жүргізіледі.

202. Қорғаныш беттері мен құбырлардың сыртқы беттерін тексеру келесі мерзімдерде жүргізіледі:

1) жер үстілік газ өткізгішті – 3 жылда бір рет;

2) жер асты газ өткізгіштерін – 5 жылда бір рет.

203. Пісіру жапсарлары мен фланецті қосылыстарын іріктеп тексеру ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес, жұмыс қысымымен кем дегенде тоқсанына бір рет жүргізіледі.



3-параграф. Газ тарату постыларын орналастыру және эксплуатациялауға қойылатын талаптар
204. Газ тарату постылары жұмыс газдарын пайдалану орындарына беруге және жанғыш газы бар газ өткізгіштерді, оларға пайдалану жағынан оттегі немесе ауаның кіріп кетуінен және стационар жұмыс орындарын газбен қоректендіру кезінде кері соққы жалынынан сақтануға арналған.

205. Газ тарату постыларын газ өткізгіштің торамдарына газды пайдалану орындарына орнатылады. Газ ағымы қатты немесе сұйық заттармен ластанған жағдайда пост алдына сүзгі немесе майлы ылғал айырғыш орнатылады.

206. Төменгі және орта қысымды газ өткізгішке орнатылған ацетилен мен сутегіне арналған газ тарату посты бекіту арматурасына қажет болғанда, редукторға сәйкес, 3-тарау 7-параграф, келетін постылық сақтандыру құрылғысымен жабдықталады.

207. Ацетиленді алмастырғыш – газдар (сутегінен басқа) үшін постылық сақтандыру ысырмасының орнына кері клапан орнатуға рұқсат етіледі.

208. Газ тарату постын оттегімен баллоннан, цехтағы оттегін өткізгіштен жабдықтау кезінде автогендік қажеттіліктер үшін соңғысында қысымды төмендету үшін, бір уақтылы кері клапанның қызметін атқаратын редуктор (баллон, желі) орнатылады.

209. Стационар жұмыс орындарын (постыларын) газбен қоректендірген кезде редукторлар 161-тармақта айтылған жағдайларда орнатылады.

210. Ацетиленге арналған газ тарату постылары кез-келген жанғыш газ үшін пайдалануға болады.

211. Ацетиленнің алмастырғыш газдары үшін газ тарату постыларын ацетилен мен сутегінің постылары ретінде пайдалануға жол берілмейді.

212. Құрғақ ысырмасы немесе кері клапаны бар жанғыш газдар, сонымен қатар сутегі үшін газ тарату постының құрал – жабдықтарын ашық панельге немесе кронштейнге орналастырылады. Сұйықты ысырмасы бар газ тарату постыларын металл жабылатын вентильденетін шкафтарда орналастырылады. Ацетилен және оттегі постыларын бір шкафқа немесе жалпы панельге немесе кронштейнге, оларды металл қалқанмен бөлумен орналастыруға рұқсат етіледі.

213. Газ тарату постыларының шкафтары мен панельдері былайша боялады:

1) оттегі үшін – қара әріптермен «Оттегі. Май қауіпті» деген жазумен көгілдір түске;

2) ацетилен үшін – қызыл әріптермен «Ацетилен. От қауіпті» деген жазумен ақ түске;

3) басқа газда үшін – ақ әріптермен «Жанғыш газ. От қауіпті» деген жазумен қызыл түске.

214. Газ тарату постылары еден деңгейінен 600 мм кем емес биіктікке орнатылады.

215. Газды пайдалану орындарында стационар газ тарату постыларын қабырғаларда, колонналарда, қалқандарда немесе келесі минимал арақашықтықты сақтай отырып, арнайы конструкцияларда орнатылады:

1) оқшауланған газ өткізгіштерге дейін – 0,5 м;

2) ашық өткізгіштерге дейін – 1 м;

3) ашық от көздеріне дейін – 1,5 м.

216. Өткізгіштік қабілеті және жұмыс қысымы жұмыс қысымынан төмен және аппаратурамен пайдаланылатын газ мөлшері газ жалынымен өңдеуге арналған газ тарату постыларын эксплуатациялауға жол берілмейді.

217. Бір газ айыру постына біреуден артық кескіш (қыздырғыш) немесе металлдарды газ жалынымен өңдеуге арналған аппаратты қосуға жол берілмейді. Егер газ тарату посты бір оператор қызмет көрсететін машинаны (қондырғыны) газбен қоректендірсе, онда машинада (қондырғыда) орнатылған қыздырғыштар немесе кескіштер саны тек жұмыс қысымына және сақтандыру құрылғысының (ысырма немесе кері клапан) өткізгіштік қабілетіне тәуелді.



4-параграф. Баллондарды эксплуатациялау, сақтау және тасымалдауға қойылатын талаптар
218. Баллондарды орнату цех ішілік көлікпен зықымдаудан, металл шашырандысынан, агрессивті сұйықтар мен газдар әсерінен, 313 К (400С) жоғары қызудан сақтандырылған орындарда қаралады.

219. Жылдың суық мерзімінде сұйылтылған газды пайдалану кезінде баллондарды 303 К (300С) дейін ыстық сумен қыздыруға немесе сұйылтылған газды арнайы қойылған буландырғыш арқылы өткізуге болады.

220. Оттегі баллондары май мен кірдің түсінен сақталады.

221. Жұмыс кезінде баллондар тірекке немесе арбашаға бекітіледі және жаз мезгілінде күн сәулесінен қызудан сақтандырылады. Жанғыш газдары бар баллондарды бекіту ұшқын шығармайтын металлдармен жүзеге асырылады.

222. Бекітілмеген баллондармен жұмыс істеуге жол берілмейді.

223. Сұйылтылған газы бар баллондар мен ацетилен баллондарын көлденең күйде эксплуатациялауға жол берілмейді.

224. Ацетилен баллонының вентилін ашу және оған редукторды бекіту бүйір кілтпен жүргізіледі. Жұмыс кезінде бұл кілт баллон вентилінің шпинделінде болады. Осы мақсатта әдеттегі гайка кілттерін пайдалануға жол берілмейді.

225. Баллондарда газды алғаннан кейін мынадай қысым қамтамасыз етіледі:

1) оттегі және ацетиленді алмастырғыш газдар үшін (пропан – бутанды қоспағанда) – 0,05 МПа (0,5 кгс/см2);

2) ацетилен – 3-кестеде көрсетілгеннен төмен емес.

3-кесте
Ацетилен баллондарындағы қоршаған орта температурасына тәуелді қалдық қысым


Температура,

К (0С)



273 (0) төмен

273 тен 298 дейін (15-25 дейін)

288 ден 298 дейін (15-25 дейін)

298 ден 308 дейін

25-35 дейін және одан жоғары



Газдардың қалдық қысымы, МПа (кгс/см2)

0,05

(0,5)


0,1

(1)


0,2

(2)


0,3

(3)

226. Баллоннан құю және кеуекті төгу массасы 1,1 м3/сағ артық ацетилен алуға жол берілмейді.

227. Мынадай баллондарды пайдалануға жол берілмейді:

1) вентилі істемейтін;

2) корпусы зақымданған (жарықшақтары бар, қатты коррозияға ұшыраған, пішіні біршама өзгерген);

3) айқын бояуы мен жазуы жоқ;

4) кезеңдік куәландыру мерзімі асып кеткен;

5) таңба болмаған кезде.

Жарамсыз баллондар бормен «Абайлаңыздар. Толық» деген жазумен толтырушыға жөнелтуге жатқызылады.

228. Баллонды эксплуатациялау кезінде мыналарға жол берілмейді:

1) қысымды төмендетуге арналған редукторсыз баллоннан газ алуға;

2) баллондарды тасымалдау, жұмыстан үзіліс, жұмыс аяқталған және баллондарды босатқан кезде баллонның вентилін ашық күйде қалдырып кетуге;

3) қысым бар кезде редуктор гайкасы мен вентильді тартуға;

4) баллоннан қалпақты балға соққысымен, кескіш көмегімен немесе ұшқын шығаруы мүмкін басқа да құралдармен алуға;

5) тағайындалуы басқа газдармен толтыру үшін баллонды пайдалануға;

6) баллонды сүйретіп немесе иыққа салып тасымалдауға;

7) пайдаланушыда баллондар вентилін бөлшектеуге және жөндеуге.

Баллондардың жөндеуді толтыру станциясында жүргізіледі.

229. Баллондар жылыту радиаторларынан 5 м кем емес аралыққа және қыздырғыш немесе кескіш жалынынан, пештерден және басқа да ашық от көздерінен 5 м кем емес аралыққа орнатылады. Баллонды қызып кетуден сақтайтын экран орнату кезінде баллон мен жылыту аспабының арасындағы аралық 0,5 м дейін қысқаруы мүмкін, бұл кезде экран мен баллон арасындағы аралық 0,1 м кем емес. Баллондардың тоқ тасымалдағыш өткізгіштерге тиіп кетуіне жол бермейді.

230. Газ жалынды жұмыстарды орындаған кезде оттегі баллонынан жылжымалы генератор, сұйық жанғышы бар бөшкеге дейінгі ара қашықтық 5 м кем емес.

231. Баллондарды өту орындарына және машиналардың өту жолдарына, цокольдік және жертөле ғимараттарға, арналарға және қоршаған орта аумағы деңгейінен төмен орнатуға жол берілмейді.

232. Жұмыс аяқталуымен жұмыс орындарында баллондарды сақтауға жол берілмейді. Баллондар бөлінген орындарда сақталады.

233. Стационар жұмыс орындарын қоректендіру үшін баллондарды металл шкафтарда орнату ұсынылады.

234. Шкафтар құлыпталады және оларда желдету үшін ойықтар және перделік торлар бар. Сұйылтылған газдары бар баллондар үшін шкафтарда перделер шкафтың төменгі бөлігінде орнатылады.

235. Шкафтардың алдыңғы қабырғаларында немесе есіктерінде айқын көрінетін сәйкес атауының ескерту жазбаларын орналастырады:

1) «Оттегі – май қауіпті» - қара түспен;

2) «Ацетилен – от қауіпті» - ақ түспен;

3) «Пропан – от қауіпті» - қызыл түспен.

Ацетилен баллондары үшін шкафтағы ескерту жазбалары 235-тармаққа сәйкес ақ түспен жазылады, ал шкаф қызыл түске боялады.

236. Шкафтарды жер деңгейінен 0,1 м кем емес орнатуға жол бермейтін жанбайтын негізде орнатады.

237. Шкафтар терезелерден және бірінші қабат терезелерінен 0,5 м кем емес аралықта, ал пропан баллондары сақталатын шкафтар терезелерден, есіктерден, цокольдік және жертөле қабаттарынан, құдықтар мен жер асты коммуникацияларынан 3 м кем емес аралықта орнатылады.

238. Оттегі және жанғыш газдары бар баллондардың металл шкафтарының араларындағы ара қашықтық – 0,15 м кем емес.

Талаптар газ тарату постыларының шкафтарына таратылмайды.

239. Бір шкафқа оттегі мен жанғыш газы бар екеуден артық баллонды, оларды саңылаусыз металл қалқанмен бөлумен, біріктіріп орнатуға жол берілмейді.

240. Жанғыш газы бар оннан артық және оттегі бар оннан артық баллон орнатылған шкафтар өндірістік ғимараттың сыртына және саңылаусыз жанбайтын қабырғалары бар ғимаратқа орналастырылады.

241. Баллондар саны оннан аспайтын шкафтарды стационар жұмыс орындарын қоректендіру үшін өндірістік ғимараттарға орнатуға болады.

242. Жанғыш газ бен оттегінің толтырылған және босатылған баллондарын біріктіріп қоймалық сақтауға жол берілмейді.

243. Арнайы тасымалдағышта бір баллон тасымалдауға, баллонды ептеп қиғаштаған күйде суйретумен тасымалдауға болады. Баллон тасымалдағыштарда екеуден кем емес жұмысшымен тасымалданады.

244. Кранмен тасымалданатын баллондар сәйкес контейнерлерде немесе арнайы платформаларда орнатылады.

245. Баллондарды рессорлы көлік құралдарында тік және көлденең күйде арнайы контейнерлерде немесе контейнерсіз тәсілмен көлденең күйде тасымалдауға рұқсат етіледі. Бөлек баллондарды тасымалдау арнайы қол арбашаларында және тасымалдағыштарда жүргізіледі.

246. Толтырылған және бос баллондары бар контейнерлерді бір кузовта тасымалдауға болады. Толтырылған және бос баллондарды бір контейнерде тасымалдауға, оларда міндетті түрде маркалау бар болған кезде рұқсат етіледі.

247. Баллондарды контейнерсіз тасымалдау келесі талаптарды орындау кезінде рұқсат етіледі:

1) баллондарды екі шетінен де диаметрі 25 мм кем емес кендір арқаннан, резинадан немесе басқа ұшқын шығармайтын материалдан жасалған екі сақина кигізілген немесе әрбір баллон ағаш төсемедегі ұяшыққа орнатылады. Ұяшығы резина немесе басқа материалмен қапталған металл төсемелерді қолдануға жол беріледі. Бір қатардан артық баллондар тиеген кезде әрбір қатарға төсемелер қолданылады.

2) баллондарды автомашина кузовына немесе басқа да көлік құралдарына олардың көлденеңінен жылжуынан сақтандырумен және сақтандыру қалпақтары бір жаққа бағытталып орналастырылады;

3) баллондарды борттар биіктігі шектерінде салуға рұқсат етіледі.

248. Ерекше жағдайларда, оттегі баллондары мен жанғыш газы бар баллондарды бір автомобиль көлігінде біріктіріп тасымалдауға келесі қосымша талаптарды сақтаған кезде рұқсат етіледі:

1) бір уақытылы оннан артық емес баллон тасымалданады (сомалық);

2) тиеу алдында баллондар май қалдықтары мен кірден мұқият тазартылады және вентильдердің саңылаусыздығы тексеріледі;

3) баллондар бір қатардан артық орналастырылмайды.

249. Баллондарды самосвалдарда, автомобильдерде және кез – келген көлік құралдарында бөгде заттар, кір, қоқыс, май іздері және май жағылған заттар бар болған кезде тасымалдауға жол берілмейді.

250. Баллондарды тиеу және түсіру кезінде оларды лақтыруға және соғылуына, вентилін төмен қаратып түсіруге жол берілмейді.



5-параграф. Қайта жіберу (разрядтау) рамптарын орналастыруға және эксплуатациялауға қойылатын талаптар
251. Қайта жіберу рамптарының құрылғысы мынаған сәйкес:

1) ацетилен үшін – МСТ 12.2.054;

2) ацетиленді алмастырғыш–газдар үшін – технологиялық регламентпен.

252. Баллондардың қайта жіберу рамптары арнайы ғимараттарда немесе металл шкафтарда орналастырылады. Қайта жіберу рамптарын өндірістік ғимараттарға қоса салынған құрылыстарда бір уақтылы мөлшері 40 данадан артық емес қосылған баллондармен орналастыруға болады.

Қоса салынған құрылыс жабыны оңай босататын, желдетілетін, өртке қарсы нормалар бойынша отқа өзімділігі ІІ дәрежеден кем болмауы ұсынылады.

253. Қайта жіберу рамптарын ашық алаңға және авто көлікке орнатуға болады.

254. Қайта жіберу рамптарын бірінші қабаттан жоғары орнатылған өндірістік емес ғимараттарға, кез келген ғимарат пен үймереттің жертөле және цокольдік қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.

255. Қайта жіберу рамптарын баллондар санын алтаудан артық етпей бірінші қабатқа орналастырылған тұтынушылар-цехтарының ішінде орнатуға болады.

Цех (телім) ішіндегі қайта жіберу рампына қосылған жанғыш газы бар алты баллоннан басқа, газ жалынды жұмыстары үшін жылжымалы жұмыс постыларында төрт баллон сақтауға болады.

256. Қайта жіберу рамптарына арналған металл шкафтар, ашық алаңдар және ғимараттар жоба бойынша орындалады.

257. Қайта жіберу рампының бір тармағына салу кеуекті массасы бар баллондар (БАУ-А көмірімен) және құйылған кеуекті массасы бар баллондарды (ЛПМ) бір уақтылы қою ұсынылмайды.

258. Қайта жіберу рампын саңылаусыздықққа сынау кем дегенде үш айда бір рет, ал беріктікке тексеру (газ өткізгіштермен бірге) – 200 тармақта көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

259. Жермен тұйықтау бұзылған кезде қайта жіберу рамптарын экспулатациялауға жол берілмейді.

260. Қайта жіберу рамптары ғимараттарында көлемдік үлестегі оттегі 19 % төмен және 23 % жоғары болған кезде жұмыс жүргізуге жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет