1-тарау. Жалпы талаптары 1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы


-параграф. Технологиялық үрдістер мен құрал – жабдықты эксплуатациялауға қойылатын талаптар



бет5/6
Дата12.06.2016
өлшемі490.5 Kb.
#130641
1   2   3   4   5   6

6-параграф. Технологиялық үрдістер мен құрал – жабдықты эксплуатациялауға қойылатын талаптар
364. Газ жалынды жұмыстарды (пісіру, балқыту, дәнекерлеу, кесу, тозаңдау, қыздыру тағы басқа) орындау жылжымалы генераторлар мен газы бар баллондар тобынан (2 артық баллон) 10 м кем емес аралықта; сыйымдылығы 5 л артық бөлек баллондар мен сұйық жанғышы бар бөшкелерден -5 м; қолмен жұмыстар кезінде газ тарату постылары мен газ өткізгіштерден – 3 м және механикаландырылған жұмыстар кезінде – 1,5 м.

Аспалы және тасымалданатын қондырғыларда кесу және пісіру үшін сыйымдылығы оттегі немесе жанғыш газымен 5 л төмен баллондардың жанына орналастыруға рұқсат етіледі және майысқақ түтіктер ұзындығы 1,2 м кем емес майысқақ түтіктер кезінде газ жалынды жұмыстар жүргізуге болады.

365. Газбен қоректендіру көздері жағына ұшқын немесе жалынды бағыттаған жағдайда, металл ширмалары немесе қалқандарын орнату жолымен оларды жылу әсері мен ұшқыннан сақтау бойынша шаралар қабылданады.

366. Газ жалынымен өңдеуге жеткізілген металл майдан, қақтан және кірден тазартылады. Коррозияға қарсы қабатпен жүргізілген табақшалы металды оттегімен кесуді тарту желдеткішімен жабдықталған ашылу үстелдерінде жүргізуге рұқсат етіледі.

Улы негізі бар (мысалы, қорғасын) металл беттерді бояудан тазарту үшін газ жалынын пайдалануға жол берілмейді.

367. Газ жалынды жұмыстарды бастамас бұрын жұмыс орнын бақылау, жұмыс істеуге кедергі жасайтын және тез жанатын артық заттар жиналады.

368. Газбен пісіру және кесу кезінде тоқ тасымалдау құрылғыларының жұмыс орындары баллондар мен майысқақ түтіктердің тоқтасымалдау бөліктерімен кездейсоқ түйісіп кетуіне жол бермейтін қалқандармен қоршалады. Қоршауларда қауіптілік туралы ескертетін пракаттар ілінеді.

369. Металда жұмыс істеу кезінде газбен пісірушілер мен газбен кесушілер асбест немесе басқа жанбайтын материалдардан жасалған және жылу өткізбейтін төсемелермен қамтамасыз етіледі.

370. Уақытша орындарда жұмыс істеу кезінде баллондарды тірекке немесе арбашаға бекіту керек, ал жаз мерзімінде күн сәулесінен қорғалады. Ашық ауада жаңбырлы, қарлы және желді ауа – райы кезінде газ жалынды жұмыстары кезінде атмосфералық жауын – шашыннан және желден қорғалады.

371. Газ жалынды жұмыстарын жүргізер алдында мыналардың тексеруі жүргізіледі:

1) майысқақ түтіктердің қыздырғышқа, кескішке, редукторларға, сақтандыру құрылғыларына және басқа да аппаратураларға қосылысының саңылаусыздығы;

2) аппаратураның оңтайлылығы;

3) инжектор аппаратурасының жанғыш газы үшін арнада босату (сору) бар болуы;

4) сақтандыру құрылғысының күйі;

5) оттегі мен жанғыш газдың қыздырғышқа, кескішке немесе машинаға дұрыс жалғануы;

6) ток берілуі мен жермен тұйықтаудың дұрыстығы мен оңтайлылығы;

7) машинаның механикалық, электр және газ бөліктерінің жұмысқа қабілеттілігі;

8) өрт сөндіргіш құралдардың бар болуы және оңтайлылығы.

372. Газ алу сұйықтық ысырмасы арқылы жүргізілгенде, жұмыс алдында немесе ұзақ уақыттық үзілістен кейін газдың берілісі жоқ кезде су деңгейін тексеріледі.

373. Қыздырғыштар мен кескіштерді келесі қауіпсіздік талаптарын сақтаған кезде эксплуатацияланады:

1) қыздырғыш немесе кескіште жанғыш қоспа тұтанған кезде алдымен оттегі вентилін, содан соң жанғыш газ вентилі ашылады және жанғыш газды тұтандыру керек, газдарды жабу кері тәртіпте жүргізіледі;

2) пісіру және кесу үрдісі жанғыш газ, қыздырғыш немесе кескіш қызуы бойынша жалын құрамын реттеу мүмкін болмағанда және кері соққыдан кейін тез арада тоқтатылады;

3) жалынның кері соққысы туындағанда қыздырғышта немесе кескіште, баллондарда, сақтандыру ысырмасында тез арада вентильдер жабылады, содан соң қыздырғыш пен кескіш суытылады;

4) әрбір кері соққыдан кейін қыздырғыш немесе кескіш суытылады, сақтандыру құрылғылары, майысқақ түтіктер тексеріледі, оларды үрлеу керек, ал қажет болған жағдайда алмастырылады. Құрғақ ысырма корпусының қызып кетпегендігіне көз жеткізіледі.

374. Сериялы емес дайындалған қыздырғыштар мен кескіштерді эксплуатациялау кезінде мундштук және араластырғышта маркировка болады.

375. Газ жалынды жұмыстарда қолданылатын редукторлар МСТ 13861 (ИСО 2503) сәйкес келеді.

376. Редукторды баллон вентиліне жалғамас бұрын мыналар тексерілуі керек:

1) зауыттық реттеудің (немесе жөндеуден кейін) бұзылмағандығы туралы куәландыратын сақтандыру клапанында пломбының немесе басқа да белгінің (бояумен) бар болуы;

2) манометрдің оңтайлығы мен оның сенімділікке тексерілген мерзімі;

3) штуцерлер резьбаларының күйі;

4) оттегі редукторларының жалғау тораптары мен төсемелер беттерінде майдың болмауы;

5) редуктордың кіре беріс штуцерінде төсемелердің болуы, ал ацетилен – вентильде төсеменің бар болуы;

6) кіре беріс штуцерлерінде сүзгілердің бар болуы.

377. Редукторды орнатар алдында баллон вентилін бір – екі секунд бойына үрленеді, шығатын газ ағымының алдында тұруға болмайды.

378. Үрлеуден кейін оттегі баллонының вентилін жабуды кілтті қолданусыз жүргізіледі, ал ацетилен баллонының вентилін арнайы кілтпен жабылады.

379. Редукторды баллон немесе газ тарату желісінің вентиліне жалғау кезінде редуктордың реттеуші винтін сығу серіппесін толық босатқаша дейін бұрайды.

380. Редукторға газ берген кезде баллон вентилін баяу ашылады.

Сұйылтылған және сығылған газдары бар баллондарда газ қысымын қажетті жұмыс қысымында ұстап тұру мүмкін болмағанда газ алу тоқтатылады.

381. Жұмыстан ұзақ мерзімдік үзіліс болғанда газ тарату постыларында, баллондардағы аппаратурада вентиль жабылады, ал редуктордың реттеуші винтін сығу серіппесін толық босатқанша дейін бұрайды.

382. Редукторларды қыздыру (қатып қалған жағдайда) ыстық сумен жүргізіледі, ал оттегі редукторлары үшін – май іздері жоқ сумен жүргізіледі.

383. Рудуктордың саңылаусыздығы сабын сумен тексеріледі.

384. Жабық ғимараттарда тот баспайтын болаттарды оттегі-флюстік кесу кезінде кесушінің жұмыс орны бүйір сорғымен немесе төменгі жергілікті желдетумен қамтамасыз етеді.

385. Оттегі – флюстік кесу қондырғысының бөшкесіне құрғақ еленген флюс салу керек және флюстің біркелкі берілісі қамтамасыз етілетін режимде және аппаратураның қызып кетуіне жол берілмейтіндей болады.

386. Оттегі–флюстік кесу үшін оттегі саңылаусыз жабылған ыдыста құрғақ орында сақтайды.

387. Жұмыс аяқталған соң флюсті қондырғы бөшкесінде ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.

388. Мыналарға жол берілмейді:

1) қыздырғышты (кескішті) ашық вентильдермен немесе жанған жалынмен қалдыруға;

2) жарамсыз аппаратурамен жұмыс істеуге;

3) генератордағы газ қысымы көрсетілгеннен төмен болған кезде жылжымалы генератордан ацетилен пайдалануға;

4) газ тарату постынсыз жанғыш газ желісінен жұмыс істеуге;

5) мундштуктардың шығу арналарын жабу жолымен қыздырғыштың (кескіштің) жалынын сөндіруге;

6) механикалық беріктік пен майысқақ түтіктердің саңылаусыздығы мен қосылыстары бұзылған кезде газ жалынды жұмыстарын жүргізуге;

7) майысқақ түтікті тағайындалуынан басқа мақсаттарға қолдануға;

8) баллондағы (рамптағы) вентиль ашық болған кезде рамптық редукторлар мен баллондарда тарту гайкаларын тартуға;

9) оттегі баллонында майланған киіммен жұмыс істеуге, май жұққан шүберек және құрал – сайман пайдалануға;

10) газ жалынды жұмыстарын арнайы киімді және жеке қорғаныс құралдарын пайдаланусыз орындауға;

11) өрт сөндіру құралдары болмаған кезде газ жалынды жұмыстарын жүргізуге.

5-тарау. Газ жалынды жұмыстарының бөлек түрлері кезіндегі талаптар

1-параграф. Жылжымалы ацетилен генераторын қолданумен газ жалынды жұмыстары
389. Дайындаушының эксплуатациялау жөніндегі төлқұжат-жетекшілігі жоқ жылжымалы генераторларын эксплуатациялауға жіберілмейді.

390. Жылжымалы ацетилен генераторлары ашық ауада немесе аспада көбірек пайдаланылады. Генераторды келесідей орындарда орнатуға рұқсат етіледі: желдетілетін өндірістік және тұрғын үй ғимарттарында, егер бұл ғимарттар көлемі әрбір аппаратқа 300 м3 кем емес және желдетілетін болса немесе егер генератор бір, ал газ жалынды жұмыстар басқа (аралас) ғимаратта орындалса 100 м3.

391. Жылжымалы ацетилен генераторы мынадан кем емес аралыққ орналастырылады:

1) газ жалынды жұмыстарын орындау орындарынан, ашық оттан және қызған заттардан, сонымен қатар желдеткіштер немесе компрессорлар ауаны сору орындарынан 10 м;

2) көліктер өту жолынан 10 м;

3) жаяу жолаушылардың өту жолынан 5 м;

4) оттегі баллондарынан 5 м.

392. Жұмыстарды бастамас бұрын генераторда сақтандыру құрылғысының және сұйықтық ысырмасында судың бар болуын немесе «құрғақ» типті құрылғыны пайдаланған кезде ысырманың ашылуы тексеріледі.

393. Жылжымалы генераторға генератордың төлқұжатында көрсетілген өлшемді және мөлшердегі кальций карбидінің кесектерін салу керек. Өлшемі 2 мм дейінгі карбидтің ұсақ – шаңын сосудта ашық ауада ғимараттан алыс жерде суда араластыру керек (ұсақ шаңның бір көлеміне судың сегіз көлемі).

Карбид ұсақ–шаңын күшті араластырған кезде 200 см2 дейінгі порциялармен сумен сосудқа салады. Кезекті порция алдыңғы толығымен таралғаннан кейін салынады. Тұнба тұнғаннан кейін және жойылғаннан кейін суды кальций карбидінің келесі порциясын тарату үшін қолдануға болады.

394. Жылжымалы ацетилен генераторларында сұйықтық ысырмаларын қолданған кезде ысырмалардағы су деңгейі генераторға кальций карбидін әрбір салғаннан кейін тексеріледі.

395. Толтырылған генераторды тік күйде алыс емес аралыққа екі адам сілкусіз және іркіліссіз тасымалдауға болады.

396. Жұмыс аяқталуымен генератордағы кальций карбидін толық пайдалану керек, тұнбаны төгеді, корпус пен тиеу құрылғысын сумен жуады.

397. Жылжымалы генераторды қайта зарядтау кезінде жойылған ісбесті тұнба осы мақсатта жасалған ыдысқа салынады және тұнба шұңқырына немесе өртке қатысты қауіпсіз орынға орнатылған арнайы бункерге (жәшік) төгіледі.

398. Жылжымалы генераторда су қатып қалған кезде сұйықтық ысырмасында немесе майысқақ түтіктерде оларды ыстық сумен немесе бумен қыздырады. Қыздыру ашық ауада немесе желдетілетін ғимаратта жүргізіледі.

399. Ашық ауада немесе температурасы 00С төмен емес жылытылмайтын ғимараттарда жылжымалы генераторды пайдалану кезінде мынаны орындау керек:

1) генераторды жылудан оқшауландырғыш қатып қалудан сақтандыратын қаптамамен жабу;

2) ұзақ уақыттық үзіліс кезінде және жұмыс аяқталған соң тиеу құрылғысын суырып алу, генератордағы суды толығымен төгу және карбид тұнбасын жою;

3) су ысырмасындағы вентиль корпусы мен майысқақ түтіктерді жылудан оқшаулағыш материалдармен қаптау;

4) су ысырмасына 320 тармаққа сәйкес қатпайтын сұйықтықпен құю;

5) генераторды ғимаратта орнатылған постыны қоректендіру үшін қолданған кезде генератордан су ысырмасын алуға және оны резиналы майысқақ түтігі бар генератормен жалғап ғимаратқа орналастыруға болады.

400. Істеп тұрған жылжымалы генератор орнатылған ғимарат жұмыс аяқталуымен мұқият жалдетіледі.

401. Генератор қақпағы ашылған күйде осы мақсатқа бөлінген орында сақталады.

402. Генераторды жөндеу одан ісбесті тазарту, оны кем дегенде төрт рет сумен толтырумен жуып және үрлегеннен кейін жүргізіледі.

403. Босатылған және жуылған генераторды отегі баллонымен бірге тасымалдауға рұқсат етіледі.

404. Жылжымалы генераторды эксплуатациялау кезінде мыналарға жол берілмейді:

1) қақпақты ашуға және ыстық таратылмаған кальций карбиді бар тиеу құрылғысын суыруға. Түсіруді генератор суынғаннан кейін және ацетиленді алғаннан кейін жүргізеді;

2) генератор ацетиленін ауаның сорылуы мен жалынның кері соққысының туындауынан сақтану үшін қысым толық түскенше және қыздырғыш (кескіш) жалыны сөнгенше дейін пайдалану;

3) карбиді тұнбасын аумаққа төгуге, сонымен қатар оны кәрізге, су қоймаларына, жер асты сулары құрылғыларына төгуге;

4) генераторды жуу және суды ауыстырусыз генераторды қайта жүктеуге;

5) генераторға оның төлқұжатында көрсетілген мөлшерде және өлшемдегіден басқа кальций карбидін салуға;

6) генераторға салу үшін тіпті аз мөлшердегі карбиді шаңын пайдалану;

7) кальци карбидін ылғалды, тұнбадан тазартылмаған, сынған тиеу құрылғыларына салуға;

8) генераторды адамдар жиналатын жерге, өту жолдарына, көліктердің өту жолдарына, саты торларына, ацетиленмен өздігінен қопарулы мүмкін қоспалар түзетін заттардың бөлінуі мүмкін немесе тез жанатын заттар шығарылуы мүмкін ғимараттарда, тоннельдерде, траншеяларда, жертөле және цокольдік ғимараттарда;

9) толытырылған генераторды тасымалдауға;

10) сынған және саңылаусыздықтан ажыраған генератормен, сонымен қатар сақтандыру құрылғысы жоқ генератормен жұмыс істеуге;

11) ацетиленді газ жалынымен өңдеу орнына стационар газ өткізгіш бойынша берумен жылжымалы генератор қолдануға;

12) жанғыш газ шығынынан тәуелсіз жылжымалы генераторды біреуден артық кескіш немесе қыздырғышты жабдықтау үшін қолдануға;

13) генераторды жұмыс кезінде қараусыз қалдыруға.

2-параграф. Ацетиленнің алмастырғыш – газдары мен сұйық жанғышты қолданумен газ жылынды жұмыстар
405. Металдарды газ жалынымен өңдеу кезінде ацетиленді алмастырушы газдар ретінде жану жылуы 4000 ккал/м3 кем емес және құрамында 10 % дан артық емес балласт (жанбайтын құраушылар – көмір қышқыл газы және азот) бар жанғыш газдар, сонымен қатар сұйық газдар қолданылады.

Ацетиленді алмастырушы газдар табиғи газдарға пропан – пропилен және көмірсутегімен қоспада метилацетилен фракциясынан тұратын сұйылтылған газ болып табылатын МАФ газы да жатқызылады;

МАФ газының пайдалану саласы мен оны пайдалануға қойылатын қауіпсіздік техникасы талаптарына пропан – бутан қоспаларын қолданумен сәйкес келеді.

406. Стационар жұмыс орындарында сұйылтылған газдарды пайдаланған кезде бару қиын орындар мен тұйықталған кеңістіктерде төменгі жұмыс зонасынан ауаның сорылуын қамтамасыз ететін желдету қаралады.

407. Ацетиленнің алмастырғыш газдарымен және сұйық жанғышпен жұмыс істейтін аппаратураны газбен қоректендіру, баллондарды эксплуатациялау 3-тарау талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

408. Пропан – бутаны бар баллонмен қысқы мезгілде жұмыс істеген кезде кескіш (қыздырғыш) жалынын тұтандырар алдында жанғыш газ редукторының қысу винтін реттеу серіппесін сыға басталғанша тартады және одан соң винт тұтқасын сағат тілі бойынша жарты айналымнан кем емес бұрады.

409. Ацетиленнің алмастырғыш газдарымен және сұйық жанғышпен жұмыс істейтін аппаратураны эксплуатациялау кезінде экплуатациялау жөнінде жетекшілікпен қаралмаған жанғыштарды қолдануға болмайды.

410. Ацетиленнің алмастырғыш газдарында жұмыс істейтін және тығыздығын жоғалтқан қыздырғыштар, кескіштер, редукторлар, сақтандыру құрылғылары, басқа да аппаратура және майысқақ түтіктерді тез арада алдын ала саңылаусыздыққа сыналғандармен ауыстырады.

411. Ашық отпен жұмыс істеуде жанғыш газдардың ағуы байқалса, тығыздықты жоғалтуларды орнынан келтіріп, ғимаратты желдеткенге дейін жұмыс тоқтатылады.

412. Ацетиленнің жанғыш алмастырғыш газдарын эксплуатациялау, сақтау және тасымалдау кезінде 3-тарау 5-параграфтың талаптарын сақтайды.

413. Сұйық жанғыш үшін барлық жаңадан дайындалған бөшкелерде қысымның бар болуын көрсететін құрылғы және жұмыстың жоғарғы шегі 15 % асып кеткенде қысымды түсіру құрылғысы, бөшкенің жоғарғы бөлігінде жіберу тығыны болады. Құрылғыны бір контрукцияға біріктіруге болады.

414. Сұйық жанғышпен жұмыс істейтін кескішті оттегі майысқақ түтігін оған кері соққының тиюінен сақтайтын қорғаныс құрылғысысыз эксплуатациялауға жол берілмейді.

415. Сұйық жанғышқа арналған майысқақ түтіктер МЕСТ 9356 сәйкес келеді. Майысқақ түтік ұзындығы 10 м артық емес, ал ішкі диамтері 6 мм.

416. Бөшкеге оны ұстап тұрғаннан кейін немесе сүзгіден өткізгеннен кейін жанғышты сыйымдылығының ¾ мөлшерінен артық құюға болмайды. Жанғышты құюды ашық ауада немесе өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған ғимаратта жүргізу керек.

417. Сұйық жанғышқа арналған бөшкенің ажырамалы және ажырамайтын қосылыстарының саңылаусыздығы жұмыс қысымымен жұмысты бастамас бұрын сабын эмульсиясымен тексеріледі.

418. Жұмыс кезінде қауіпсіздіктің мынадай шаралары сақталады:

1) ауаны үрлеу үшін бөшкеге жанып тұрған кескішпен жақындауға;

2) кескішке кіре берісте отегінің қысымын бөшкедегі жанғыштың қысымынан төмен болуына жол бермеу;

3) жанғыш сұйық сіңген киіммен газ жалынды жұмыстарын жүргізбеу;

4) жалынды тұтату, реттеу және сөндіруді дайындаушының эксплуатациялау жөніндегі жетекшілігіне сәйкестікте жүргізеді;

5) жұмыс аяқталуымен жанғышы бар бөшкеден ауаны шығару кескіштегі жалын сөнгенше жүргізіледі. Насос қақпағын (гайканы) бөшкеден ауа толық шыққанша бұрауға болмайды;

6) жанып жатқан жанғышты өрт сөндіргіш, құм көмегімен немесе тығыз маталы материалмен, брезентпен т.с.с. сөндіру керек. Жанған бензин, керосин немесе олардың қоспаларын сумен сөндіруге жол берілмейді.


3 параграф. Монтаждаудағы газ жалынды жұмыстары
419. Жер, еден немесе табан деңгейінен 5 м жоғары деңгейде жұмыстарды орындаған кезде газбен пісірушіге (газбен кесуші) сақтандыру белдігін пайдаланылады және табаны тайғанамайтын аяқ киім пайдаланылады.

420. Монтаждауда жұмыс істейтіндер құрал – саймандарды тасымалдау және сақтау үшін сумкалармен немесе үлкен борттары бар жәшіктермен жарақталады.

421. Кесуді аяқтағаннан кейін металл контрукциясының кесіліп алынған бөлігінің құлап кетуіне жол бермеу үшін оны алдын ала бекітеді.

422. Ағаштар мен көпірлерде жұмыс істеген кезде төменде жатқан ағаштан жасалған құрылыс контрукцияларына ұшқынның тиіп кетуінен қорғану үшін шаралар қолданылады. Ағаш едендерге металл табақшалар төсеп суы бар сосудтар қойылады.

423. Ашық ауада қатты жел, көк тайғақ, найзағай, көріну қашықтығы 100 м төмен тұман кезінде биіктікте жұмыс істеуге жол берілмейді.

424. Қыздырғыштың (кескіштің) жанып тұрған жалынымен басқыштармен, ағаштармен қабаттан қабатқа тағы сол сияқты жүруге жол берілмейді.



4-параграф. Тұйықталған кеңістіктер мен жету қиын орындардағы газ жалынды жұмыстары
425. Тұйықталған кеңістіктер мен жету қиын орындарда (резервуарлар, қазандықтар, цистерналар, құдықтар, жертөлелер тағы сол сияқты) газ жалынды жұмыстарды келесі талаптарды орындау кезінде жүргізеді:

1) тұйықталған кеңістік пен жету қиын ғимараттың төменгі және жоғарғы бөліктерін таза ауа ағымымен және ластанған ауаның сорылуын қамтамасыз ететін үздіксіз істеп тұрған өтпелі – тарту желдеткішінің бар болуы;

2) төменгі қопарылғыштық шегінен 20 % - дан жоғары қопарылу қаупі бар заттар концентрациясының болмауы;

3) жұмыс істеп жатқандарды және олардың араларындағы байланысты бақылаушы сақтандырушының бар болуы. Сақтандырушы тұйықталған кеңістік немесе жету қиын ғимаратқа жұмыс істейтін кірген сәттен бастап шыққанша, жұмыс орнын тастамайды;

4) өрт қауіпсіздік шараларын орындау МСТ 12.1.004 сәйкес.

426. Тұйықталған кеңістіктердегі жету қиын орындардағы газ жалынды жұмыстары наряд – шақтама бойынша орындалады.

427. Тұйықталған кеңістіктер мен жету қиын орындарда жұмыстарды жүргізу кезінде газ баллондарын, газ тарату постыларын, жылжымалы ацетилен генераторларын сыртқа орналастырылады.

428. Жұмыстарды жүргізуге рұқсат сосудты (резервуарды) тазарту және үрлеуден және ауа құрамын анықтағаннан кейін беріледі.

429. Бөліктердегі газ жалынды жұмыстарды тек брезент немесе асбесті киіммен жүргізуге болады.

430. Жабық сосудтарда, құдықтарда, тоннельдерде және басқа да тар қуыстардағы жұмыстар кезінде жергілікті жарықтандыруды пайдаланады: 12 В артық емес кернеуі бар қопарылудан қауіпсіз жасалған тасымалданатын немесе аккумулятор шамдарымен.

431. Жалынның кері соққысы туындаған кезде ыдыс ішінде немесе жету қиын орындағы жұмыстарды тез арада тоқтатады. Газбен пісіруші (газбен кесуші) қыздырғыштағы (кескіште) вентильдерді жауып, ысырманы қарап, редукторлардың дұрыстығын тексеріп жұмыс орнынан кетеді. Сұйықтық ысырмаларын пайдаланумен жұмыстар жүргізу кезінде ысырмадағы сұйықтың бар болуымен және оның деңгейі тексеріледі.

432. Мыналарға жол берілмейді:

1) ауадағы оттегінің мөлшері 19 % төмен болған кезде жабық сосудтар мен құдықтарда жұмыс істеуге;

2) сұйық жанғышпен жұмыс істейтін аппаратураны қолданумен жабық сосудтар, резервуарлар, құдықтар және жету қиын орындарда газ жалынды жұмыстарды орындауға;

3) үзіліс кезінде немесе жұмыс аяқталған соң тұйықталған кеңістіктерде және жету қиын орындарда кескіштер, қыздырғыштар, майысқақ түтіктерді қараусыз қалдыруға;

4) қысымда болатын немесе қопарылғыш және улы заттары бар сосудтарда пісіру және кесу жүргізуге.



5 параграф. Магистралды газ өткізгіштердегі газ жалынды жұмыстары
433. Істеп тұрған газ өткізгішке торамдар кесу бойынша барлық жұмыстар жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына сәйкес және наряд-шақтама бойынша жүргізіледі.

434. Отпен қатысы бар жұмыстарды (газбен кесу және пісіру) істеп тұрған магистраль газ өткізгішіндегі артық қысым 20 – 50 мм су бағ. болған кезде кесу телімін басқа газ өткізгіштен резиналы бекіту шарларымен қалқалағанда және ондағы газды үрлеу майшамдары арқылы атмосфераға шығарғанда жүргізуге болады.

435. Газ жалынды жұмыстарын бастамас бұрын жөнделетін қазандықтағы газ концентрациясын (газ концентрациясы 1 % артық болмайды) тексеру, майысқақ түтіктерді ауадан үрлеу, құрал – сайманның, жылжымалы генератордың, баллондардың жұмысқа қабілеттілігі мен ажырамалы қосылыстардың саңылаусыздығы тексеріледі.

436. Резиналы бекіту шарларындағы газ қысымы 350 – 500 мм су бағ. төмен болмаса және тесіктен шыққан газ тұтатқанда лаулап жанбаса, бір қалыпты жанса, өздігінен сөніп қалмаса, газ жалынды жұмыстарға кірісуге болады.

437. Газ жалынды жұмыстарын жүргізу орнын өрт сөндіру құралдарымен (асбесті қабат, жұмсақ балшық, шелекке құйылған су, көмір қышқыл өрт сөндіргіштер тағы сол сияқты) жабдықталады.

438. Газ жалынды жұмыстарды газ өткізгіш ішіндегі газ жанғанда немесе жалынның кері соққысы пайда болғанда тоқтатылады.

439. Жұмыс орнында газбен пісірушіге (газбен кесушіге) өртену қаупін тудыратын сұйықтық немесе бу пайда болған кезде газ шыққан орынға балшықты ерітінді жағады және дереу жұмыстар жүргізу орнынан (қазандық) кетеді.

440. Газ өткізгіштің жөнделетін теліміндегі саңылаудан шыққан жалынды сөндіруді асбест қабатымен жүргізіледі.

441. Мыналарға жол берілмейді:

1) істеп тұрған магистралды газ өткізгіштерді кесу кезінде оңай жанатын өртену қаупі бар сұйықтықтар (бензин, керосин) қолдануға;

2) жұмыстарды ұйымдастыру жоспарымен, наряд-шақтамамен қаралмаған газ жалынды жұмыстарын жүргізуге.

6-параграф. Шойынды ыстықтай газбен пісіру
442. Ортақ қыздырумен массивті шойын бөлшектерін пісіру кезінде мүмкін болатын күю немесе соққыларға қарсы, ағаш көмірінде бөлшектерді қыздыру кезінде бөлініп шығатын көміртегі қышқылымен улануға қарсы сақтандыру шаралары қолданылады.

443. Газбен кесушінің жұмыс орны, қыздыру пеші жалпы желдетудің бар болуынан тәуелсіз жергілікті тарту желдеткішімен жабдықталады.

444. Массасы 15 кг асатын бөлшектерді пісіру кезінде пісірушінің жұмыс орнын жүк көтеру құрылғысымен жабдықталады.

445. Пісіру кезінде пісіруші жағынан бөлшектің пісіру орнынан басқа барлық орын асбесті табақшамен жабылады.

446. Пісіру удерісін үздіксіз жүргізу кезінде кезеңдік дем алу үшін пісіруді екі пісірушінің кезектесіп орындауымен жүргізеді.

447. Пісірушілердің дем алу орны тікелей жұмыс орнына жақын жерде ұйымдастыру керек және оларды асбесті қалқандармен немесе экрандармен қоршалады.

448. Газбен пісіруші жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

449. Газбен пісіруші брезент кастюмінің сыртынан асбестті фартук, қолына түкті қолғап және сыртынан брезент қолғап киеді.

450. Газбен пісіруші газдалған аздап тұзды ішетін сумен қамтамасыз етіледі.
7-параграф. Газ жалынымен дәнекерлеу
451. Газ жалынымен дәнекерлеу телімдері оқшауланған ғимараттарда орнатылады.

452. Газ жалынымен дәнекерлеу үшін телімдерді жергілікті тарту желдеткішімен жабдықталады.

453. Қолмен дәнекерлеу зонасында жергілікті сорумен туындаған бағытталған ағым жылдамдығы 0,6 м/сек кем болмайды.

454. Құрамға енетін дәнекерлеп жапсыруға арналған қорытпа мен флюстердің бөлек элементтерінің шекті рұқсатты деңгейі МСТ 12.1.005 сәйкес аспайды.

455. Құрамында қорғасын және кадмий мөлшері 20 % асатын қорытпа пайдалануға жол берілмейді.

456. Тұйықталған кеңістіктерде дәнекерлеу кезінде кадмиі бар дәнекерлеп жабыстыруға арналған қорытпаларды қолдануға болмайды.

457. Дәнекерлеу операциялары орындалатын құрастыру тізбектерінде қатарластырылған тарту желдеткіші бар.

458. Тамақтану, тамақты ішетін суды сақтау, газ жалынымен дәнекерлеу, жүргізілетін ғимараттарда темекі тартуға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет