Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылы «18» қыркүйектегі
№ 172 бұйрығымен
бекітілген
Ацетилен өндірісі және металдарды газ жалынымен өңдеу
кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Жалпы талаптары
1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы
1. Бұл Талаптың әрекеті техникалық ацетилен өндірісі және газды оттегі жалынын, төменгі температуралы плазманы және кесу, дәнекерлеу, балқыту, тозаңдандыру және басқа да үдерістер үшін лазерді қолданумен газ жалынымен өңдеуге арналған құрал – жабдықтар мен үдерістерге таратылады.
2. Техникалық ацетилен өндірісі және металдарды газ жалынымен өңдеу (бұдан әрі – МГӨ) телімдері мен цехтарында ұйымдастыру – техникалық шаралар жүргізіледі, олар мынаны қамтамасыз етеді:
1) МСТ 12.1.010 талаптарына сәйкес өндірістің қопарылу қауіпсіздігі;
2) МСТ 12.1.004 және 2006 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі Ережесінің талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі;
3) санитарлық нормалар мен осы Талап орындау.
3. Осы Талап және дайындаушы – зауыттардың эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулықтары негізінде ұйымдар автоген құрал – жабдығын эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде өндірістік нұсқаулық әзірленеді. Нұсқаулықтар бекітілген тәртіпте ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі.
1 кесте
Металдарды газ жалынымен өңдеу үдерісінің құрылымы
Газбен ерітіп пісіру
Газды жаншумен ерітіп пісіру
Газ жалынымен еріту
Газ жалынымен дәнекерлеу, дәнекерлеу – пісіру
Газ жылу тасымалдағышымен пластмассаларды пісіру
Газ жалыны-мен өңдеу үрдістері
Қыздыру
Тозаңдау
Отпен түзету
Беттік жалынмен шынықтыру
Беттік жалынмен тазарту
Жергілікті газ жалынымен қыздыру
Газ жалынымен
Электр доғалық
Плазмалық
Кесу
Оттегі – ацетилен
Гратсыз
Ыстық болатты
Оттекті – ұнтақты копье
Ауа – доғалық
Сұйық жанғыш затпен
Газ – алмас-тырғыштар-мен
Жылдам
Импульстік
Шаю – үрдісті
Үлкен қалыңдықты төменгі қысымды оттегімен
Алдын ала қыздырумен
Тұтастай оттегімен тазарту
Термо – реактивті
Оттегін жеткізумен
Газ – лазерлік
Плазмалы – доғалық
Қосылыс
Оттегі – флюстік
2-тарау. Техникалық ацетилен өндірісіне арналған құрал – жабдықтар мен технологиялық үдерістерге қойылатын қауіпсіздік талаптары
1-параграф. Жалпы талаптар
4. Газ жалынымен өңдеу кезінде қолданылатын техникалық ацетилен МСТ 5457, газ тәрізді және ерітілген ацетилен өндірісіне арналған негізгі технологиялық құрал–жабдық МСТ 12.2.054 сәйкес келеді.
5. Ацетилен өндірісі үшін негізгі технологиялық құрал–жабдық (генераторлар, тазартқыштар, кептіргіштер, компрессорлар, рамптар, сақтандырғыш құрылғылары тағы басқа) мамандандырылған зауыттарда дайындалады және дайындаушы – зауыттың техникалық төлқұжаты болады. Көмекші (стандартты емес) құрал–жабдықтар техникалық құжаттамалар талаптарын сақтаған жағдайда арнайы мамандандырылмаған ұйымдарда әзірленеді және дайындалады.
6. Жобалау ұйымының келісімінсіз ацетилен өндірісі үшін негізгі технологиялық құрал – жабдықтың конструкциясына өзгерту енгізуге жол берілмейді.
7. Ацетилен өндірісі үшін қондырғыларды монтаждау ацетилен станциясының жобасы және дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес орындалады.
8. Өнімділігі 10 м3/сағ. артық ацетилен қондырғысының жобасын аттестациядан өткізілген ұйым орындайды, ал өнімділігі 10 м3/сағ. төмен ацетилен қондырғысының жобасын ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоба бойынша орындауға болады. Барлық жағдайда ацетилен станциясының жобасы бекітілген тәртіп бойынша келістіріледі.
9. Ацетилен өндірісі үшін құрал-жабдықты эксплуатациялау дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамалары талаптарына, технологиялық регламентке, осы Талапқа сәйкес жүзеге асырылады. Аттестациядан өткізілген жобалау ұйымының келісімінсіз ацетилен станциясының өндірістік ғимараты конструкциясына өзгерістер енгізуге, қайта орнатуға және осы ғимараттар тағайындалуын алмастыруға жол берілмейді.
2 параграф. Өндірістік ғимараттарға, желдетуге, жарықтандыру мен электр құрал – жабдықтарына қойылатын талаптар
10. Қабырғалардың ішкі беттері және кальций карбидің пайдалану қоймасы, генератор, тығынын алу ғимараттарының басқа да констркциялары тегіс түпсіз, ойықтарсыз және басқа да шаңның жиналуы мүмкін құрылыс элементтерінсіз.
Бұл ғимараттар қабырғаларының бояуы карбид шаңынан ажыратылатын, тез жуылмайтын бояулармен жүргізеді.
11. Технологиялық құрал – жабдық орналасқан ғимарат, бөлек тұрған газгольдерлер найзағай мен оның екінші реттік пайда болуы ҚРСН 2.04-29-2005 талаптарына сәйкес қорғалады.
12. Ацетилен станцияларының өндірістік ғимараттарын жылыту жылу тасымалдағыш температурасы 403 К (1300С) аспайтын сумен немесе бумен жылыту немесе өтпелі желдетумен біріктіріліп ауамен жылыту қарастырылады. Жылытылатын ғимараттардағы температураның қамтамасыз етілуі:
1) газгольдер, электр мотор және тығынды ғимараттарда 288 К (150С) төмен емес;
2) бояу ғимараттарында 293 К (200С) төмен емес;
3) әкімшілік және тұрмыстық ғимарттарда санитарлық нормаларға сәйкес.
Өндірістік ғимарттарды желдету және ауамен жылыту үшін толық немесе жарым – жартылай рециркуляция қолдануға жол берілмейді.
13. Генератор, компрессор және құю ғимараттарында жылыту аспаптары тегіс құбырлардан жасалады. Тығын ғимараты мен кальций карбиді қоймасында жылу орнатуға жол берілмейді.
14. Ацетилен қондырғысының барлық өндірістік ғимараттарында, сорғы ғимараттарында және ацетиленнің жиналуы мүмкін орындарда оның ауадағы мөлшерін МСТ 12.1.004 сәйкес автоматты әрекетті аспаптармен немесе ауадан сынаманы дистанциондық алу құрылғысы бар қолмен жұмыс жасайтын аспаптармен бақыланады. Газдану қаупінің дабылын ауадағы ацетилен мөлшері қопарылғыштықтың төменгі шегінен 20 % дейін, яғни ауадағы ацетилен 0,46 % кезінде беріледі.
15. Өндірістік және көмекші ғимараттар МСТ 12.1.004 сәйкес келеді, Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі Талаптарына сәйкес өрт сөндірудің бірінші реттік құралдарымен және МСТ 12.4.009 сәйкес өрт құрал – саймандарымен қамтамасыз етіледі.
16. Өрт сөндіру құралдары мен өрт құрал – саймандарын орналастыру жобамен анықталады. Өртке қарсы құрал – сайманға және құрал – жабдыққа бөгетсіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
17. Кальций карбиді немесе карбид шаңы (кальций карбиді қоймасында, және аралық қоймада, тығын бөлімшесінде және генераторлардың тиеу құрылғыларында) пайдаланылатын ацетилен қондырғылары ғимарттарында өрт сөндіру үшін су және көбікті өрт сөндіргіштер қолдануға жол берілмейді. Мұндай жағдайда көмірқышқылды өрт сөндіргіштер мен құм қолданылады.
18. Өнімділігі 20 м3/сағ артық станцияларда өтпелі желдету жұмысы технологиялық құрал – жабдық жұмысымен жалғанған.
19. Өтпелі желдеткіштердің жұмысы мен тоқтатылуы үнемі қызмет көрсетуші қызметкері бар ғимаратқа орнатылған басқару қалқанынан шығарылған жарықты және дыбысты дабыл бергішпен жазылады.
20. Өтпелі желдеткішпен ауа беру жұмыс зонасында жүзеге асырылады. Қопарылу қаупі бар ғимараттар үшін ауаның айналу дәрежесі алтыдан кем емес. Қопарылу қаупі бар ғимараттарды қопарылу қаупі жоқ ғимараттардан ажыратып тұратын дәліздер мен тамбурларға, мотор бөлімшелеріне ауаны ауаның айналымын үшеуден кем емес болуын қамтамасыз ететін бөлек өтпелі желдеткіштен беріледі.
21. Желдеткіштен кейін ауа өткізгіште орнатылған желдету құрал – жабдығы, тарту және өтпелі желдету жүйелерінің реттеу құрылғылары ұшқынның пайда болуына жол бермейді.
22. Жабық түрдегі тұнба шұңқырлары табиғи желдетумен қамтамасыз етіледі, тарту құбырлары ең биік ғимараттың шатырынан 30 м радиуста 1 м биіктікке шығарылады.
23. Ацетилен ортасы бар қопарылу қаупі бар ғимараттарды жарықтандыру деңгейі мен электрмен жарықтандыру тәсілі Электрқондырғылары құрылғысы талаптарына (ЭҚТ) сәйкес орнатылады.
24. Ацетилен станциясының қопарылу қаупі бар ғимараттары терезелердің саңылаусыз жабылған фрамугалары немесе арнайы түрлі фонарьлар арқылы сыртқы электрлік жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
25. Сынған немесе саңылаусыздығын сақтамай орнатылған бақылау терезелері болған кезде құрал – жабдықтың жұмысына жол берілмейді. Жұмыс және апаттық жарықтандыру қаралады.
26. Рұқсат етілетін дыбыс деңгейін тұрақты жұмыс орындау және өндірістік ғимарттардағы жұмыс зоналары үшін МСТ 12.1.003 талаптарына сәйкес қабылданады.
27. Ацетилен станциясына орнатылған жарықтандыру аппаратурасы, электр қозғалтқыштар ацетилен – ауа ортасында жұмыс істеу үшін арналған және қопарылудан қауіпсіз жасалуы қаралады.
28. Әдеттегідей жасалған электрқозғалтқыштары оқшауландырылған қопарылудан қауіпсіз ғимаратта орнатылады. Трансмиссия немесе электр қозғалтқыш білігі электрмотор ғимаратын бөлетін қабырғамен қиылысқан орында жанбайтын материалдардан жасалған газ өткізбейтін тығыздағышпен оқшауландырылады. Білігі қабырға арқылы өткізілген ғимарат сыртында орнатылған электрқозғалтқыштары атмосфералық жауын – шашыннан қорғалады.
29. Электр сағаттарын, телефон және қопарылу қаупі бар ғимараттардағы жұмыс үшін тағайындалмаған басқа да аппаратураны орнатуға жол берілмейді.
30. Болат металл алаңдары мен сатылар баспалдақтарын қопарылу қауіпсіз ғимараттарда резиналы төсемелермен жабылады.
3-параграф. Ацетилен қондырғыларын эксплуатациялауға
қойылатын талаптар
31. Ацетилен қондырғыларында төлқұжат бар – 1-қосымша.
32. Ацетилен қондырғысын эксплуатациялауға қосу бекітілген тәртіпте комиссиямен қабылдағаннан кейін рұқсат етіледі.
33. Комиссияға мыналар ұсынылады:
1) ацетилен станциясының құрылыс, сантехника, БӨАжА, электртехникалық және басқа бөліктерінің дайындығы туралы актілер;
2) ацетилен станциясының барлық құрал – жабдықтарына төлқұжаттар;
3) технологиялық құрал – жабдықтар мен құбырлы өткізгіштердің техникалық куәландыру актісі;
4) технологиялық құрал – жабдықтар мен құбырлы өткізгіштерді беріктік пен саңылаусыздыққа сынақ актілері;
5) құрал – жабдықтар мен құбырлы өткізгіштерді ауадан азотпен үрлеу туралы актілер;
6) компрессорларды жүргізіп жаттықтыру актісі;
7) зауыт комиссиясының сынақ актісі.
34. Ацетилен қондырғылары мен өткізгіштерін беріктік пен саңылаусыздыққа сынақ былайша жүргізіледі:
1) төменгі қысымда – 0,02МПА (0,2кгс/м2) дейін – жұмыс қысымымен саңылаусыздыққа;
2) орташа қысымда – 0,02 МПА (0,2 кгс/м2) жоғары 15 МПА (1,5 кгс/м2) дейін – 1,25 есептеу қысымымен беріктікке гидравликалық сынаққа (1991 жылдан шығарылған құрал – жабдықтар үшін 1,1 есептеу) және жұмыс қысымымен пневматкалық сынаққа;
3) жоғары қысымда – 0,15 МПа (0,5 кгс/м2) жоғары – 1,25 есептеу қысымымен беріктікке гидравликалық сынаққа және жұмыс қысымымен пневматкалық сынаққа. Есептеу қысымы МСТ12.2.054 және МСТ12.2.060 сәйкес анықталады.
35. Ацетилен қондырғысын реттеу және сынама қосуы дайындаушылардың эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.
36. Ацетилен қондырғысын сынама қосу алдында МСТ 9293 бойынша тазалығы 97 % кем емес азотпен барлық аппараттар мен коммуникацияларды ауадан үрлеу жүргізіледі. Азоттың орнына үрлеу үшін баллондарды көлемі 0,5 м3 кем емес, қысымы 0,2 МПа (2кгс/м2) аспайтын аралық ыдыс арқылы жіберген жағдайда МСТ 8050 бойынша сұйылтылған көмір қышқыл газын қолданады, бұл кезде баллон, ыдыс, майысқақ түтік және шығару сопласы жермен тұйықталады (статикалық электрді кетіру үшін).
37. Аппараттар мен ацетилен өткізгіштерді үрлеу былайша жүргізіледі:
1) қосу алдында;
2) жөндеуге, тазалауға немесе консервациялауға тоқтату алдында;
3) жөндегеннен кейін;
4) ацетилен ортасында жұмыс істейтін аппараттың қандай да бір торабын ашу алдында;
5) жұмыс 72 сағатқа тоқтатылғаннан кейін.
38. Үрлеу газының қысымы атмосфералықтан жоғары, бірақ үрленетін аппараттың жұмыс қысымынан артық болмауы қамтамасыз етіледі.
39. Аппараттар (генераторлардың тиеу құрылғыларынан басқалары) мен құбырлы өткізгіштерді үрлеу үшін газды жеткізу алынбалы телім немесе майысқақ түтіктің екі жағынан да майысқақ түтіктер немесе бекіту арматурасы алынбалы телімдерінің көмегімен жүргізіледі. Үрлеу аяқталуымен құбырлы өткізгіштер немесе майысқақ түтіктердің осы телімдері алынады, ал бекіту арматурасының ацетилен жағынан тіркеу журналына міндетті тіркелуімен (генераторлардың тиеу құрылғыларынан басқалары) тығыны орнатылады.
40. Үрлеу газдарының шығарылуы жалпы немесе ғимарат төбесінен 1 м кем емес биіктікке шығарылып орнатылған бөлек майшам арқылы жүргізіледі. Үрлеу ұзақтығы оттегі мөлшері 3,5 % асуына рұқсат етілмейтін үрлеу газдарын талдаумен белгіленеді. Оттегі мөлшеріне үрлеу газдарын талдау толтыру рамптарының алдында компрессордан кейін генератордан және газгольдерден және құбырлы өткізгіштердің барлық шеткі телімдерінен алынады.
41. Генераторды қосқаннан кейін құрал – жабдықтар мен құбырлы өткізгіштер үрлеу ацетиленмен азоттан босатылады. Пайдалану желісіне келген ацетилендегі азот мөлшері 3 % артық емес, толтыруға келген баллондарда 1 % азоттан артық емес.
42. Қысымы 20 м3/сағ. және одан жоғары қондырғылардың жоғары қысым тізбегінде барлық құрал – жабдықты және коммуникацияны азотпен апаттық (жартылай автоматты және автоматты) үрлеу қаралады.
Үрлеу жұмыс қысымын 50 % асатын қысымда жүргізіледі.
43. Аппараттар, құбырлы өткізгіштер, арматура және ацетиленмен жанасатын басқа да құрал – жабдықтар бөлшектері үшін мыс және оның қорытпаларын пайдалануға жол берілмейді.
44. Аппараттар, құбырлы өткізгіштер және ацетилен қондырғысының басқа да құрал–жабдықтары мүмкін болатын статикалық электрдің ұшқынды разрядтарынан сақтандырылады және МСТ 12.1.018 және МСТ 12.1.030 сәйкес жермен тұйықталады.
45. Аппараттар мен ацетилен өткізгіштердегі ацетиленнің қысымын өлшеуге арналған манометрлердің циферблатта «Ацетилен» деген жазумен МСТ 2405 бойынша дәлдік класы 2,5 төмен емес. Циферблатта немесе манометрдің шынысына рұқсат етілетін жұмыс қысымын көрсететін қызыл сызық жүргізіледі. Қызыл сызықтың орнына манометрдің сыртына бекітілген қызыл түске боялған және манометрдің шынысына тығыз жататын металл пластинка орнатуға болады.
46. Манометрлер қысқа мерзімдік сөндіру жолымен кем дегенде аптасына бір рет тексеріледі; бұл кезде бағдарша нөльдік белгіде тоқтатылады. Жөндеуге келмейтін манометрлер журналда нөмерлерін жазумен оның жұмыс істейтініне алмастырылады.
47. Манометрлер кем дегенде бір рет бақылау манометрлерімен тексеріледі. Манометрлер «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес тексеріледі.
48. Қондырғыны эксплуатациялау үрдісінде аппараттардың жұмыс параметрлері журналда – 2– 8 қосымша тіркеледі.
49. Ацетилен өндірісі үшін құрал – жабдықты эксплуатациялау кезінде болаттан жасалған құрал – саймандар қолдануға жол берілмейді. Барлық құрал – саймандар (кілттер, балғалар, шапқылар тағы сол сияқты) жезден немесе басқа ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.
50. Ацетилен құрал – жабдықтар мен құбырлы өткізгіштердің барлық вентильдері мен крандары оларды эксплуатациялау кезінде күрт өзгеріссіз баяу жабылады және ашылады.
51. Ацетилен қондырғысының технологиялық құрал-жабдығын эксплуатациялауға барлық қопарылу қаупі бар ғимараттарда жобаға сәйкес орындалған өтпелі – тарту желдеткіші бар болған кезде жүргізіледі.
52. Желдету құрылғылары дұрыс істемей тұрған кезде және желдеткіш сөніп тұрғанда қондырғының технологиялық құрал – жабдығын эксплуатациялауға жол берілмейді.
53. Өтпелі желдеткіштің қосылуы:
1) негізгі технологиялық құрал – жабдықтың электр қозғалтқыштарын қосуға 20 минут қалғанда;
2) сыйымдығылы 100 тоннадан асатын карбид қоймасында тиеу – түсіру жұмыстары басталғанға 30 минут қалғанда.
54. Карбид қоймалары мен ацетилен қондырғыларының электр құрал–жабдықтары электр қондырғылары құрылғылары Талаптары, тұтынушылардың электрқондырғыларын техникалық эксплуатациялау Талаптары және тұтынушылардың электрқондырғыларын эксплуатациялау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
55. Ацетилен қондырғысының құрал – жабдықтары мынадай жағдайда тоқтатылады:
1) БӨА үшін ауа болмағанда;
2) үрлеу үшін азот болмағанда;
3) тығыздаудың бұзылуы және газ аққанда;
4) бақылау өлшеу аспаптары істемей қалғанда;
5) жарықтандыру болмағанда;
6) қондырғының кез келген бөлігінде апаттық жағдай орын алғанда;
7) ғимарат газданғанда;
8) қысқы уақытта жылыту тоқтатылғанда;
9) өрт болғанда;
10) желдету жүйесінің жұмысы тоқтағанда.
56. Ацетилен құрал – жабдықтарын тазалау, тазартқыштарды, кептіргіштерді және ұқсас басқа да құрылғыларды қайта жүктеу бойынша жұмыстарға бір уақтылы кем дегенде екі адам қатынасады.
Аталған жұмыстар наряд – шақтама бойынша жүргізіледі.
57. Ацетилен қондырғысының ашық тұнба жинағыштары (шұңқырлар) қоршалады. Қоршауы дұрыс емес ашық жинағыштарды эксплуатациялауға жол берілмейді.
58. Тұнба жіберу арналарының жабық түрі және тазалауға қол жетерлік және сумен шайылатын түрлі болады.
59. Тұнбаның ацетилен станциясы аумағына және оған жататын аумаққа төгілуіне жол берілмейді.
60. Құрамында ацетилені бар су және тұнбаны (генератордан, газгольдерден, тұнба жинағыштардан) ортақ кәрізге және су айдынына жобамен қаралған тазарту құрылғыларын қолданусыз жіберуге жол берілмейді.
61. Тұнба жинағыштар тазартылады, оларға тұнбаның толып кетуіне жол берілмейді. Тұнба жинағыштардың люктері жабылады.
62. Тұнба жинағыштардың жанында жазулар, темекі тартуға жол бермейтін қауіпсіздіктің дабылдық белгілері қаралады. От жағу немесе бықсыған заттар 10 м артық орында болады.
63. Технологиялық құрал–жабдық жұмысы кезінде ацетилен станциялары ғимараттарында ацетилен өндірісімен қатысы жоқ жұмыстарды орындауға жол берілмейді.
64. Станция аумағына, кальций карбиді қоймасына және ғимаратқа кіруге тек қызмет көрсететін қызметкерлер және еріген ацетилен алумен байланысты және арнайы рұқсаты бар тұлғаларға рұқсат етіледі.
4-параграф. Стационар ацетилен генераторларын
эксплуатациялауға қойылатын талаптар
65. Құрылғылары оңтайлы істемейтін өнімділігі 20 м3/сағ және одан жоғары стационар ацетилен генераторларын температураны, газ қысымын, газ жинағыштағы су деңгейін ұстап тұру, сұйық тұнбаны жартылай автоматты және автоматты құю үшін эксплуатациялауға жол берілмейді.
66. Өнімділігі 10 м3/сағ генераторларды бір адамға қызмет көрсетуге, өнімділігі 10 м3/сағ жоғары генераторларға кем дегенде екі адам қызмет көрсетуге болады.
67. Генераторлар жұмысы әрбір ауысымда журналда 3-қосымшада тіркеледі.
68. Генераторды эксплуатациялау кезінде карбидті пайдалану генератордың төлқұжатында көрсетілген мөлшерде рұқсат етіледі.
69. Карбид шаңы және өлшемі 2 мм төмен ұсақ түйектер бөлек саңылаусыз ыдысқа жиналады. Жиналған шаң мен кальций карбидінің ұсақ – түйегін арнайы генераторда пайдалануға болады немесе ол ғимараттан алыс жерде ашық ауада ыдыстарда шаң (ұсақ – түйек) мен судың қатынасы 1:8 болғанда суда және 200 см3 артық емес порциямен таратылады.
Карбид шаңын (ұсақ-түйегін) тұнба шұңқырында сақтауға жол берілмейді.
70. Генератор қысымы мен температурасы төлқұжаттағы көрсетілгеннен асып кетсе, генераторды эксплуатациялауға жол берілмейді.
71. Төлқұжатта көрсетілген жоғары өнімділікті ацетилен өндіруге жол берілмейді.
72. Бункерде күмбез пайда болғанда кальций карбидін итеру бункерді алдын ала азотпен үрлеумен материал соғылғанда ұшқын шығармайтын (жез, ағаш тағы сол сияқты) құралдармен жүргізіледі.
73. «Карбидке арналған су» және «байланысты» түрлі генераторларына карбидті, кальциді салу оңтайлы, құрғақ және тұнбадан тазартылған тиеу құрылғыларымен жүргізіледі.
74. Үйкелуі кезінде немесе кальций карбиді болат беттермен соқтығысқанда ұшқын түзілуі мүмкін «Карбидке арналған су» деген генераторларының тиеу құрылғыларын пайдалануға жол берілмейді. (Болат беттерді ұшқын шығармайтын материалдармен жалатылады). «Карбидке арналған су» және «байланысты» деген генераторларында тиеу құрылғыларының үйкелетін бөліктері ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.
75. Стационар генераторлардың реторттары және бункерлеріне кальций карбидін салар алдында, салу кезінде және өндіргеннен кейін дайындаушының эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулықтарына сәйкес инертті газбен үрленеді.
76. «Карбидке арналған су» түрлі генераторларында ферросилицидін түсіру және тұнбаны шығару (қолмен төгу кезінде), газ түрлендіргішке су беру кезінде және оның деңгейін қатаң бақыланған кезде жүргізіледі.
77. «Карбидке арналған су» және «байланысты» түрлі генераторларын босатуға оларда кальций карбиді бар болған кезде, ерекше жағдайда кальций карбиді суынғаннан соң және газ түрлендіргішке азотты үздіксіз беру кезінде жүргізіледі.
78. Генератор ұзақ уақытқа тоқтатылғанда ауаның сорылуынан сақтану үшін қалтқы қоңырауы бар газгольдерлерді оның сыйымдылығының 15 % кем емес мөлшерде ацетилен қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |