1-тарау. Жалпы талаптары 1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы


-параграф. Сақтандыру құрылғыларын орналастыру және эксплуатациялауға қойылатын талаптар



бет4/6
Дата12.06.2016
өлшемі490.5 Kb.
#130641
1   2   3   4   5   6

6-параграф. Сақтандыру құрылғыларын орналастыру және эксплуатациялауға қойылатын талаптар
261. От қоршаулары мен жалын сөндіргіштердің сақтандыру ысырмалары аттестациядан өткізілген кәсіпорындарда жасалады, осы құрылғыларды қопарылысқа сынақтар дайындаушының нормативтік құжаттары бойынша жүргізіледі.

262. Газ шығыны мен қысымы берілген құрылығы үшін рұқсат етілетін шамалардан асып кететін сақтандыру құрылғыларын пайдалануға жол берілмейді.

263. Жоғары қысымды желілік от қоршаулары мына орындарда орнатылады:

1) ацетилен компрессорының шыға берісінде;

2) ацетилен кептіргішінен шыға берісі мен кіре берісінде;

3) ацетилен толтыру рамптарын басқару қалқанының кіре берісі мен шыға берісінде немесе ацетилен толтыру рампының кіре берісінде (рамптың әрбір торамында);

4) магистральдық, цех аралық ацетилен өткізгіштердің кіре берісі мен шыға берісінде, егер жұмыс талаптары бойынша қысымы 0,15 МПа (1,5 кгс/см2) асып кетсе, цех ацетилен өткізгіштерінің кіре берісінде.

Жоғары қысымды тізбектерде желілік от қоршауларын орнату МСТ 12.2.060 1.12 сәйкес жүргізіледі.

264. Орта және төменгі қысымды, оның ішінде мұнаралы түрлі желілік от қоршаулары мына орындарда орнатылады:

1) стационар ацетилен генераторынан кейін немесе генератор ғимаратынан ацетилен өткізгіштің шыға берісінде;

2) ацетилен ғимаратының сыртына бөлек тұрған газгольдер алдында және оған ацетиленді шығару тізбегінде;

3) төменгі және орта қысымды (0,15 МПа дейін) газ тәрізді ацетиленді пайдаланушыларға беру үшін цех аралық ацетилен өткізгіштің басында және соңында. Ацетилен станциясының генератор ғимаратынан ацетилен өткізгіштің шыға берісінде төменгі және орта қысымды желілік от қоршауы бар болған кезде цех аралық от қоршауын орнату талап етілмейді.

265. Баллондық от қоршаулары толтыру ацетилен рампы мен толтырылатын баллон аралығына орнатылады.

266. Манометрлік от қоршаулары манометрлерді жоғары қысымды (0,15 МПа жоғары) ацетилен өткізгіштермен жалғау орнына орнатылады.

267. Жоғары қысымды от қоршауларын орнату алдында қорғалатын құрал–жабдық және ацетилен өткізгіштерді инертті газбен үрлейді.

268. От қоршауларының кезеңдік тексерілуінің жүргізілуі:

1) төменгі және орта қысымды – екі жылда кем дегенде бір рет және саптама күйін бақылау және оны тазалау қаралады;

2) жоғары қысымды – жылына кем дегенде бір рет және газ ағымына кедергісі және клапандар күйі қаралады.

269. От қоршауын бөлшектеу және жөндеу дайындаушының эксплуатациялау жетекшілігімен жүргізіледі.

270. Сақтандыру клапандары (сұйықтық, құрғақ) тағайындалуы мен орнатылу орындарына байланысты орталық, постылық және аппаратуралық (жалын сөндіргіштер) болып бөлінеді.

271. Орталық ысырмалар қорғалатын құрал–жабдыққа және газ өткізгішке әрқайсысы жеке немесе постылық қорғаныс құралымен қамтамасыз етілген металлдарды газ жалынымен өңдеуге арналған құрал – саймандар тобына (кескіштер, қыздырғыштар тағы сол сияқты) қоректендіру кезінде пайдалану жағынан газ – ауа жалыны немесе ауа арқылы өтуінен сақтану үшін тағайындалған.

272. Орталық ысырмаларды мына орындарға орнатылады:

1) әрбір торамда жетеуден артық жұмыс (пісіру) посты бар болған кезде цех ішілік ацетилен өткізгіштердің әрбір тарамдалған торамында;

2) әрбір торамда жетеуден артық жұмыс (пісіру) посты бар және торамдалған ацетилен өткізгіш болмаған кезде газ жалынымен өңдеу жүргізілетін цехта (телімде) ацетилен өткізгішке кіре берісте;

3) егер рампа сақтандыру құрылғысымен (ысырмасымен) жарақтанбаса, редуктордан кейін қайта жіберу (разрядтық) ацетилен рампынан шыға берісте.

273. Цехқа (телімге) кіре берісте немесе цехішілік ацетилен өткізгіштердің торамдарында орталық ысырмалар бар болған кезде цехаралық ацетилен өткізгіштің соңында төменгі және орта қысымды от қоршауларын орнату талап етілмейді.

274. Орталық ысырмаларды төменгі және орта қысымды от қоршаулары ретінде пайдалануға болады.

275. Орталық сұйықтық ысырмаларын желдетілетін құлыпталатын шкафтарда, ал құрғақтарын ашық панельдерде орнату ұсынылады.

276. Постылық ысырмалар мына орындарға қойылады:

1) газ өткізгіштен шыға берісте газ тарату постыларында (3 тарау 4-параграф);

2) жылжымалы ацетилен генераторларында (5-тарау 1-параграф).

277. Постылық ысырмаларды 262-тармақ талаптарын сақтаған жағдайда орталық ретінде пайдалануға рұқсат етіледі.

278. Сұйықтық ысырмаларын пайдалану кезінде ауысымына кем дегенде сұйықтық деңгейін тексеріледі.

279. Сұйықтық ысырмасы кем дегенде үш айда бір рет және әрбір кері соққыдан кейін бөлшектенеді, тазаланады және жуылады. Бұл кезде кері клапан мен ершіктің күйі тексеріледі. Қажет болған жағдайда, клапанды алмастыру жүргізіледі. Құрастыру алдында клапан ершігі тавотпен майланады.

280. Барлық ацетиленді алмастырғыш – газдармен, сонымен бірге сутегімен, жұмыс істеу үшін ацетиленде жұмыс істеу үшін тағайындалған ысырмалар пайдалануға рұқсат етіледі; ацетиленмен және сутегімен жұмыс кезінде ацетиленді алмастырғыш – газдармен жұмыс істеуге тағайындалған сақтандыру құрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмейді.

281. Құрғақ ысырмаларды қолдану кезінде бақылаушы арқылы бір типті бірнеше, бірақ үшеуден артық емес ысырманы параллель жалғауға жол беріледі. Бұл кезде олардың сомалық өткізу қабілеті газдың ең жоғарғы шығынынан 20 % аспайды.

282. Кері соққыдан кейін құрғақ ысырма корпусы 313 К (400 С) артық температураға қызып кеткенде ысырманы газ өткізгіштен алу және бөлшектеу керек және дайындаушының эксплуатациялау жөніндегі жетекшілігіне сәйкес жөндеуге жатқызылады немесе ысырманы алмастырады.

283. Құрғақ сақтандыру құрылғыларында газ ағымына кедергі төлқұжаттық нормалармен бекітілген шамадан асып кеткен жағдайда, коммуникациядан алдымен сақтандыру құрылғысын алып инертті газбен қайта жаңғыртуды жүзеге асырады.

284. Құрғақ ысырмалардың жалын сөндіргіш элементтерінің (және от қоршауларының) саңылаусыздықтан ажырауына жол берілмейді. Элементті қайта жаңғырту (жұмыс сипаттамаларын қалпына келтіру) оны құрылғы корпусынан алусыз жүргізіледі.

285. Кері температуралар жағдайында сұйықтық ысырмаларын эксплуатациялау кезінде қиын қататын сұйықтықтар құйылады.

Осы мақсатта судағы этиленгликольдің 60 % ерітіндісін немесе судағы хлорлы кальцидің 30 % ерітіндісін (-400С дейінгі температура үшін) пайдалану ұсынылады. Этиленгриколь негізіндегі антифриздерді МСТ 159 бойынша қолдануға рұқсат етіледі.

– 300 С дейінгі температура кезінде судағы глицериннің 55 % ерітіндісін қолдануға рұқсат етіледі.

286. Қиын қататын сұйықты сумен алмастырар алдында ысырма корпусы мен клапанды мұқият жуады.

287. Сақтандыру құрылғыларын (ысырмалар, от қоршаулары тағы сол сияқты) бірінші реттік қолданар алдында жанғыш газдың газ өткізгіштеріне орнатқаннан кейін, газ өткізгішті жанғыш газбен үрлейді.

288. Газ жолы бойымен ысырманың алдында тез жабылатын бекіту құрылғыларын орнатады.

289. Жұмыс басталар алдында сақтандыру ысырмасының алдындағы бекіту құрылғысын ашу және майысқақ түтіктер мен от аппаратурасын жұмыс газымен 5–10 секунд бойы үрлейді. Итеру клапанын жұмыс күйіне орнын ауыстыру құрылғысы бар құрғақ ысырманы қолданған кезде штокпен ысырма клапаны ашылады, содан соң штокты жұмыс күйіне бұрады.

290. Апаттан кейін сақтандыру құрылғысын пайдаланған кезде коммуникацияны шөгіндіден тазартуды жүзеге асырады. Бұл кезде шөгіндінің сақтандыру құрылғысына түсіп кету мүмкіндігіне жол бермейді.

291. Аппаратуралық ысырмалар (жалын сөндіргіштер) стационар машиналар кескіштерінің кіре беріс штуцерлеріне және металлдарды газ жалынымен өңдеу қондырғыларына орнатылады. Жалын сөндіргіштерді, егер жанғыш газ қысымы 0,02 МПа (0,2 кгс/см2) төмен болса, МГӨ қол аппаратурасының қосымша қорғаныс құралы ретінде пайдалану ұсынылады.

Жалын сөндіргіштерді машина кескіштерінің от аппаратурасында немесе газ жалынымен өңдеу қондырғыларында орнатқан жағдайда орталық ысырмаларды газ тарату постыларында постылық ысырмалар орнына пайдалануға рұқсат етіледі.

292. Жалынның кері соққысы пайда болған кезде от аппаратурасындағы және газ тарату постындағы вентильдерді тез арада жабады.

293. Кері клапандар ацетиленді алмастырғыш – газдар газ өткізгішінде пайдалану үшін (газ тарату посты) газ алу орнына орнатылады.

294. Кері клапандарды стационар машиналардың от аппаратурасының кіре берістегі штуцерлеріне және газ жалынымен өңдеу қондырғыларына орнатуға жол беріледі.

295. Сұйық жанғышпен жұмыс істеу кезінде оттегін беру майысқақ түтігі кері клапанмен қорғалады.

296. Кері клапан жұмысын тығыздыққа сенімділікке тексеруді ауысымына кем дегенде бір рет, әрбір кері соққыдан кейін жүргізіледі.

297. Кері клапанда асқын ағым анықталған кезде тығыздау элементінің күйі тексеріледі.

298. Гравитациялық әрекет ететін сақтандыру құрылғылары (сұйықтық ысырмалар, кері клапандар тағы сол сияқты) тік орнатылады. Құрғақ ысырмалардың, от қоршауларының және серіппелі клапандарының кеңістіктегі күйі монтаждау және эксплуатациялау тиімділігімен анықталады.

299. Итеру құрылғысы қопарылу толқыны әсер етуі мүмкін жақтан кіре берісте немесе шыға берісте немесе мұнаралы типті от қоршауларынан басқа, жоғарғы және орта қысымды от қоршауларының екі жағынан орнатылады.

300. Сақтандыру клапандар мен жару мембраналары, егер болмаса аппаратқа тікелей қосылатын құбырлы өткізгіштерде немесе майысқақ түтіктерде орнатылады. Сақтандыру клапандар мен жару мембраналарын от қоршаулары немесе ысырмалардан кейін (газ жолы бойымен) газ өткізгіштерге тікелей орнатуға рұқсат етіледі.

301. Сақтандыру клапандар мен жару мембраналарын өндірістік ғимараттарда орнатқанда газдың ғимараттан тыс қауіпсіз орынға шығарылуы бойынша шаралар қабылданады.

302. Жару мембраналары олардың күйінен тәуелсіз кепілді қызмет мерзімінің өтуімен алмастырылады.

303. Сақтандыру мембраналарын зақымданған кезде алмастырылады. Мембраналарды алмастыру технологиялық регламентке сәйкес құрал – жабдық немесе коммуникацияда газ қысымы болмаған кезде жүргізіледі. Мембраналарды алмастырғаннан кейін оларды газ сіңіргіштікке сабын эмульсиясымен тексереді.

304. Металл торлар, тесілген табақшалар тағы сол сияқты мембрананың сыртқы бетінен оның мүмкін болатын майысуынан аз аралықта орнатуға рұқсат етіледі.

305. Сақтандыру құрылғыларына техникалық қызмет көрсету, кезеңдік тексерулер және жөндеу дайындаушыларды эксплуатациялау жөнінде жетекшілігіне (төлқұжат) сәйкес жүргізіледі.

7-параграф. Майысқақ түтіктерді эксплуатациялауға қойылатын талаптар
306. Газ жалынымен өңдеу кезінде резина қолғаптары қолданылады, олар мынадай кластарға жатқызылады:

1) І – 0,63 МПа дейінгі (6,3 кгс/см2) қысыммен жанғыш газдарды беру үшін;

2) ІІ – 0,63 МПа дейінгі (6,3 кгс/см2) қысыммен жанғыш газдарды беру үшін;

3) ІІІ – 2 МПа дейінгі (2 кгс/см2) қысыммен оттегін беру үшін.

Майысқақ түтіктердің резина қабатының сыртқы беті тегіс, қабыршақтарсыз, қабаттарға бөлінусіз, шырмауы бар ашылған телімдерсіз және майысқақ түтіктердің эксплуатациялық қасиеттеріне әсер ететін басқа да ақауларсыз болады.

307. Майысқақ түтіктер МСТ 9356 сәйкес пайдаланылады. Оттегіне арналған майысқақ түтікті жанғыш газдар немесе сұйықтықтар үшін немесе, керісінше, қолдануға жол берілмейді. Бояу немесе майысқақ түтіктерге қызыл жолақтар жүргізген жағдайда ІІ класты майысқақ түтікті І класты майысқақ түтіктің орнына қолдануға болады. Кез келген газды беру үшін қара түсті майысқақ түтікті қолданған кезде әрбір майысқақ түтіктің екі шеті де 1,0-1,5 м ұзындықта қолданылатын газға сәйкес келетін жуылмайтын бояумен боялады: оттегі үшін көк түс; ал жанғыш газдар үшін – қызыл түс.

308. Майысқақ түтіктер ілгіштерде осы мақсатта бөлінген орындарда сақталады.

309. Майысқақ түтіктерді аппаратураға (қыздырғыштар, кескіштер, редукторлар) бекіту қамытшалары бар металл ниппельдерде жүргізіледі.

310. Майысқақ түтіктердің қосылу орындары жұмыс басталар алдында және жұмыс кезінде саңылаусыздыққа тексеріледі.

311. Газбен пісіру және металдарды кесу үшін майысқақ түтіктер ұзындығы 30 м артық болуына жол берілмейді.

312. Жұмыс кезінде майысқақ түтікті иыққа, тізеге (отырған күйде) немесе аяқтың арасына қоюға жол берілмейді.

313. Ақауы бар, саңылаусыздықты жоғалтқан майысқақ түтіктер қолдану, оларды оқшаулағыш таспамен немесе басқа да материалдармен орауға жол берілмейді.

Майысқақ түтіктерді қойған кезде олардың жаншылып қалуы, оралып қалуы, электр өткізгіштермен жанасуына және олардың қатты майысуына жол берілмейді.

314. Майысқақ түтіктерге ұшқын немесе ауыр заттардың тиюі, сонымен қатар жоғары температура әсерінде болуына жол берілмейді. Оттегіне арналған майысқақ түтікті май мен кірден ластанудан сақтау керек.

315. Қол аппаратурасын қолданған кезде бірнеше қыздырғышты (кескіш) қоректендіру үшін бір майысқақ түтікке ашалар, трайниктер тағы сол сияқты қосуға жол берілмейді.

316. Майысқақ түтіктердің жалғауын тегіс құбырлар көмегімен жүргізуге жол берілмейді. Түйісетін майысқақ түтіктердің минималды ұзындығы 3 м кем емес. Жөндеуден өткізілген майысқақ түтік майдан тазартылған ауа немесе азотпен саңылаусыздыққа тексеріледі. Майысқақ түтіктің әрбір түріне сынақ қысымы МСТ 9356 сәйкес таңдалып алынады. Майысқақ түтіктердің саңылаусыздық сынағын гидравликалық немесе пневматикалық қысымда жүргізіледі, соңғы жағдайда майысқақ түтік және барлық қосылыстар таза суы бар ваннаға салынады. Сынақ уақыты 10 минут. Көбіктердің түзілуіне жол берілмейді.

Сынақ жүргізу кезінде майысқақ түтікте ақау анықталған кезде зақымданған орынды кесіп тасталады, ал бөлек кесектерді екі жақты нипельдермен жалғанады. Ниппельдер конструкциясы берік бекітуді және қосылыстың саңылаусыздығы қамтамасыз етіледі. Жөндеуден өткізілген майысқақ түтік саңылаусыздыққа қайталап сынауға жатқызылады.

317. Майысқақ түтіктердің қабырғаларынан қонған шөгіндіні жою үшін оларды саңылаусыздыққа сынағаннан кейін қысымы 0,5-0,6 МПа (5–6 кгс/см2) құрғақ азотпен үрленеді. Майысқақ түтіктің үрлеу уақыты ластануға байланысты 5 – 10 минут.

318. Жаңа майысқақ түтіктерді пайдаланар алдында үрленеді:

1) жанғыш газдар үшін – инертті газбен;

2) оттегі үшін – оттегімен, азотпен немесе май іздері жоқ ауа немесе азотпен.

319. Ішкі беті маймен және кірмен ластанған оттегін бергіш майысқақ түтіктері технологиялық регламентке сәйкес майдан ажыратылады.

320. Оттегі майысқақ түтіктерін сулы жуу ерітіндісімен және бензинмен майдан арылтуды орталықтандырылған тәртіпте жабдықталған тәртіпте жүргізіледі.

Майысқақ түтіктер оларды БР–1 «Голоша» және Б–70 бензин толтырумен майдан арылтылған воронка арқылы майдан тазартылады. Майысқақ түтікке құйылған бензинді алдымен бір шетін, одан соң екінші шетін кезек-кезек 5 минут бойы жоғары көтеріп бірнеше рет шайқайды. Майысқақ түтіктерді жуғаннан кейін қысымы 0,5–0,6 МПа (5–6 кгс/см2) құрғақ азотпен үрлейді. Үрлеу бензиннің иісі толық кеткенше жүргізіледі. Майысқақ түтіктерді майдан арылтқаннан кейін кем дегенде 12 сағаттан кейін жұмыс орындарына беріледі. Маймен ластанған майысқақ түтіктердің сыртқы беттерін бензинге малынған таза шүберекпен сүртеді.

321. Эксплуатациядағы майысқақ түтіктер сыртқы тексерумен куәландыруға және саңылаусыздыққа сынақтан өткізуге ұшыратылады.

322. Майысқақ түтіктерді тексеру кезеңдері мен сынақ мерзімдері, оларды жүргізу тәртібі және нәтижелерін тіркеу технологиялық регламентпен бекітіледі.



4-тарау. Газ жалынымен өңдеу кезіндегі еңбек гигиенасы және қауіпсіздіктің жалпы талаптары

1-параграф. Өндірістік ғимараттарға қойылатын талаптар
323. Газ жалынды жұмыстар үшін құрал-жабдықты бөлек ғимарттарда немесе цехтың оқшауландырылған телімдерінде орнатылады.

Құрал-жабдық орнатылған ғимараттың аспалы және қоршау конструкцияларын шаң мен газдар жинақталуы мүмкін желдетілмейтін зоналардың түзілуіне жол берілмейтіндей етіп орнатылады.

324. Аз жалынымен өңдеу телімдерін өту ғимараттарында, екінші қабатта және көп қабатты ғимараттардың одан жоғары қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.

325. Газ жалынымен өңдеу телімдерін тұрғын үйлер мен ғимараттың жертөле ғимараттарында орналастыруға жол берілмейді.

326. Ғимараттың еден деңгейінен еркін биіктігі – 3,2 м кем емес.

327. Газ жалынымен өңдеу үшін құрал – жабдықтардың бөлек түрлерінің араларынан өту жолдарының ені – 1 м кем емес, үнемі қызмет көрсетіп тұрғанда құрал – жабдықтар мен қозғалатын механизмдер және тетіктер араларындағы өту жолдарының ені – 1,5 м кем емес.

328. Өту жолдары мен көліктердің өту жолдарына үйіп тастауға жол берілмейді; шекараларды айқын көрінетін сызықтармен белгілеу керек (мысалы, шайылмайтын ақ бояумен).

329. Газ жалынымен өңдеу жүргізілетін ғимараттар, егер көтерілетін бұйымдар массасы 15 кг асса, жүк көтеру құралдарымен жабдықталады.



2-параграф. Жұмыс орындарына қойылатын талаптар
330. Газ жалынды жұмыстары жабдықталған стационар жұмыс орындарында (постыларында) немесе кабиналарында жүргізіледі.

331. Газбен кесуші немесе газбен пісірушінің құрал – жабдық алып жатқан алаңнан басқа әрбір стационар жұмыс орнынан басқа 4 м2 кем емес өту жолдары бөлінеді, ал кабинада жұмыс кезінде 3 м2 кем емес. Газ термиялық тозаңдандыру операторының жұмыс орнының алаңы (металлизаторщик) 10 м2 кем емес.

332. Стационар жұмыс орны үстелмен және өңделетін бұйымды қысып тұру мен тасымалдау үшін қызмет ететін құралдармен жабдықталады.

333. Жұмыс орындарында тез жанатын жарылғыш және технологиялық үрдіспен байланысы жоқ улы материалдарды сақтауға жол берілмейді.

334. Газ жалынымен жұмыстар үшін стационар жұмыс орындарында жұмыстан үзіліс кезінде қыздырғыштар немесе кескіштерді асу үшін аша немесе кілті бар тірек қаралады. Уақытша жұмыс орындарында аппаратура өңделетін конструкцияның бөлігіне асылуы мүмкін (кронштейндер, бойлық қатаңдық элементтері тағы сол сияқты).

335. Стационар жұмыс орындарын қоршау үшін кабиналар төбесі ашық болуы мүмкін. Кабина қабырғалары жанбайтын материалдардан жасалады.

336. Кабиналардан шығу және кіру жолдарына пісірілген және элементтермен кесілген қосымша құрал – жабдықтар орнатумен бөгет жасауға жол берілмейді.

337. Кабина мен еден арасында ауаның еркін айналысы үшін 30 мм кем емес саңылау және 150 – 200 мм кем емес тесіктер қаралады.

338. Кабинада екі немесе одан да көп пісіру постыларын орналастыруға, осы постыларды экрандар көмегімен бөлшектеген және әрбір пісірушіге (кесушіге) қозғалу үшін еркін кеңістік және кабинадан шығу қамтамасыз етілген жағдайда, рұқсат етіледі.

339. Алдын ала қыздырумен бұйымдарды пісіру, балқыту кезінде бір кабинада бірнеше пісіру постын орналастыруға жол берілмейді. Бірнеше пісірушіге бір кабинада тек бұйымды бірігіп өңдеу кезінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

340. Стационар жұмыс орындарында кескіштер мен қыздырғыштарды суыту үшін суы бар ыдыстар (шелек, бак тағы сол сияқты) қаралады.

3-параграф. Желдету мен жылытуға қойылатын талаптар
341. Газ жалынымен өңдеу кезінде ғимарттар жалпы айналым желдетуімен, ал стационар жұмыс орындары – жергілікті желдетумен жабдықталады. Жергілікті тарту құрылғыларының конструкциясы орындалатын технологиялық үдеріспен, өңделетін бұйымның өлшемі мен қолданылатын құрал – жабдықпен анықталады.

Жұмыс орнындағы ауа жылдамдығы 0,4 м/сек асып кетуіне жол берілмейді.

342. Пісірушінің дем алу зонасы стационар жұмыс орнындағы қауіпті заттар концентрациясы МСТ 12.1.005 бойынша шекті рұқсат етілетін шамадан аспайды.

343. Жергілікті желдету құрылғыларымен сорылып алынатын ауа атмосфераға шығарылар алдында тазартуға ұшыратылады.

344. Цехтар мен телімдерде газ жалынды үдерістерді орындау кезінде жалпы айналым желдеткішін қолдану ұсынылады, ол 1 м3 жағылған ацетиленге берілетін ауа мөлшері келесідей есептеумен алынады:

1) стационар постыларда ұсақ бөлшектерді газ жалынымен өңдеу үшін 1700 – 2600 м3/сағ - төмен емес;

2) газбен пісіру цехтары мен телімдерінде газ жалынымен өңдеу үшін 2500 – 3000 м3/сағ. төмен емес;

3) жабық сосудтар мен цистерналарда газ жалынымен өңдеу үшін 4000-5000 м3/сағ. төмен емес;

4) ұсақ бөлшектерді газ термиялық тозаңадандыру үшін 5000-6000 м3/сағ. төмен емес;

5) арнайы камераларда плазмалық тозаңдандыру үшін 10000 м3/сағ. төмен емес.

Машиналық кесу кезінде ашылу үстелдері секциясының 1м2 – на 3000 м3/сағ. есебінен жергілікті желдету қолданылады, ал сұйық жанғышпен кесу кезінде 1 кг сұйық жанғышқа 2500 м3/сағ. төмен емес.

345. Жалпы айналымдағы тарту желдетудің өнімділігін РШК дейін жергілікті сорғылармен ауланбаған шаң газ бөлінулерінің араласуына есептеу керек. Ағым көлемі жергілікті және жалпы айналымдағы тартуды теңгеруіді қамтамасыз етеді.

346. Тарту жүйелері ауамен жылытуды қамтамасыз етеді. Кіші көлемді ғимараттарда су және бумен жылыту жүйелерін қолданғу болады.

347. Ағымды ауаны таратуды жұмыс зонасына 4-6 м биіктіктен бөліктермен немесе реттелетін ауа жылытқыштар арқылы жоғарғы зонаға көлденең бөлшектермен беруді жүзеге асырады. Ағымдағы ауаны беру схемасын таңдап алу кезінде ауа – қабылдағыш сорғыш тесіктің әрекет зонасында ауа қозғалысын ескеретіндей және 0,5 м/сек аспайды.

348. Өндірістік ғимараттардың сыртқы қалқандарындағы жылдың суық мерзімі мен ауыспалы уақытында суық ауаның кіруіне жол бермеу үшін ашылатын терезелер, есіктер, қақпалар, технологиялық саңылауларда жылуды есептеу кезінде олардың жылу балансын ескере отырып жылу перделері қаралады.

4-параграф. Жарықтандыруға қойылатын талаптар
349. Газ жалынымен өңдеу жүргізілетін ғимаратты табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етеді.

350. Өндірістік ғимараттар, жұмыс беттері және өту жолдарында ҚНжЕ 2.04-05-2002 талаптарына сәйкес жарықтандыру дәрежесі болады.



5-параграф. Жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар
351. Газ жалынымен айналысатын жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

352. Дем алу органдарының жеке қорғаныс құралдары (бұдан әрі – ДОЖҚҚ) желдету жұмыс зонасы алаңының талап етілетін тазалығын МСТ 12.1.005 бойынша қамтамасыз етпеген кезде қолданылады.

353. Газ жалынымен өңдеу кезінде сүзгі және оқшаулағыш ДОЖҚҚ қолданылады. Сүзгі ДОЖҚҚ ауадағы оттегінің мөлшері жеткілікті мөлшерде болғанда және пісіру аэрозольдерінен (шаң, бу, газ, олар бөлек немесе бір уақтылы бар болғанда) қорғанысты қамтамасыз ететіндей болғанда қолданылады. Оқшаулағыш ДОЖҚҚ шлангылы дем алу аппараттары түрінде дем алу зонасына ауа берумен оттегі мөлшері жеткіліксіз болғанда немесе сүзгі ДОЖҚҚ көмегімен қорғанысты қамтамасыз ету мүмкін емес болғанда қолданылады.

354. Дем алу зонасына берілген ауаны зиянды қоспалардан тазартылады, температура 10-200С дейін, артық қысым 50 Па дейін (50 мм су бағ.).

355. Газ жалынды жұмыстар кезінде көзді сәулеленуден, балқыған металл шашырандысы мен ұшқынынан және шаңнан қорғау үшін МСТ 12.4.013 сәйкес қорғаныс көзілдіріктері қолданылады. 4-кестеде келтірілген жарық сүзгілерін пайдаланылады.

4-кесте
Газ жалынымен жұмыс жасау кезінде көзге арналған жарық сүзгілері




Жарық сүзгісінің белгіленуі

Пісіру кезіндегі ацетилен шығыны, л/с

Кесу кезіндегі оттегі шығыны, л/с

С-1

С-2


С-3

С-4


70 артық емес

70-200 дейін

200-800 дейін

800 емес


-

900-2000 дейін

2000-4000 дейін

4000-8000 дейін


356. Газ жалынды жұмыстарын орындау кезінде операторға әсер ететін шу МСТ 12.1.003 көрсетілген шамалардан асуына жол берілмейді. Құрал-жабдықпен, технологиялық операциялармен және желдету жүйесімен генерацияланатын шу деңгейі ҚНжЕ 23-03-2003 талаптарына сәйкес келеді.

357. Шу деңгейі шекті рұқсатты нормалардан асып кетсе, жұмыскерлер есту органдарының жеке қорғаныс құралдарымен (шуға қарсы наушниктермен, шлемдермен немесе шуға қарсы төсемелермен) қамтамасыз етіледі.

358. Есту органдарының жеке қорғаныс құралдары МСТ 12.4.051 – ке сәйкес келеді.

359. Жоғары жиілікті шу деңгейінен қорғану үшін – антифондар мен шуға қарсы каскалар қолданылады.

360. Арнайы киім ыңғайлы, ол жұмысшының қозғалысына кедергі жасамайтындай, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай және еңбек жағдайларына жауап береді.

361. Пісіру мамандығының жұмыскерлеріне қорғаныс қасиеттеріне ие болмайтын және ұшқын мен балқыған металл шашырандысы тисе қирауы мүмкін немесе балқыған беттермен жанасқанда жабысып қалуы мүмкін капрон, лавсан тағы сол сияқты синтетикалық материалдардан жасалған жіптен және материалдардан дайындалған арнайы киімдері мен қолғаптарын пайдалануға жол берілмейді.

Қолды қорғау үшін МСТ 12.4.010 бойынша қолғаптар қолданылады.

362. Ашық алаңда газ жалынды жұмыстарын жүргізу кезінде қысқы арнайы киім климаттық зоналарға сәйкес жылудан сақтандырғыш ілмелі жылы астармен бірге жиналады.

363. Газ жалынды жұмыстарын жүргізу телімі алғашқы медициналық көмек құралдарымен жарақталады:

стерильдік таңу материалдары, қан тоқтату жгуты, лейкопластырь, әр түрлі өлшемді бинттер, йод ерітіндісі, мұсатыр спирті, көз жууға арналған спринковка, күюге жағатын дәрілер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет