1.5
Музыкалық қызметті ұйымдастырудағы жетекші мен тәрбиешінің рөлі
Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгілерді жалпы және Музыкалық-эстетикалық жағынан жетілдіру ісін арнаулы білімі бар, педагогикалық әдіс-тәсілдерді жете меңгерген музыка жетекшісі және Музыкалық даярлық тан өткен тәрбиеші жүргізеді.
Музыка жетекшісінің қызметі мен міндеттері: Балалар бақшасындағы Музыкалық тәрбие беру процесіне музыка жетекшісі тікелей жауап береді.
1. Жұмыс кестесіне сай бүлдіршіндердің әр тобымен аптасына екі рет музыка - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізеді. Ол алдын-ала музыкалық материалдарды, көрнекіліктерді іріктеп, бағдарламалық дағдылардын меңгерілуін қадағалайды.
2.Мерекелік ертеңгіліктер құрылымына, ойын-суық бағдарламаларының жасақталуына, олардың даярлығы мен өту барысына жауап береді.
3. Жеке кеңестер беру және бірлескен сабақтар өткізуде тәрбиешінің балаларды музыкалық жетілдіру саласындағы жұмысына басшылық етеді. 4. Уақытылы педагогикалық кеңестер өткізу барысында әдістемелік нұскаулар беріліп, ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар бағдарламалары талқыланып отырады.
5. Музыкалық тәрбие беруде ата-аналар ға радио, теледидардан балаларға арналған бағдарламаларды көруде ақыл-кеңестер беріп отырады.
Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері :Тәрбиеші балаларға Музыкалық тәрбие беруде бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, музыка жетекшісінің қызметіне көмектеседі.
1. Балалардың музыка - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін оқыту процесіне белсене катысады.
2. Балалардың дербес музыкалық қызметін ұйымдастырады. Ойын сәтінде, еңбекте, серуенде музыкалық репертуарларды музыка жетекшісімен бірлесе отырып енгізеді.
3. Балалардың ой-өрісін дамытуда ертеңгіліктер ,жаттығу, бейнелеу, Тіл дамыту, айналамен танысу сабақтарына музыкалық материалдарды іріктеуге қатысады.
Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің бірлескен жұмысы және бір-біріне жасаған көмегі мектеп жасына дейінгі балаларға жалпы музыкалық тәрбие беру міндеттерін шешуге көмегін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |