1 тарау Мектепке дейінгі ұйымдардағы музыкалық тәрбие әдістемесінің мақсаты мен міндеттері


Музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде баланың дүниетанымын қалыптастыру



бет3/5
Дата29.10.2023
өлшемі24.31 Kb.
#481866
1   2   3   4   5
f63c123d474e8b

1.3 Музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде баланың дүниетанымын қалыптастыру

Жан-жақты мәдениетті тұлга ең алдымен тұтастай дүниетанымға түсіндірме жүргізу керек.

Біріншіден, жеке тұлғаның дүниетанымы отбасындағы тәрбиеден, ол әрі балабақшадан, мектеп қабырғасынан білімге байланысты калыптасып дамыса, екіншіден, қоғамдағы әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты өзгереді.

Дүниетанымның негізгі ұғымы-дүние. Дүние - өмір, тіршілі қоршаған орта, табиғат, әлем т.б. тұтастай қамтиды. Балабакшада эстетикалық тәрбие беру арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, дүниетанымы кеңейту - музыка жетекшісі мен тәрбиешілердің негізгі міндеттерінің бірі. Баланың дүниетанымын калыптастыру үшін, оның дүниетанымдық көзқарасын жетілдіру қажет. Дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыру процесі эстетикалық тәрбие беру арқылы жүзеге асырылады.




1.4. Эстетикалық тәрбие

Балаға музыкалық тәрбие берудің бір саласы - эстетикалық тәрбие. Музыкалық-эстетикалық тәрбие беру дегеніміз - әсемдікті қабылдау ,сезіну, түсіну. Жақсы мен жаманды айыра білу, музыкалық қызметтердің түріне шығармашылықпен жауап бере білу қабілеттерін дамыту. Музыкалық қабілеттілікті дамыту белгілері:

Музыкалық шығарманың сипатын сезіну баланың естіген әуен сипатына қуануы ,не күйінуі, эмоциялық әсер көрсету яғни музыкалы образдарды қабылдауын дамыту.

Мысалы: бала ойын сәтінде қуыршақты тербете отырып «Бесік жыры әуенін орындайды, марш ырғаңындағы әндер бала көңілін көтереді, ширатады.

Тыңдау қабілеттілік. Балалар өздеріне жақын да түсінікті әр түрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды тыңдай отырып, салыстырады және баға береді, сол арқылы балалардың Тыңдау қабілеттері қалыптасады. Біртіндеп балалардың өз ынтасымен тыңдайтын шығармалар қоры жинақталып музыкалық талғамы дамиды.

Мысалы: балалар музыкалық аспаптар дыбыстарын салыстырады, әннің бастамасы, қайырмасы, пьесадағы екі-үш бөлімді, бір-біріне қарама-қарсы образдарды талдайды.


Музыкаға шығармашылық көзқарасын қалыптастыру - баланың музыканы тыңдай отырып, көз алдына елестетуі, өзінше каөбылдауы, ән, би, ойындарды мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда белсенділікпен көрсете білуі. Мысалы: ертегілерден айлакер түлкі, үркек қоян, қорбандаған аю бейнелерін өзбетінше көрсетуге талпынуы және жекіп, қарапайым әуендерді ойдан шығарып орындай білуі жатады.

Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып оның адамгершілік бейнесін, ақыл-ой қабілетін, дене күшін қалыптастырады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз. Мысалы: Туған жер, Әнұран, Қазақстан туралы әндер Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызады. Әртүрлі халықтардың әндері мен билері олардың әдет-ғұрыптарын білуге ынталандырады, достық сезімге тәрбиелейді. Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың мінез құлқына, мәдениетіне әсерін тигізеді.

Музыкалық қызмет түрлері: ән айту, музыка тыңдау, балалар музыкалық аспаптарында ойнау - балаларды ықылас қоюға, тапқырлық көрсетуге, тез қимыл жасауға, ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауды, би - ойындарда музыкаға бағынып қимылдауды талап етеді. Осының бәрі ұстамдылықты жетілдіріп, ерік-жігерді тәрбиелейді. Сөйтіп музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін, қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мәдениетінің түп негіздерін қалайды.

Музыканы қабылдау ақыл-ой үрдісімен де тығыз байланысты, ягни зейінді, байқағыштықты, тапқырлық ты талап етеді. Балалар дыбыс үнін тыңдай отырып, ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, көркем бейненің мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарма құрылымын түсіне біледі. Музыкалық шығармаларға баға беруге ұмтылуда ақыл-ойдың алғыр болуы қажет. Жетекші баланы эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау, көз алдына елестету қабілеттері жандандырып,ой-қиялын оятып,шығармашылық тапсырмаларды орындауға барынша демеп, қолдап отыруы қажет.


Біздің басты міндет- мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыстарын ұдайы жетілдіре отырып,дене жағынан шыңдалған бала тәрбиелеп шығару.Музыка баланың бүкіл ағзасының жалпы ағзасының жалпы жағдайына әсер етіп, қанайналымын,тыныс алуын,бұлшық еттерін қимыл-қозғалысқа келтіреді.
Ән айту бала дауысын жетілдіріп,дауыс желбезегін бекітеді,сөзді дұрыс,таза айта білуге үйретеді. Ән салу тұлғаны дұрыс ұстауға үйретіп,тыныс алуды реттеп,тереңдете түседі.
Музыка мен қимылдың өзара байланысы баланың денесін тік ұстап, аяқ-қолын нық басып,жеіәл жүру дағдысын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет