1.6 Музыкалық тәрбие беруде инновациялық технологияарды қолдану арқылы оқытуды әдістері мен тәсілдері
3. 1. Музыкалық тәрбие әдістері
Музыкалық тәрбие әдістері педагог пен бала арасындағы белсенді іс- қимылдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл күрделі процесте баланың қажетін, ынта-талабын, тәжірибесін ескере отырып қызметті ұйымдастыруда ересектер жетекші рөл атқарады.
Тәрбие әдістері алуан түрлі. Олар оқу міндеттерін, музыкалық қызмет түріне, ақпарат көздеріне, жас ерекшеліктеріне байланысты. Әдістерге дәл классификация беру қиын. Сондықтан да басты тәрбие әдістерінің негізгілері:
а) сендіру.
б) үйрету, жаттықтыру Музыкалық тәрбие берудегі сендіру әдісі.
Бұл тәрбие процесі музыкамен тікелей байланысты. Музыкалық шығарманың орындалуы, жарқын да жігерлі және мәнерлі болуы тиіс. Ол үшін шығарманы жақсы білу, мазмұнын терең ұғынып, сипатын сезіну қажет. Педагог шығарманы алдын-ала, бірнеше рет ойнап жаттығады. Шығарма бала құлағына жағымды, түсіне білетіндей, ән айтуға, қойылған талаптарга сай болғанда ғана нәтижелі болады. Мысалы: И. Нусіпбаевтың жарқын да коніәлді «Ойыншықтар » әні, Д. Ботбаевтың «Отан ортақ үйіміз» әндері.
Үйрету, жвттықтыру әдісі.
Музыкалық шығарманы орындауда бала белсенді болуға тиіс. Шығарманы зейін сала тыңдап, өзіне тән ерекшеліктерін, ырғақ өзгерістерін салыстыруға Үйрету қажет. Бұл жұмыс күнбе-күн, жылма-жыл үздіксіз жүргізілетін процесс. Музыканы қабылдау, орындау дағдыларын меңгеру, балалар талпынысын, ынта-ықыласын тудырады. Балалардың Музыкалық-эстетикалық дағдыларын қалыптастыруда жетекші төзімділік пен табандылық көрсете отырып қажетті нәтижеге жете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |