1. Технико экономикалық негіздеу


Еңбекшілерді дәрігерлік және тұрмыстық тазалық сақтау бойынша жұмыстар өткізу



бет25/36
Дата15.12.2023
өлшемі1.06 Mb.
#486657
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Дип.-Өнімділігі-30-тоннатәулігіне-модифицирленген-майлар-цехын-жобалау

5.5. Еңбекшілерді дәрігерлік және тұрмыстық тазалық сақтау бойынша жұмыстар өткізу

А.А. Вишневский мен М.И. Шрайбер ұсынып , хирургтердің қабылдаған күйіктерді жіктеу әдісі кеңінен тараған.


Осы жіктелу бойынша тканьдердің зақымдануы төрт дәрежеге бөлінеді: 1-ші дәрежесі терінің гиперемиясымен және ісінуімен, 2-ші дәрежесі – күлдіректер пайда болуымен, 3-ші А дәрежесі – дерманың тері қосалқыларындаэпителий жолақтарының сақталынып зақымдануымен сипатталынады. 3-ші А дәрежелі күйік кезінде өсетін қабат ішінара ғана зақымданады. Сондықтан қолайлы жағдай кезінде күйіктің өзінше эпителиленуі мүмкін, 4-ші дәрежелісі терінің ғана емес, сонымен бірге тереңде жатқан тканьдердің де зақымдануымен сипатталады. Алдыңғы күйіктің үш түрі үстіңгі қабат күйіктерінің қатарына жатады, ал қалған дәрежедегі күйіктер аса ауыр күйіктер болып саналады. Әдетте зардап шегушілердің аралас күйіктерге шалдығатындықтары байқалады.
Зақымданудың тереңдігін алғашқы сағаттарда, тіпті күйгеннен кейінгі күндері де анықтау көбіне мүмкін болмайды.
Бірқатар жағдайда терінің некрозданған учаскелерін түсінің өзгеруінен және тері асты тамыры айқын көрінетіндей болып терінің тығыздалуынан анықтауға болады. Кейде ірі буындар маңайындағы зақымданған тері жиырылып қалады. Ауруды сезу және тактильді сезімталдық жоғалады.
Бір қатар жағдайда тканьдердің зақымдану тереңдігін айыруға анамнез көмектеседі: зақымдаушы агенттің жоғары температурасы және оның ұзақ терімен қатынаста болуы көбінесе аса ауыр күйікке шалдықтырады. Кейде зақымдану дәрежесін айыру үшін зақымданған теріден нүктелі қан аққанша тіліп көреді. Бірақ көп жағдайда күйіктердің дәл тереңдігін арада 5 – 6 күн өткеннен кейін, ал кейде оданда кеш анықтайды. Мұны былай түсіндіруге болады: зақымданушы агент әсер еткен сәтте пайда болатын тканьдердің алғашқы некрозымен бірге, әдетте келесі күндері тканьдердің қоректенуі, бұзылуы салдарынан екінші некроз дамиды.
Практикалық мақсаттар үшін шамаиен болса да күйіктің жалпы көлемін және қайсыбір ауыр зақымданудың көлемін білу керек. Күйікті жарақаттардың мөлшері жалпы тері қабатының процентіне шығып, көрсетіліп жүр.
Күйік шоғының ерекшелігі – оның 24 – 48 – 72 сағатқа созылатындығында. Күйік шоғы нерв, эндокрин, жүрек – қан тамырлары жүйелері қызметінің бұзылуы мен зат алмасуының барлық түрінің және ішкі органдар қызметі жағдайларының ауытқуларымен сипатталады. Мұнда алдымен регионарлы және перифериялық қан айналыстары күрт кемиді. Гемодинамикалық орталықтануы пайда болады, соның есебінен жүрекке, миға, өкпеге қан жүреді. Күйікті жарақаттағы микроциркуляция тоқталады және күрт бұзылады және ол барлық органдармен тканьдерде елеулі түрде теріс өзгеріске ұшырайды. Бұл аралас сипаттағы гипоксияның дамуына негіз болады, сөйтіп ол биологиялық белсенді заттардың тездеп бөлінуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бір мезгілде клетка ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы электролит және су балансы бұзылады. Күйіктің үстіңгі жағында плазманың кемуі және плазманың ткань аралық қуыстарға сіңуі айқын байқалады. Алғаш күйген тканьдер айналасында, содан кейін одан тыс жерлерде гипергидротациялану пайда болады. Айналыстағы қан көлемі мен жүректің минуттық соғу көлемінің үдемелі кемуі басталады. өкпенің өмірлік қабілеті ұдайы кемиді, қанның оттегімен қанығуы төмендейді, тотықпаған өнімдер жинақталады, сүт қышқылының жинақталуы артады, тыныстық және метаболдық ацидоз дамиды.
Шок сатысында эндокриндік жүйе жағынан, соның ішінде бүйрек үсті бездерінің қабатынан елеулі өзгерістер байқалады. Күйікке шалдыққанда бүйрек үсті бездері қабатының гармондар деңгейі 2 - 4 есе артқанымен, дененің 20-30 процентіне тең ауыр күйіктер кезінде олардың деңгейі организмге қажет нәрселерді қанағаттандыруға жеткіліксіз болады. Салыстырмалы түрде нашарлайды.
Жарақаттанған кезде зақымданған жерге 15-20 минуттай суық зат қою керек; содан соң жарақат аумағын байлағышпен қысып байлау керек және компреспен 1-1,5 сағат салқындатады. Сынған кезде бірінші кезекте сынған жерді қозғалтпайтын қалыпқа келтіреді, ол үшін сынған бет аймағының екі жағына тығыз картоннан жасалған шинаны орнатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет