1. Технико экономикалық негіздеу


Технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды іске қосу кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар



бет27/36
Дата15.12.2023
өлшемі1.06 Mb.
#486657
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Дип.-Өнімділігі-30-тоннатәулігіне-модифицирленген-майлар-цехын-жобалау

5.7. Технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды іске қосу кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

Өндірістік еңбек белгілі бір дәрежеде адам организміне зиян. Өндірістік зиян және қауіпті әсерін азайту басшылардың негізгі алдына қойған мақсаттарының бірі. Мұны мынадай жағдайларда нормативтік құжаттарды жақсы меңгеру, осы өндірісте еңбекті қорғауды жоғары дәрежеде ұйымдастыру арқылы шешуге болады.


Жұмыс барысы кезінде адамға қауіпті және зиянды жағдайлар болуы мүмкін.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар төрт топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психологиялық.
Қауіпті физикалық факторларға мыналар жатады: әр түрлі жүктерді жоғары көтеріп араластыратын құралдар, жан – жағы қоршалмаған, ашық жылжымалы қондырғылар, тасмалдаушы механизмдер, айналдыратын және араластыратын қондырғылар, электр тогы, жоғары температура.
Денсаулыққа зиянды химиялық факторларға мыналар жатады: жұмыс орнындағы жоғары және төмен температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы, қатты шу, ультра дыбыс және әр түрлі шағылысу – жылулық, иондық, электромагниттік, информациялық және басқа да. Сонымен қатар жұмыс орнының шаң – тозаң болуы, ауасы таза болмауы, жарықтың өте жоғары және төмен болуы, жүру жолдарының тарлығы.
Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам организміне әсер етуіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: улану, жаралану, сенсибилизирлі, концерогенді, мутогенді. Бұл топқа түрлі газбен булар бензол және толуолдың буы, көмір оттегі, күкіртті ангидрид, азот оксиді, қорғасын аэрозолы, улы шаң – тозаңдар.
Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға мыналар жатады: микроорганизмдер (бактерия, вирус) және макроорганизмдер (өсімдік пен жануарлар). Олардың әсерінен жарақат және аурулар пайда болуы мүмкін.
Психологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға мыналар жатады: физикалық ауыр еңбек (стптистикалық және динамикалық) және жүйке психикалық аурулар (жүйкеге күш түсу), есту және көру мүшелерінің шаршауы.
Зиянды және қауіпті факторлардың арасындағы байланыс көп жағдайда зиянды факторлардан кейін қауіпті ауыр жағдай туады. Мысалы, өндірістік ортадағы жоғары ылғалдық, жоғары ток өткізгіштен адамды ток ұрып, ауруға әкеліп соғады.
Зиянды өндірістік факторлардың адам организміне әсер ету деңгейі белгіленген деңгейдегі стандарт бойынша еңбек қауіпсіздігі және санитарлы – гигиеналық ережелерде көрсетілген. Электрожабдықтарымен жұмыс жүргізгендегі қауіпсіздік техникасы.
Өндірістік механизациясымен автоматтандырылуын көтеру үшін электр машиналарын қолдану, автоматтар мен құралдарды, жабдықтарды қолдану кеңейе түсуде. Осыған байланысты электр тогымен зақымданудың болмауына қарсы профилактикалық іс – шаралар кеңейе түсуде.
Электр тогы адам ағзасының жүйке ұлпаларын зақымдайды, бұл өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар электр тогы жергілікті күйуді тудыруы мүмкін.
Электр тогымен зақымданудың дәрежесі қысыммен әсер етудің ұзақтығына байланысты. Біздің кәсіп орындарда электр топтарында, қоректендіруші технологиялық құрылғылар 220 және 380 В-ке ие, жарықтандырушы тораптарда ол 110-нан 220-ға дейін.
Электр тогымен зақымдану адамның жағдайына байланысты. Алкогольді ішімдіктерді қолданған тұлғалар, қатты шаршаған тұлғалар салмақты және мас емес адамдарға қарағанда тоққа жиі түседі. Ылғалдылықтың көп болуы, ауаның шаң – тозаңды болуы, дене мен қолдың ылғалды болуы электр тогымен зақымдануға итермелейді.
Электр тогынан қорғану үшін арнайы кешкенді іс шаралар жүргізіледі. Оларды әрдайым және жабдықтарды жөндегенде іске асырады. Олардың негізгісі болып құрал – жабдықтарды дұрыс құру, оларда ашық желі болмауы тиіс, токты жерлестіру қажет, стационарлы, технологиялық, тасымалдау мен электр құрылғылары және металды алаңдар мен конструкцияларда ток жерлестірілуі тиіс. Жерлестіру үшін жабдықтардың сыртына металл шина кигізіліп электр тогын өзіне сіңіреді.
Әр жұмыс орнында арнайы инструкцияда тогтан қорғану ережесі болуы тиіс.
Электр құралдарын жөндеуге тек арнайы маман жіберіледі. Бұл құрылғылар жөнделініп жатқанда арнайы ескерту плокаты ілінеді. Жөндеп болғаннан соң ғана оны алып тастайды. Ауыспалы, тасмалданушы лампалар төмендетуші трансформатор арқылы қосылып, қуаты 12 В – тан көп болмауы тиіс. Лампа қорғаушы тормен жабылуы тиіс.
Электр құралдарын қолданғанда жеке арнайы қорғау құралдарын пайдаланған жөн. Электр торабына қосымша двигательдері менқұралдарды өздіктерінен қоспауы тиіс. Осы себептен өздігінен жасаған қорғаушы – предохранительдерді қолдануға болмайды. Жөндеуде арнайы құралдар қолданылады. Қорғаушы киімдер мен құралдар әрдайым тексеріліп отырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет