5.8. Өндірістегі қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау және техникалық қорғаныс жасау шаралары.
Жұмыс орындарындағы қауіпті шарттарға жұмысшыларға әсер ететін әр түрлі зиянды заттарды жатқызуға болады. Бұл зиянды әсерлер жарақаттың пайда болуына әкеледі және жұмыстың өтуіне кедергі жасайды. Сондықтан да төменде олардың түрлері мен болдырмау жолдары қарастырылады.
Улы сілтілермен және күкірт қышқылымен жұмыс жасағанда туындайтын негізгі қауіп – күйю. Сілтілермен жұмыс жасаған кезде жұмысшы оның көзге тию қауіпінен абай болуы керек. Бұл жағдайларда жұмысшы резиналық етік, мақта қағазды киім, резиналық қолғап киюі және қорғау көзілдірігін тағу қажет. Бұдан басқа май өңдеу зауыттврындағы жұмыс орындарында таза суы бар шелек болуы қажет.
Қышқылдар мен сілтілердің үлгілерін тек қана ұстағышы бар жәшіктермен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Ыстық майлармен жұмыс істеуде персоналды киімге немесе денеге тиюден сақтау қажет. Бұндай жағдайда жасалатын профилактикалық іс – шаралар жоғарыда аталып өткен.
Ерітінділермен жұмыс жасағанда олрдың ауаға таралуы жарылғыш қауіпі бар қоспа түзетінін ескеру қажет.
Ерітінді немесе оның буымен зақымданудың алдын алу үшін ұшқыш ерітінділермен жұмыс жасалатын барлық жабдықтар герметикалық және жабық түрде жасалуы қажет. Бұл жабдықтар клапн арқылы герметикалық құбырмен жалғанады. Бұл жүйе ерітінді буларын конденсациялайды және жинайды.
Қызмет көрсетуші персонал ерітінділермен жұмыс жасалатын барлық жабдықтардың жабық болуын қадағалау қажет. Бөлімшелерде инструкцияға сәйкес қарастырылатын өртке қарсы ережелерді сақтау қажет және от көзінің пайда болуына жол бермеу керек.
Май өңдеу зауытында ерітінді мен жұмыс жасауға арналған жабдықтарда арнайы жарылғыш қауіпсіз электро қозғалтқыштары орнатылады.
Жабдықты өрт қауіпті материалдармен жұмыс жасау үшін есептелген бөлмелерге қондырады.
Май өңдеу өндірісіндегі қауіпсіз шарттардың біріншісі – жұмыс орнының таза және жинақты болуы. Құлау мен травмалық жарақаттарды болдырмау үшін еден құрғақ және таза болуы керек. Егер май еденге байқаусызда төгіліп қалса, онда оны тазалап алып, еденді құрғақ сүрткішпен сүрту керек.
Егер сілті ерітіндісі төгілсе, онда еденнің сәйкесінше аймағына құрғақ ағаш жаңқаларын себеді, содан кейін оларды металл күрекпен жинап алып, оларды металл қоқыс жәшікке тастайды. Содан соң еденді сумен жуып, құрғақ сүрткішпен сүртеді.
Достарыңызбен бөлісу: |