1 технологиялық БӨлім 1 Басылымның техникалық сипаттамасы


Негізгі жабдықтарды таңдау



бет4/8
Дата16.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#140771
1   2   3   4   5   6   7   8

1.4.2 Негізгі жабдықтарды таңдау

Horizon Stitliner

Stitchliner 5500 машинасы жапонның Horizon фирмасында 2003 ж жасалынған. Stitchliner сыммен тігілетін брошюралар мен журналдарды шығаратын жаңа технологиямен жұмыс істейді. Бұл машинада вертикалды қағазжинақтау және горизонтальды жинақтау-тігу-кесу агрегаттары біріккен.



7- сурет. SL 5500

Horison VAC – 100 пневматикалық қағазжинақтау станциясы, жинақтайтын биговкалап-бүктемелейтін AFC – 30 модулі, қысып сыммен тігетін SPF – 30 модулі және HTS – 30 үш жағынан кесу машиналары SL брошюралық комплекстің негізгі бөлігі болып табылады.

Бұл комплекстің жұмыс сұлбасы 8 суретте көрсетілген. Оператор VAC – 100 жинақтау станциясының лотоктарына қағаздарды немесе дәптерлерді қойып орталық басқару пультімен басылымның жұмыс режимін, форматын, таралыман және басқа да өлшемдерін қояды. Дұрысталған қағаз парақтары түзету столы арқылы ACF – 30 модуліне келіп түседі. Мұнда оларға биговка жүргізіліп, бүктеледі де SPF – 30 модулінің қабылдап – жинағыш блогына келіп түседі. Егер біздің журнал 40 беттен асса онда журналдар ол жерде бірнеше циклмен жиналады.




8- сурет. Stitchliner-ің жұмыс схемасы
VAC – 100

VAC – 100 вертикалды парақ жинақтау машинасының соңғы үлгілерінің бірі. Ол ерекше құрылысты пневматикалық самонакладпен жарақталған және оның жылдамдығы үлкен. VAC – 100 жинақтау машинасында жинақтау мұнарасының саны алтыға дейін болады және ол бір уақытта 60 параққа дейін жинай алады. Екі мұнарамен (20 лоток) жұмыс істеген кезде VAC – 100 ің жылдамдығы сағатына 5500 циклға децін болады. Жалпы VAC – 100 машинасының жылдамдығы сағатына 9500 цикл болады.

Топтаманың үстіңгі парағының ұсталуымен бір-бірінен ажырауының тиімділігі түрлі бағыттағы брорланған, борланбаған, қатырма, ламинацияланған материалдарды да алуға жағдай жасайды. Қағаздың берілуін және өтуін бақылыу жүйесі арқылы қадағалаймыз: пропуск датчиктері, парақтың қысылып қалуын, қосарланған парақтарды, бос лотокты, қағаздың өтуін.

9- сурет. VAC – 100



VAC – 100 ің энергияға тәуелсіз есте сақтау қабілетінің арқасында машина жұмысын реттеп отыратын 9 жұмыс бағдарламасына дейін сақтай алады: жылдамдығы, жұмыс істеп тұрған лотоктардың саны, әр лотоктағы датчиктердің сезімталдығын.



Машина қазіргі заманғы пультпен басқарылатын түсті басқару жүйесімен жабдықталған. Машинаның орталық компьютері машинаның жұмыс істеуі кезіндегі жағдайы туралы ақпаратты көрсетеді. Машина операторға қағаздардың қысылып қалғанын, парақтардың қосарланып қалғанын, қабылдау столының тоғанын т.б қажетті мәліметтерді хабарлап тұрады. VAC – 100 дистанционды басқару жүцесімен жабдықталған және локальді ағынды басқару үшін компьютерге қосуға болады. [11]



ACF- 30

ACF – 30 модулінің қызметі: парақтарды түзетіп жинақтау, олардың дәл ортасына дискті пышақ арқылы биговка жүргізу, воронкалы құрылғыда оларды бүктемелеу және роликті механизммен п.б. дәптерледің түбін қысу (10 сурет). Бұл модуль брошюралаудың түрлі екі технологиясын қосатын көпір болып табылады. Бұл көпірдің бір жағында вертикалды жинақтау мұнарасы бар, екінші жағында тасымалдағышы бар жоғарыжылдамдықты брошюралық ағыны, сыммен тігетін головкасы және үш жағынан кесетін құрылғысы бар. 12 суретте ACF – 30 ың негізгі түйіндері көрсетілген: парақтарды түзететін стол, биговка, қысым және дистанционды басқару пульт жүйесі, воронкалы бүктемелеу механизмі орналасқан. Мұнда жасалатын журналдың көлемі беттер санымен емес, басылымның қалыңдығымен (мах 10мм) шектеледі.



10- сурет. ACF – 30 11- сурет. Жұмыс сызбасы



12- сурет. ACF – 30 негізгі бөліктері



SPF – 30

Stitchliner комплексінің келесі модулі қалыңдығы 10 мм болатын журналдар мен брошюраларды сыммен тігуге арналған. SPF – 30 модулінің кіреберіс бөлігінде алдыңғы модулдерде жеке теңестіріліп бүктелген приверткалар жиналатын аккумуляциялық түйін орналасқан. Одан әрі жинақталған дәптерлер тасымалдауыш арқылы тігу түйініне әкеледі. Мұнда түбі тағы роликті механизм арқылы қысылады. Тігу түйіні 2 немесе 4 мықты сыммен тігетін головкамен жарақталған. Ол диаметрі 0,4 мм ден 0,8 мм болатын түрлі сымдармен жұмыс істей береді (13 сурет). өзінікінен басқа модульге күнтізбелік қапсырмалармен тігуге арналған арнайы тігу головкаларын орнатуға да болады. 4 головкамен жұмыс істеген кезде кішіформатты екі брошюраны бір жұмыс циклында бірден тігуге болады. Бұл операция да орталық басқаруда қадағаланып басқарылады.



13-сурет. SPF – 30



14- сурет. SPF модулінің бөліктері



HTS – 30

Комплекстің соңғы модулі HTS – 30 үш пышақты кесу машинасы. Бұл модулдің жұмыс процесінің сызбасы 16 суретте көрсетілген.



15- сурет.HTS – 30 16- суре. HTS жұмыс сызбасы

HTS – 30 үшпышақты кесу автоматы өнімді екі позицияда бір-бірден кеседі: алдымен бірінші пышақпен алдын, сосын екі жағындағы пышақпен брошюраның үстіңгі жағы мен алдыңғы жағын кеседі. Егер тігілген дәптерлер қосарланған болса онда екі жағындағы пышақтардың ортасына тағы да қосымша пышақ орнатылады да қосарланған дәптерлерді екіге бөледі. Ауаны үлкен арнайы қысқыштар брошюраны немесе журналды кесу процесі кезінде мықтап қысып тұрады. Пневматикалық жүйесі қағаздың қиындыларын арнайы лотокқа итереді.

Дайын болған брошюралар мен журналдар ленталы конвейерге түседі.

HTS – 30 машинасын жаңа таралымға дайындау және форматын ауыстыру автоматты жүйеде орталық басқару пультінің командасы арқылы 1-2 минут аралығында орындалады.

Үшпышақты кесу машинасының басты артықшылығы: жоғары сапалылығы, кішіформатты брошюралар мен қосарланған журналдармен жұмыс істей алатындығында.



Stitchliner - ді басқару

Stitchliner комплексінің басқару пультінің негізін иерархиялық жүйемен жасалған үлкен сенсорлы дисплей құрайды. Барлық негізгі басқару командалары барлық елдің аператорларына түсінікті болу үшін пиктограмма түрінде жасалған. Машина таралымды реттеудің жұмыстары мен өзіндік диагностикасын өз мойнына алады. Мысалы, машинаны таралымға дайындау үшін оператордың сандық клавиатурадан парақтың кіру және шығу форматын, беттер санын, кесуге кететін алаңын, скрепкалардың саны мен олардың ара қашықтығын теруі керек. осы операциялардың барлығын пульттің басқаруымен машина өзі арындайды.

Мұндай жаңа басқару жүйесі жоғарыөнімділікті қамтамассыз еетеді. Осындай артықшылықтарының арқасында Horizon Stitchliner машинасын “Binding-on-demand” технологиясының пионері деп атауға болады, оны аударғанда талапқа сай брошюра деген мағына береді. Бұл машина орташа және кіші таралымдармен жұмыс істеуге өте тиімді.

18 –сурет. Stitchliner басқару жүйесі



Stitchliner-ің техникалық сипаттамасы

  • қағаз форматы 148×210 – 350×500 мм;

  • дайын брошюра форматы 120×85 - 350×260 мм;

  • блок қалыңдығы 5 мм ге дейін;

  • қағаз қалыңдығы 60г/м2 тан 210г/м2 дейін;

  • максималды жылдамдығы сағатына 5500 цикл;

  • салмағы 2000 кг.

Horizon AFC-744 AKT бүктемелеу аппараты

AFC-744 AKT Horizon бүктемелеу құрылғысы парақтарды көлденең парралельді бүктемелеуге арналған. Бұл қазіргі заманғы талаптарға сай компьютерлік басқару пультімен жарақталған фирманың жаңа өнімдерінің бірі.

Машина төрт параллельді, үш көлденең (бір пышақты, екі кассеталы) және қосымша бір перпендикулярлы пышақты бүгілім жасай алады. Биік самонаклад столы (750 мм) пневматикалық жылжыту барабанымен және топтаманың артқы шеті үрлегішпен жарақталған.

Жоғарысапалы болаттан жасалған бүктемелеу кассеталары кассеталық тіректердің қисықтығын және жағдайын реттеп отыратын прецизионды жүйемен жарақталған. Бүктемелеу білікшелері сегменттелген және беті полиуретанды және болатты болып келетін қайталанып отыратын бөліктерден тұрады. Полиуретанды сақиналарды ескіруіне байланысты ауыстырып тұруға болады.

Пышақты бүктемелеу секциясы сағатына 24000 парақ жылдамдықпен жұмыс істей алады.

AFC-744 AKT электронды компьютерлік басқару пульті әлемдегі осы заманға сай жүйелердің бірі.

Horizon AFC-744 AKT перфорациялау-биговкалау құрылғыларымен де жабдықталған. Жұмыс істеуге 20 түрлі дискті пышақ бар. Олар биговка жасауға, перфорациялауға және үш перфорациялайтын пышақпен жұмыс істеуге болады.

Horizon AFC-744 AKT Жапонияның жетекші өндірістерінде қазіргі заманғы жабдықтарды қолдана отырып жасаған және ол сапаның ең жоғарғы нормаларына сай.




  1. - кесте. Horizon AFC-744 AKT техникалық сипаттамасы




Параметрлер

Мәндері

Қағаз форматы

210×210 нан 740×1100 мм -ге дейін

Бүгілім саны

4 параллельді,1қиылысқан және 2 кассеталы

Самонаклад түрі

Жазықстапельді пневматикалық

Қолданылатын қағаздардың диопозоны

35 тен 220 г/м2 қа дейін

Жылдамдығы

Сағатына А 4 форматты 43000 парақ

Бүгілім ұзындығы

30 мм

Салмағы

1600 кг

Габариті

5160×1640×1620мм немесе

3880×2920×1620 мм



Қуаты

3,8 кВт

Электроқоректенуі

380 В, 50Гц


Horizon – BQ 270 – автоматтандырылған желіммен бекіту машинасы

Жапоннаң Horizon фирмасының BQ 270 желіммен бекіту машинасы жоғары дәрежелі автоматты машина. Таралымға қажетті реттеулердің бәрі сұйықкристалды сенсорлі монитор көмегімен іске асырылады.

Операторға тек үш өлшемді ғана блок қалыңдығын, мұқабаның ұзындығы мен енін, басқа реттеулерді машина өзі таңдайды.

19- сурет. Horizon BQ 270

Бәсекелес басқа модельдерден ерекшелігі BQ 270-ің әрбір параметрлері өз алдына ерекше және оны түзеткеннен кейін машинаның басқа құрылымдарына ешқандай өзгерістер қажет емес. Орталық процессор операторды алдын ала ескертіп отырады және оған қате мәліметтерге енгізуге жол бермейді. Машинаны механикалық реттеу арнайы тапсырыста болған кезде болады, оларға жататындар: биговканы алып тастау, фрезерлеудің биіктігін ретке келтіру және қосатын губкалардың параллельділігін өзгертеді. Әлемде BQ 270 –ке дейін автоматтандырылған біркареталы ТЖБ машинасы болмаған.


20-сурет. Машинаның жұмыс цикілі

BQ 270-ің мах жылдамдығы сағатына 500 цикл, блокты фрезерлеу мен торшонирлеуді қосқанда.

BQ 270-ің келесі артықшылығы, ол әлемдегі ең алғашқы және қазірше жалғыз ғана төртбеттік биговка механизімімен жарақталған мұқабалық пневматикалы самонакладты, біркареталы ТЖБ. Көптеген арнайы құрылғысы бар ТЖБ машиналары жоқ баспаханалар биговканы бөлек машиналарда жасайды. Ал мұнда екі операция бірден орындалып отыр.

Жаңа ТЖБ машинасын технико-экономикалық параметрлері мен шығаратын өнімінің сапасына қарай, оны жағарытәжірбиелі жабдықтардың қатарына жатқызуға болады. Оның негізгі қызметі: алдын-ала бүктелген дәптерлерді (түбі фрезерленген) кітап, брошюра, журналдар, документацияларды, блокноттар, альбом, распечатка және басқа да аз және орташа таралымды өнімдерді терможеліммен бекіту.

Торшонирлеу және фрезерлеу секциясы

BQ 270 – ің фрезерлеу және торшонирлеу секциясы диаметрі 150 мм болатын қуатты фрезамен жарақталған. Фрезаның үстінде торшонирлеу пышағын орнатуға арналған төрт тесік бар. Штатты түрде машина екі пышақпен жабдықталған, бірақ торшонирлеу адымын өзгерту қажет болса, онда бір ғана торшонирлеу тісімен шектелуге немесе керісінше барлық төрт тісін орнатуға болады.

Фрезерлеу қызметін қосу-сөндіру және оның тереңдігін (1,1.5,2 және 3 мм) дискретті реттеу ыңғайлы механикалық қысқышпен орындалады.

Horizon – ың ерекшелігі ондағы фрезерлеу кезінде блокты мықтап ұстап тұратын берік болат планкасын қолдану болып табылады. Бұл планканың жағдайын реттеу машинаның орталық басқару пультында блок қалыңдығы берілгеннен кейін автоматты түрде реттеледі. Бұл планка кесу машинасындағы сияқты блокты мықтап ұстап тұрады және дәптерлер мен парақтарды фрезерлеу мен торшонирлеу кезінде олардың қозғалып кетуіне жол бермейді. Механикалық өңдеулерден кейін желім ваннасына қағаз шаңының түсіп кетпеуі үшін қуатты сорғыш механизмі қолданылады.



Желім ваннасы

Желім секциясы блок түбіне желім жағылуға арналған бір-біріне қарама-қарсы айналатын екі үлкен білікшемен, кітап түбінің жанына желім жағуға арналған екі роликпен және теңестіруге арналған бесінші білікшемен жабдықталған. Ваннанң сиымдылығы үш литр. Оның түбінде орналасқан қыздыру элементтері желімнің 120 дан 180ºС диопозон аралығындағы температурасының бірқалыпты болуын қамтамассыз етеді. Температураны оператор термометр шкаласы арқылы бақылап отырады.



Мұқаба самонаклады

BQ 270 – ің қозғалту стапелінде биіктігі 70 мм дейін жететін қағаз топтамасын қоюға болады, ол мұқабамен қамтамассыз ету үшін машинаның тоқтауы аз болады.

Қағаз топтамасындағы үстіңгі қағаздардың ұсталуы мен бір-бірінен ажырауының тиімділігінің арқасында 100г/м2 жоғары борланған және борланбаған мұқабаларды, қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін болатын қатырмаларды және де лакталған және ламинацияланған қағаздарды да алуына мүмкіндік болып отыр. Машинаның құрылысы ең үлкен жылдамдықта да қағаздардың қисайып кетпеуіне және отмарывания болмауына негізделіп жасалған.

Senator E – Line 78 бірпышақты кесу машинасы

Берілген технологиялық процеске барлық пааметрі жағынан Senator E – Line 78 бірпышақты кесу машинасы сәйкес келеді. Бұл машина парақтық материалдарды кесуге арналған.

Жоғарыжылдамдықты кесу машинасы тоқтаусыз жұмыс істеуге есептелген. Бұл болат станинадан жасалған. [11]

Senator E – Line сериялы бұл машина MSc микрокомпьютерлік басқару жүйесімен жабдықталған. Жеткізу комплектіне арнайы болаттан жасалған 2 запас пышағы, 5 марзан, қысатын пластина және керекті жабдықтар. Пышақтарды ауыстыру оңай және жылдам орындалады.

E – Line сериялы машиналар инфрақызыл қорғаныс барьерімен жабдықталған. Қауіпсіздікті бақылау жүйесі кез-келген электрлік ақауларды ескеріп отырады. Гидравликалық қысқыш біркелкі қысуды және қисайып кетуін болдырмауды қамтамассыз ететін орталық екі поршенді механизм негізінде құрастырылған. Қысу уақыты клавиатура арқылы іске асады. Қысу қысымы автоматты түрде ИҚ – қорғаныс барьері қиылысқан кезде 30 кПа – ға дейін төмендейді.

Затлдың жағдайы сандық индикациялы түрлі-түсті сұйықкристалды дисплейде бағдарламаланады. Оның жылжуы 0 ден 300 мм/с – ге дейінгі аралықта реттеліп отырады.

Мәшиненің ерекшеліктері

- құрылысының балансы мықты, еденге де бекітуге бола

- құйылған жоғарысапалы чугунді станина;


  • жоғарысапалы құйылған чугунді;

  • ыңғайлы, пиктограммалы басқау интерфейсі;

  • басқару клавишасының аздығы;

  • жұмыстың жоғарысапалылығын қамтамассыз ететін прецизионды бағытталатын пышақ пен қысқыш;

  • энергияны аз тұтынуы;

  • шу деңгейінің төмендігі.




  1. – кесте. Senаtor E-Line 78 техникалық сипаттамасы




Кесу ұзындығы

780мм

Кесілетін топтама биіктігі

120мм

Жылдамдығы

Минутына 50 цикл

Стол тереңдігі

780мм

Қысу қабілеті

4000кг

кернеулігі

3×380/50 гц

Қозғалтқыш қуаты

3 кВт

Салмағы

1400кг

габариті

1719×1811×1565мм


Horizon НТ – 70 үшпышақты кесу машинасы

Horizon HT – 70 үшпышақты кесу машинасы кітап блоктарын, брошюраларды, журналдарды, жекелеген көшірмелерді, форматы стандартты емес өнімдерді үш жағынан кесуге арналған. Блоктарды беру қолмен орындалады.

Шағын және қуатты үш пышақты кесу машинасының автоматтану дәрежесі жоғары. Horizon фирмасының ең танымал моделдерінің бірі. Болат жұмыс столының беті ескіруге шыдамды құймамен жабылған. Дайындамаларды салу мен дайын өнімді шығару жартылайавтоматтандырылған. Машина қалыңдығы 50 мм-ге жететін қалың кітаптарды да кесе алады.

Гидравликалық қысу өнімге әсер ететін қысымды реттеуді қамтамассыз етеді. Пневматикалық жүйе қағаз қиындыларын арнайы лотокқа итереді. Арнайы ленталы конвейер оператордың жұмыс істеуіне ыңғайлы болу үшін дайын өнімді машинадан шығарып отырады.



Оралықтандырылған моторлы жағу жүйесі.

НТ – 70 жаңа таралымға оперативті түрде қайта реттеледі. Машинаны реттеу мен форматын ауыстыру 10 минуттан да аз уақыт ты алады. Ол үшін ешқандай арнайы құралдарды қажет етпейді. Машинаны басқару толығымен электронды, түсінікті және қарапайым интерфейсті ыңғайлы пульт. Машинаның жай-күйі туралы борлық хабарламалар сұйықкристалды түсті дисплей мониторында көрсетіледі.




  1. – кесте.Horizon НТ – 70 үшпышақты кесу машинасының техникалық сипаттамасы




Кесу ұзындығы

100×142 мм ден 330×330 дейін

Топтама биіктігі

51 мм

Затл позициясының дәлдігі

0,5 мм

Қысу механизмін келтіру

Гидравликалық

Қысу қысымы

150-1000 кг

Жылдамдығы

Сағатына 1000 цикл

Габариті

2260×1160×1600 мм

Салмағы

1530 кг

Электроқуаты

380 В, 50 Гц, 3 кВт


СТ – 100 автоматты орап – байлау машинасы

СТ – 100 машинасында түрлі орап – байлау материалдары қолданылады. Бұл пышақты композициялы эластикалы полиэтилен негізіндегі лента. СТ-100 машинасы жеңіл орамаларды орап байлауға арналған.

Машина келесі ерекшеліктермен ерекшеленеді:


  • ораманың өлшемі автоматты түрде орындалады;

  • бір орамаға кететін уақыты 2 сек;

  • машина қауіпсіз және өте қарапайым;

  • машинаның эргономикалық дәрежесі жоғары, ол материалмен жұмысшының жұмысын экономдайды.




  1. –кесте. СТ-100 автоматты орап-байлау машинасының техникалық сипаттамасы




Орап-буу өлшемі, мм макс./мин.

800×1000/160×200

Орап-буу столының тереңдігі, мм

350

Жылдамдығы, басылым/мин

25

Жетек қуаты, кВт

0,37

Габариті, мм

1200×1530×1850

Салмағы, кг

30


1.4.3 Түптеу цехының жылдық жүктемесін есептеу


  1. – кесте. Түптеу цехы жабдықтарының санын есептеу




Жабдық маркасы

Жабдықтың жылдық уақыт қоры

Fжаб



Жылдық жүктеме, мың дана

N


Бір сағаттағы өнімділігі

n


Жабдықтың есептелген мөлшері

Жабдықтың қабылданған мөлшері

Бірпышақты кесу машинасы

2398

2400

1500

0,7

1

Үш пышақты кесу машинасы

2398

4800

1500

1,3

1

Бүктемелеу аппараты

2398

99600

40000

1

1

ВШРА

2398

5400

10000

0,49

1

Парақжинақтау машинасы

2398

4800

2900

0,7

1

Терможелім машинасы ТЖБ

2398

4800

1500

1,3

1

Орап-буу

2398

348

250

0,9

1

Fжаб = Fр- (tжөн+ tтех+ tнег) = 2398

Nр = N/Fжаб × n

Түптеу цехының ауданын есептеу



  1. жабдықтың алып жатқан ауданы 47 м2

  2. түзету коэффиценті 4,9

  3. 47×4,9 = 230 м2

қабырға қалыңдығына, торға және тұрмыстық бөлмелерге 25%

230 × 25% = 57,5 м2

4. жалпы аудан

230 × 57,5 = 287 м2

5. кубатура

287 × 4 = 1148 м3

6. 1м2 бөлменің құны – 25 мың тг.

287 × 25 = 7025 мың тг.

7. жалпы құнынан 3 % өндірістік бөлмелердің жөндеулері үшін

7025 × 0,03 = 211 мың тг.

8. жалпы сома

7025 + 211 = 7236 мың тг.



Негізгі материалдар құнын есептеу

ЖТКА (ВШРА) арналған сым

Тігу кезінде сым қалдығын 1,5 % есебін ала отырып бір сымға кеткен шығын

31,4 мм;


1 кг сым бағасы 1000 тг.

М = Т × д × n × m /1000

М – сым мөлшері, кг

Т – жалпы таралым

д – сым ұзындығы

n – бір өнімге кететін сым мөлшері

m – 1000м – гі сым салмағы

М = 5 400 000 × 0,0314 × 2 × 2,6/1000 = 882 кг

S = 882 × 1000 = 882000тг ≈ 882 мың тг.

ТЖБ арналған терможелім мөлшерін есептеу

Шығын нормасы бойынша 1000 журналға 1,2 кг желім кетеді;

Журналдың жылдық мөлшері 600 000 дана

600 000 / 1000 × 1,2 = 720 кг

1 кг желім бағасы 900 тг.

S = 720 × 900 = 648000 тг.≈ 648 мың тг.

КТЦ негізгі материалдарының жалпы құны = 648 + 882 = 1530 мың тг.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет