1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Жанармай/қауіпті химиялық заттектерді



Pdf көрінісі
бет46/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

8.5 Жанармай/қауіпті химиялық заттектерді 
тасымалдауды ұйымдастыру
Қауіпті материалдарды тасымалдау процедурасына және 
жанармаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру стандартына 
сәйкес мердігер жанармай және химиялық заттектер 
жеткізілімдері бойынша тәуекелдерді бағалауы қажет.
Сонымен қатар, тасымалдау компаниясының жарамдылығын 
растау үшін кешенді тексеру жүргізіледі:
f
тиісті материалдарды тасымалдауға лицензиясы бар-жоқтығы;
f
көліктерге техникалық қызмет көрсету жөнінде 
бағдарламаның бар-жоқтығы;
f
апатты жою жоспарының бар-жоқтығы;
f
төгінді орын алған жағдайдағы іс-әрекеттер оқуынан өткен 
білікті жүргізушілер қамтамасыз етілгендігі.


74
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Кесте 16. Жанармаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша
тексеру парағының үлгісі
Жанармай сақтау резервуарлары үшін екінші қорғаныс қабаты 
қамтамасыз етілген бе?
Жылжымалы резервуарлардан/көліктерден жанармай құю және 
жоспардан тыс жанармай құю барысында тамшыларға арналған науалар 
қолданылады ма? 
Арнайы белгіленген орындарда жанармай құю жұмыстары бетон үстінде 
немесе соған ұқсас құрылым үстінде орындалады ма? 
Жанармай құю кезінде машинаның немесе жылжымалы жабдықтың 
моторлары/қозғалтқыштары өшіріледі ме? 
Жанармай құю құбыршектері автоматты түрде өшірілетін құрылғымен 
жабдықталған ба?
Жанармай құю құбыршегі біртұтас ешбір жалғануларсыз ба?
Операторлар жанармай құю барысын басынан аяғына дейін бақылап 
тұрады ма (яғни, жұмыстар қандай да бір кезеңде қараусыз қалмайды 
ма)?
Жанармай құю барысында төгінділерді болдырмау үшін операторлар 
шара қолданады ма?


75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет