1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі



Pdf көрінісі
бет49/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

10.2 Қауіп төнетін түрлер
Біз Теңіз аумағындағы Каспий теңізі алабында мекендейтін 
ерекше жануарларды және осы жердің бірегей табиғатын мақтан 
етеміз. Аса жоғары жойылу қаупі төнетін түрлердің суреттері 
төменде ұсынылған. Теңіз кен орнындағы ККЖ өндірістік қызметі 
аумағы шегінде кездестіруге болатын жойылу қаупі төнетін 
түрлерге келесілер жатады:
f
жойылу алдында тұрғандар (ХТҚО Қызық кітабына енгізілген):
киік, тарғақ; 
f
жойылып бара жатқандар (ХТҚО Қызық кітабына енгізілген):
дала қыраны, ақбас үйрек, ителгі және жұртшы.
Теңіз кен орнының биологиялық алуан түрлілігін бақылау және 
қорғау үшін мердігер ұйым келесі шараларды орындауы тиіс:
f
жоғары қауіп төнетін түрлер бақылауларын тіркеу;
f
құстардың миграциясы/ұя салу кезінде (сәуірден қыркүйекке 
дейін) жұмыс алаңдарындағы және іргелес аумақтағы 
құстардың іс-қимылындағы байқалатын кез келген 
ерекшеліктерді тіркеу және ықтимал әсерді азайту шараларын 
әзірлеу үшін ұдайы бақылау жүргізу.


81
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Сурет 13: Теңіз кен орны аумағында кездесетін жойылып бара жатқан 
жануарлар түрлері
Тарғақ
Киік
Дала қыраны
Ақбас үйрек
Ителгі
Жұртшы
Көктемде жергілікті және жыл құстары ұя салады, бұның құрылыс 
жұмыстарына ықтимал әсері болуы мүмкін. ҚР Экологиялық 
кодексі құстардың ұяларына тиісуге/оларды бұзуға тыйым 
салады. Сондықтан, Теңіз кен орнында құстарды қорғау үшін 
келесі шаралар іске асырылады: 
f
құстардың іс-қимылын бақылау және оларды үркіту арқылы ұя 
салуына жол бермеу;
f
фаунаны бақылау журналын жүргізу. Фаунаны бақылау 
журналында кездескен түрлер, уақыты, күні, орны және 
қолданылған шаралар (егер қолданылса) (мысалы, жұмыс 
тәртібінің өзгертілуі) жөнінде мәліметтер қамтылуы қажет;
f
қажет болған жағдайда кейін танып айыру үшін байқалған 
түрлерді суретке түсіру;
f
Компанияның алдын ала рұқсатынсыз жануарларды қозғамау, 
мазасын алмау немесе олармен байланысқа түспеу және 
мекендеу орындарына (ұялар және т.б.) жақындамау;
f
өз басшыңызға және Компания өкіліне жануарлардың 
қатысуымен болған оқиғалар (жабдықпен, көліктермен 
соқтығысулар, жарақаттанған немесе өлген жануарлардың 
анықталуы) туралы хабарлау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет