1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі



Pdf көрінісі
бет47/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

9
АУА САПАСЫ


76
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
9. Ауа сапасы
9.1 Жалпы мәлімет
Көптеген операциялар, соның ішінде тазалау, құрылыс және 
тасымалдау жұмыстары атмосфералық шығарындылардың және 
тозаңның түзілуіне себеп болады, су мен ауаның сапасына әсер 
етеді, сондай-ақ өсімдіктердің қалпына келуін және өсуін тежейді.
9.2 Air Quality Mitigation Requirements
Құрылыс барысында мердігер атмосфералық шығарындыларды 
азайту үшін келесі шараларды орындауы қажет:
f
ықтимал атмосфералық шығарындылардың көлемін азайту 
мақсатында агрегаттардың, генераторлардың, сорғылардың
механизмдердің, жабдықтардың және көліктердің 
қозғалтқыштарын өндірушінің техникалық сипаттамаларына 
сәйкес пайдаланып, техникалық қызмет көрсету;
f
пайдаланбаған сәтте қозғалтқышты қосулы күйде қалдырмау, 
соның ішінде ауыр және жеңіл көліктер қозғалтқыштарының 
керексіз жұмыс істеуін болдыртпау;
f
қара түтін немесе өткір иіс байқалса (оталдырылғаннан 
кейін бір минуттан артық уақыт бойы) кез келген агрегатты, 
генераторды, сорғыны, механизмді, жабдықты және көліктерді 
пайдаланудан шығару; 
f
атмосфералық шығарындыларға себеп болуы мүмкін кез 
келген жабдықтың бұзылуы немесе істен шығуы туралы 
хабарлау.
Мердігерлер шаңның түзілуін азайту мақсатында келесі 
шараларды орындаулары қажет:
f
Тозаңды басу жұмыстарын жүргізеді. Су қажет болған 
жағдайда ішуге жарамсыз және техникалық емес суды 
пайдаланыңыз. Автосу цистерналары пайдаланар алдында 
тазартылып, тексерілуі қажет. Тозаңды басуға арналған 


77
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
суды үнемді пайдалану. Көлік жүргізушілері тозаңды басуға 
арналған күнделікті тіркеу журналын жүргізулері қажет 
(мерзімді тексерістер мақсатында көлікте сақталады), 
онда сапарлар саны, аймақтар, ауа-райы және топырақ 
жағдайлары, су жинау немесе жеткізу уақыты/мөлшері және 
орналасу аймағы тіркеледі.
f
Барлық инертті материалдарды, соның ішінде цементті, 
бентонитті немесе құмды тозаң түзілмейтіндей етіп сақтап, 
орналастыру қажет.
f
Жұмыс алаңдарын мүмкіндігінше таза ұстау;
f
Төгілген инертті материалдарды мүмкіндігінше тез арада 
жинап, тазалау қажет. 
f
Жүк көліктерін шамадан тыс толтырмаңыз, өйткені тасымалдау 
кезінде шаң көтерілуі мүмкін. 
f
Мүмкін болса тозаңды болдырмас үшін жүк көліктерін 
жамылғымен жабу.
f
Шаң-тозаңды болдырмас үшін жабық таспалы конвейерлерді 
және бункерлерді немесе су себу жүйелерін пайдалану.
f
Жүк көліктеріндегі жүк биіктігін бункерлерге, өздігінен 
аударғыш жүк көліктеріне, контейнерлерге және 
тасымалдағышқа тиеп, азайту арқылы тозаңның таралу 
аймағын кішірейту.
f
Алаңды тазалау және топырақтың беткі қабатын алу 
жұмыстарын барынша шектеу және қажетсіз жер қазу 
жұмыстарын болдырмау. Барлық жұмыс алаңдарының 
шекаралары нақты белгіленуі керек. Шаңды-тозаңды 
алаңдарда жұмысшылардың жеке қорғаныш құралдарын 
(мысалы: маскалар, көзілдіріктер, қорғаныш көзілдіріктері т.б.) 
пайдалануын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет