1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Вахталық кенттерде суды үнемді пайдалану үшін тағы не істеуге



Pdf көрінісі
бет54/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

Вахталық кенттерде суды үнемді пайдалану үшін тағы не істеуге 
болады?
f
Душқа түсу уақытын төрт минутқа дейін қысқарту; минутына 
10 литр су шығындалады.
f
Тіс жуу немесе қырыну кезінде кранды жабу, және ауызды 
шаю үшін стақандағы суды пайдалану.
f
Сумен қамту жүйелерінен су жылыстауы жағдайлары туралы 
хабарлау. Су тамшылап тұрған краннан бір жылда 10 000 литр 
су шығындалады.


90
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
Баптауды және суаруды қажет етпейтін, құрғақшылыққа 
төзімді өсімдіктерді егу.
f
Негізі су тұтыну алаңдары мен жұмыстары үшін жалпы су 
шығынын есептеу үшін тұрақты суесептегіштерді орнату. 
11.5 Ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық 
талаптар
ҚР құқықтық талаптарына сәйкес душқа түсу, жуыну, ыдыс жуу 
және ас әзірлеу үшін пайдаланылатын су - ауыз су сапасына ие 
болуы қажет. Мердігер барлық жұмыс алаңдарында, тұрғын 
жайларда, тамақ ішетін және демалу орындарында қауіпсіздік 
талаптарына сай ауыз суды қамтамасыз етуі қажет. 
Ауыз су сақтауға арналған резервуарлар келесідей болуы қажет:
f
жабындысы (қақпағы) бар және қыс айларында пайдалануға 
әзір, яғни қатып қалмайтындай болу;
f
қатты коррозия немесе нұқсан келу белгілерісіз, жарамды 
күйде;
f
сыртында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде “ауыз су” деп 
жазылған затбелігісі тұруы тиіс;
f
өзге жүйелерден оқшауланған және құлыпталатын;
f
тоқсан сайын тазаланып, жуылып және 
зарарсыздандырылады;
f
тоқсан сайын химиялық, физикалық және биологиялық 
көрсеткіштері тексеріледі; 
f
ауыз су сынамаларын зерттеу нәтижелері Компанияның 
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің қадағалауына және талдауына 
ұсынылады. 
Су сынамаларын талдау нәтижелеріне сәйкес нормативтерден 
ауытқулар анықталса, мердігер дереу сынама алуды және 
талдауды қайта жүргізіп, тиісті түзету шараларын Компаниямен 
талқылауы қажет.
Ауыз су автоцистерналары келесі талаптарға сай болуы қажет:
f
тек ауыз сумен толтырылып, «ауыз су» деп белгіленеді; 
f
таза, пайдалануға жарамды, жақсы күйде және коррозия 
белгілерісіз;
f
тоқсан сайын тазаланады, жуылады және 
зарарсыздандырылады; 


91
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
ай сайын химиялық, физикалық, биологиялық көрсеткіштері 
тексеріледі;
f
автоцистернадағы судың ластануын болдырмас үшін жалғама 
құбырлар мен құбыршектер қорғаныс қауасымен және 
бітеуіштермен жабдықталуы тиіс; құбыршек ешуақытта жерге 
тимеуі тиіс;
f
жүргізуші тасымалданатын материалдарды тіркейтін журнал 
жүргізуі тиіс.
Барлық ауыз су сақтайтын автосу цистерналары және 
резервуарлар келесі бағдарламаға сәйкес зарарсыздандырылуы 
тиіс:
f
тоқсан сайын және/немесе санитарлық көрсеткіштерге сәйкес 
(қай жағдай ертерек орын алатынына байланысты) тазалау, 
жуу және зарарсыздандыру;
f
зарарсыздандырылатын резервуарлар оқшаулануы және 
белгіленуі тиіс;
f
резервуардың ішкі жағы механикалық түрде тазаланады, 
жуылып, құрғатылады және зарарсыздандырылады;
f
жуу және зарарсыздандыру жұмыстары осы қызмет түрлеріне 
лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен орындалады;
f
зарарсыздандыру резервуарды/автоцистернаны хлор 
қосылған ауыз сумен толтыру арқылы жүргізіледі;
f
құрамында хлор қосындылары бар суды жою әдісі 
Компаниямен мақұлдануы тиіс; 
f
мердігер резервуарды толтыру, тазалау, жуу және 
зарарсыздандыру мәліметтерін тіркеуі тиіс.
Сонымен қатар жұмыстарды бастар алдында мердігер ауыз суға 
қатысты штаттан тыс жағдайда әрекет ету жоспарын әзірлеуі 
қажет, аталмыш жоспар су сапасы бекітілген стандарттарға сай 
болмаған жағдайда қандай іс-әрекеттер қолдану керек екендігін 
сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет