1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі



Pdf көрінісі
бет51/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

84
11
WATER 
MANAGEMENT


85
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
11. Суды пайдалануды басқару
11.1 Жалпы мәлімет
Теңіз кен орны өңірі «суға тапшы» болып саналады, сол себепті 
шалғайдағы көздерден жеткізілетін ауыз су мен техникалық суға 
тәуелді. 
ҚР нормативтік-құқықтық талаптары аясында «суға тапшы 
аймақтарда» құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлау кезінде 
су ресурстарының тапшылығын шешуге жәрдемдесу мақсатында 
барлық тазартылған ағын сулары мен табиғи суларды қайта 
пайдалануды қарастыру міндетті шарт болып табылады.
Мердігер су пайдаланудың келесі негізгі қағидаларын 
қолданысқа енгізуі қажет: 
1. техникалық су мен ауыз суды тұтынуды мейлінше қысқарту; 
2. қайта пайдалану мен қайта өңдеу мүмкіндіктерін барынша 
арттыру;
3. суды пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында суды 
тұтынуға бақылау жүргізу;
4. адамдардың тұтынуына арналған судың сапасы қолданылатын 
стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету.
11.2 Жерасты суларын басқару
Теңіз кен орнында жерасты суы әдетте 1-3 метр тереңдікте 
кездеседі. Жергілікті жерасты суы тұзды, сондықтан оны 
пайдалану мен кәдеге жарату ҚР заңнамасымен қатаң 
бақыланады. ККЖ-да жерасты суларын оңтайлы пайдаланудың 
бірнеше нұсқасы қарастырылған, сондықтан судан құрғату 
жұмыстарын бастамас бұрын мердігер ККЖ ЭЕӘ тобымен кеңесіп, 
келесіні қамтитын ең оңтайлы нұсқаны анықтауы тиіс:
f
топырақты тығыздау үшін қайта пайдалану (шектелмеген 
мөлшерде);
f
тозаңды басу үшін қайта пайдалану (бір жұмыс алаңы үшін 
күніне тек 50 м3);
f
Компаниямен мақұлданған су жинауыш тоғанға төгу (бірнеше 
алаң бар);
f
ТШО негізгі өндірісінің сорына төгу (ШГАҮБ-ның оңтүстік-
шығысында орналасқан).


86
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Кез келген мақсатта жерасты суларын төгер алдында мердігер 
су сынамасын алып, оның құрамында ластаушы заттардың бар-
жоқтығын анықтауы қажет (14-бөлімді қараңыз). 
Сынамаларды талдау 3 күнге дейін созылуы мүмкін, сол себепті 
мердігердің талдау нәтижелерін күту кезінде алаңда жерасты 
суларын сақтайтын резервуарлары болуы қажет. Сақтау 
резервуарынан алынған бір сынама оның ішіндегісінің көрнекі 
үлгісі болып саналады, осылайша бір резервуардан су алып
тасымалдайтын бірнеше автоцистерна үшін бір рұқсат берілуі 
мүмкін.
Зертханадан суды талдау нәтижелері алынғаннан кейін ККЖ 
ЭЕӘ тобы жоғарыда көрсетілген нұсқалардың біреуін немесе 
бірнешеуін қолдануға рұқсат береді. Егер зертханалық нәтижелер 
жерасты суы сапасы белгіленген шектен асатындығын көрсетсе, 
онда бұндай суды кез келген мақсатта қайта пайдалануға немесе 
төгуге болмайды, ал ККЖ ЭЕӘ тобы мердігерге оны жою әдісін 
таңдауға көмектеседі.
Жерасты суларын қайта пайдалану немесе Компанияның су 
жинауыш тоғанына төгу рұқсаты 30 күнге жарамды. Жерасты 
суларын ТШО сорына төгу рұқсаты 10 күнге жарамды. 
Мердігер әрбір жұмыс алаңы бойынша тіркеу журналында 
шығарылған жерасты суларының, сондай-ақ қайта 
пайдаланылған (топырақты тығыздау/тозады басу үшін) жерасты 
суларының мөлшерін енгізуі тиіс.
Жерасты суларын тасымалдау үшін пайдаланылатын барлық 
вакуумдық автоцистерналар немесе автосу цистерналары келесі 
талаптарға сай болуы қажет:
f
ұзындығы 5 метрден асатын қысымды құбыршекпен 
жабдықталу (тек сорларға төгу үшін);
f
қатты коррозия немесе нұқсан келу белгілерісіз жарамды 
күйде болу;
f
көлікті бумен тазалау және жуу кестесін сақтау (ескерту: соңғы 
бумен тазалау/жуу өтінім қабылданғанға дейінгі 10 күннен 
аспайтын уақытта жасалған болуы қажет);
f
көлікте қажетті құжаттар болуы қажет:

талдау нәтижелері;

жерасты суларын пайдалану рұқсаты (ККЖ ЭЕӘ тобымен 
берілген);

ТШО-ның бумен тазалау/жуу акті;


87
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»

жерасты суын кәдеге жарату жөніндегі толтырылған 
манифест (SharePoint сайтындағы ЭЕӘ бөлімінде үлгісі 
ұсынылған);

тасымалданатын материалдар бойынша толтырылған 
журнал;
Жерасты суларын тасымалдайтын көліктердің барлық 
жүргізушілері келесіге міндетті:
f
«Теңізшевройл» компаниясының вакуумдық көліктердің 
қауіпсіз жұмысы жөніндегі нұсқаулығын орындау (ҚТП-04); 
f
тиісті аймақта жұмыс орындауға рұқсатына, рұқсатнамасына 
ие болу және тиісті оқытудан өту;
f
су төгу аймақтарындағы қауіпсіздік қызметінің және Компания 
қызметкерлерінің нұсқауларын орындау;
f
жерасты суларын тек рұқсатта көрсетілген жерлерге төгу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет