1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі



Pdf көрінісі
бет53/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

11.4 Су ресурстарын тиімді пайдалану
Теңіз кен орнында сумен қамту мүмкіндіктері өте шектеулі 
және осында жұмыс істейтін әрбір қызметкер мүмкіндігінше 
суды үнемдеуі қажет. Сумен қамту көлемі белгіленген төменгі 
шектік шамаға жеткен кезде, жобалар, мердігерлер, ТШО ККЖ 
аясындағы кенттер, кеңселер және жұмыстар, соның ішінде ТШО 
вахталық қалашығы нысандары және өзге де іргелес аймақтар 
үшін су ресурстарын тиімді пайдалану шаралары қолданысқа 
енгізіледі.
Техникалық су тұтыну мөлшерін азайту үшін мердігер ұйымдар 
мен жоба қызметкерлері келесі шараларды қолдануы қажет:
f
гидросынақтан кейінгі су, жерасты сулары, тазартылған 
ағынды сулар сияқты балама су көздерін барынша көп 
пайдаланыңыз және техникалық сужинағыш ұстындарды 
пайдаланбағаныңыз жөн;


89
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
қайта пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жерасты 
суларына арналған су жинауыш тоғандарды салу;
f
қайта пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 
гидросынақтан кейінгі суға арналған резервуарлармен 
жабдықтау;
f
алаңда судың жылыстауы бар-жоқтығын тексеру және 
анықталған жағдайда ақауды жою;
f
жұмыс алаңдарында су пайдалануды бақылау және шамадан 
тыс су пайдалануды болдырмау.
ККЖ аясындағы барлық уақытша және тұрақты ғимараттар, 
соның ішінде жаңа кенттер (15-бөлімді қараңыз) су ресурстарын 
тиімді пайдалану қағидаларын ескере отырып, жобалануы 
қажет (қолданыстағы нормативтерді D қосымшасынан қараңыз). 
Оларға суды тиімді пайдалану құрылғылары, жүйелері және 
құрылымдары жатады: 
f
тұрғын ғимараттарға арналған, адам басына күніне ең көбі 
180 литр су тұтынуды қамтамасыз ететін сенімді сумен қамту 
жүйелері;
f
кран ашық күйде қалған кезде су босқа ағуын болдырмау үшін 
автоматты сенсорлар немесе таймерлер орнату;
f
жуыну бөлмелеріндегі төмен арынды крандар және себезгі 
құйғыштары;
f
қос шаю жүйесі бар төмен арынды унитаздар;
f
биописсуарлар;
f
кір жуатын орындарға арналған су үнемдейтін жабдықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет