55
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
жауапты тұлғасы химиялық зат
бойынша анықталған белгілі
деректерді ККЖ ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөліміне ұсынып, химиялық
заттекті талдауға өтініш жіберуі қажет (14-бөлімді қараңыз).
Егер уақытша сақтау қажет болса, белгісіз химиялық заттектер
қышқылға қарсы, суға төзімді контейнерге ауыстырылуы қажет.
Контейнер ортақ алаңда және ықтимал үйлеспейтін химиялық
заттардан (мысалы қатты қышқылдар, сілтілі металдар немесе
тотықтандырғыштар)
бөлек тұруы тиіс, өйткені ол кенеттен
таралып кетсе, реакцияға жол бермеу қажет.
Химиялық зат лаборатория арқылы анықталғаннан кейін,
мердігер ұйым химиялық заттектің қауіпсіздігі жөніндегі
мәліметтерді алдырып, қарауы тиіс. Сонымен қатар ККЖ ЭЕӘ
тобымен ақылдаса отырып, оларды орналастыру жоспарын
әзірлеуі қажет.
7.5 Төгілудің алдын алу
Жоба алаңында құрылыс пен
өндіріс кезінде төгіндімен
байланысты оқиғаның орын алу ықтималы бар арнайы алаңдар
бар. Бұл алаңдар төменде көрсетілген:
f
Жанармай жеткізу және дайындау алаңдары
f
Өңдеу алаңдары мен жинау станциялары
f
Қауіпті материалдарды сақтау алаңдары
f
Қоймалар
f
Қалдықтарды жинау және игеру алаңдары
Қауіпті материалдардың төгілуінің ең жоғары ықтималдылығы
қауіпті материалдарды тиеу/түсіру алаңдарында және жабдықта
орын алуы мүмкін (мысалы: гидрожүйедегі жылыстаулар,
жанармай ағылуы).
Мердігер ұйым жұмыстарды атқару
кезінде майдың немесе
химиялық заттектердің төгілуінің алдын алуы тиіс. Мердігер
ұйым өз тарапынан болған барлық төгінді мен шығарындыларды
тазалап, түзетіп, қалпына келтіріп және шығындар үшін жауап
беруі керек.
Орындалуы тиіс төгіндінің алдын алу шаралары келесілерді
қамтиды: нысанды күнделікті тексеру, екінші қорғаныс қабатын
қолдану, қауіпті материалдарды тиісті түрде тасу және ауыстыру
бойынша жұмыскерді оқыту, төгіндінің
алдын алу және тазалау
жұмыстары. Төмендегі бөлімде төгінділердің алдын алуға
бағытталған арнайы шаралар сипатталған.
56
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Мердігер ұйым төгіндінің алдын алу бойынша төмендегі
тәжірибеге сүйенуі тиіс:
f
Жабдықтың бүтіндігін қамтамасыз ету мақсатында өнім
жасаушының жабдықты орнату, тексеру және техникалық
қызмет көрсетуге қатысты ұсыныстарына сәйкес әрекет ету
f
Сұйықтық ағып тұрған немесе бүлінген
кез-келген жабдық,
резервуар, сорап, құбырлар және жанармай құю жабдығы тез
арада жөнделуі немесе алмастырылуы тиіс.
f
Көлік және жабдық бойынша техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын ешнәрсені өткізбейтін еденде өткізу немесе
кез-келген тамшылауды/ағуды ұстап тұратын екінші қорғаныс
қабатын қолдану
f
Төгіндінің алдын алу процедуралары бойынша жұмыскерлерді
оқыту және тұрақты түрде төгіндіге қатысты оқу-жаттығулар
өткізу
f
Қоймаланып тұрған төгіндіні
жинау құрал-саймандарының
барлық жұмыс алаңдарында тұруын қамтамасыз ету.
Жерге төгілуге жол бермес үшін, мердігер ұйым тиісті өлшемдегі
тамшылауға арналған науаны немесе ештеңе өткізбейтін
мембрананы келесілердің астына қоюы тиіс:
f
Құрамында көмірсутек немесе химиялық заттар бар жабдық
(мысалы: генераторлар)
f
Техникалық қызмет көрсетіліп/жөнделіп жатқан жабдықтар
мен көліктер
f
Құбыршектер мен жалғастырғыш түтіктер.
Тамшыларға арналған науа келесідей болуы тиіс:
f
Ең қатты тамшылау мен төгілуді ұстап, сыйдыра алатындай
тиісті
өлшемі бар
f
Жиналатын сұйықтыққа лайықты етіп арналған
f
Тесіктер мен жарықшалары жоқ
f
Тұрақты жабдықтың астына ұзақ мерзімге қойылған кезде,
үнемі жаңбыр мен қардан босатылып, тазартылған
f
Сұйықтықтықты босатып жіберетін аузы/тесігі немесе өзі
ағызып жіберетін механизмі болуы тиіс немесе сіңіретін
материалдар қолданылуы қажет.