58
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Құрылыс
алаңдары
Жанармай
сақтау алаңдар
Жанармай
цистерналары
Ауыр жүк
көліктері
• Апатты
жағдайдағы
күрек
• Тамшыларға
арналған темір
ыдыс(тар)
• Бір рет
қолданылатын/
қорғаныс
киімдері
• Нитрилді
қолғаптар
• Пластик қоқыс
пакеті
• Ауа райы
шарттарынан
қорғап сақтайтын
контейнер
• Пластик немесе
резина
• төсеме/қабат
• Нитрилді
қолғаптар
• Пластик немесе
резина
• төсеме/қабаттар
• Апатты жағдайға
арналған күрек
• 1 x нитрилді
қолғаптар
7.7 Алдын ала профилактикалық техникалық
қызмет көрсету
Төгінділердің жиі кездесетін себебі алдын ала профилактикалық
техникалық қызмет көрсету бағдарламаларының
жетіспеушілігімен байланысты. Мердігер ұйымдар маңызды
жабдықтар, құралдар және көлік құралдарына арналған алдын
ала профилактикалық техникалық қызмет көрсету кестесін
әзірлеуі тиіс. Мердігер ұйым жабдықтың, құралдардың және
көліктердің cапасын тексеріп, тексерістер мен техникалық қызмет
көрсетулердің тіркеу журналын жүргізуі қажет.
Гидравликалық құбыршектерге және отынқұбырына алдын
ала профилактикалық техникалық қызмет көрсету жұмыстары
басты назарда болуы тиіс. Өнім жасап шығарушылардың
есептемесіне сәйкес, құбыршектегі ақаулардың 80%-ы оны
тарту, түйін қалыптастыру, езу немесе үйкеу арқылы сыртқы
физикалық зақым келтіруден болады. Әдетте ол лайықсыз
орнату немесе алдын ала профилактикалық техникалық қызмет
көрсету жұмыстарының тиісті түрде жүргізілмеуінен болады. Теңіз
кен орнында байқалатын шекті температура жағдайларында
қолдануға арналған құбыршектерді ғана пайдалану рұқсат
етілген.
|