Балалардың сабаққа кешігуіне не себеп болды?
Ораз уақыт туралы қандай ой айтты?
Балалар өз уақытын бағалай алды ма?
Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің?
2-тапсырма
Cұрақтарға жауап бер.
Мәтіндегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың?
Балалардың әрекетін әрі қарай болжа.
Мәтінді «уақытты бағалау керек» деген тұжырыммен сәйкестендіріп, жалғастырып айт.
БЖБ № 4 «Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Оқылым
түрлері Жазылым
Оқу мақсаты: 3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп түртіп алып/
қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/СТО бағалап оқу
3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды
білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі әңгіме жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді
• Мәтіннің тақырыбын анықтайды
• Мәтіннің негізінде шығармашылық жұмыс жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді . Оның жаңадан салынған ғимараттары мен әдемі алаңдары көз тартады. Қалада биіктігі 100 метрден асатын ғимараттар көп. Мысалы, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бас ғимараты заманауи үлгіде жасалған зәулім мекеме. Биіктігі – 175 метр. «Меруертті мекен» - әртүрлі биіктіктегі көп қабатты тұрғын үй кешені. Арасындағы ең биігі 210 метрге жуықтайды. Ғимараттың соңғы қабатының аумағы бірінші қабаттан 15 метрге артықтығымен ерекшеленеді.
Қазір мұндай ғимараттар Астананың мақтанышына айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |