Тоқсан бойынша жиынтық
бағалаудың мақсаты: 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру;
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана
отырып жеткізу.
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16 балл
Тыңдалым және айтылым
1 -тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне қойып жатып:
– Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ кеткен соң ол ағасынан:
– Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.
– Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады, – деді ағасы. – Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.
Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып беретін болды. Сондай-ақ, ол күн сайын:
– Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.
(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)
Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?
Болат нені әдетке айналдырды?
Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер.
Оқылым
2 – тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Көне Отырар
Отырар – Арыс өзенінің оң жақ жиегінде орналасқан көне қала. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған.
Отырар қаласы сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың назары көп түскен. Отырарды Қайырхан басқарған әскерлер алты ай бойы моңғолдардан қорғаған. Басып алғаннан кейін жаулар қаланы түгел өртеп жіберген.
Қазір Отырар қаласының орны ғана бар.
Достарыңызбен бөлісу: |