1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа


https://lenta.inform.kz/kz/biyldan-bastap-kushine-engen-dsu-musheliginin-artykshylyktary-kanday_a2856823



бет30/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

https://lenta.inform.kz/kz/biyldan-bastap-kushine-engen-dsu-musheliginin-artykshylyktary-kanday_a2856823

  1. Төменде берілген сөздерден термин сөздерді анықтаңыз.

А. экономика
В.алпауыт
С.кәсіпорын
D.материалдық
E.дүниежүзілік
F.айғағы

  1. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Сөздер: құқықтық-сауда, жаһандық экономиканың, мүше болу .
1.Яғни, 2016жылдан бастап Қазақстан жаңа ____________режиміне көшті.
2. ДСҰ- ға __________– күллі Қазақстанның жемісі.
3. Бұл – еліміздің ____________бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы.
3. Берілген мәтіндерді оқып, көтерілген мәселе туралы жұбыңызға әңгімелеңіз. Тыңдалған ақпарат бойынша 2 сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою мен жауап беруде сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

  1. оқушы

Он тоғызыншы ғасырдың аяғында әртүрлі елдің бірнеше ғалымы мен инженері радиотолқындардың көмегімен сымсыз қашықтыққа дыбысты жібере алды. Алайда бірінші ұдайы радиостансасы Голландияда тек 1920 жылы ғана жұмыс істей бастады. Бірнеше жыл ішінде радиоқабылдағыштар әр үйде болды. Радиодан жаңалықтар, музыка мен көңіл көтеретін хабарлар берді.
1950 жылдары батарейкамен жұмыс істейтін шағын радиоқабылдағыштар пайда болды. Олар жеңіл әрі шағын, саяхатқа немесе серуенге шыққанда, алып жүруге ыңғайлы еді. Қазіргі радиостудиялар жоғары сапалы микрофондармен, құлаққалқандарымен жабдықталған.
(72 сөз)
Д. Райан. «Ақпарат және байланыс» кітабынан



  1. оқушы

«1921 жылы Қазақ КСРО Халық Комисарлары Кеңесінің 29 қыркүйектегі қаулысымен Орынбордағы радиостансынан күніне 1600 сөзден тұратын хабарлар дайындауға шешім қабылданды.
Міне, сол алғашқы кездегі төрт сағаттық эфирден бастау алған, бүгінде 85 жылдық тарихы бар «Қазақ» радиосы қазақ жұртымен, қазақ қоғамымен жасап келеді. Мұнда кешегі өткен ұлы тұлғалардың он мыңдай дауыс - үні сақталған. Тіпті Алтын қорда Дина Нұрпейісова бастаған қазақ өнері қарлығаштарының шерткен күйлері мен тарихқа айналып кеткен ағалар мен апалардың дауыстары сақталған. Бұл деген - үлкен рухани байлық», - дейді бүгінгі біздің қонағымыз, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, танымал диктор Сауық Жақанова. «Радио - халыққа жылдам тарайтын, жедел жететін ақпарат көзі. Әсіресе қазақ жұртына теледидарды күні кеше ғана келгенін ескерсек, «Қазақ» радиосы қаншама ұрпақты тәрбиелегенін байқаймыз...»
(117 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет