http://startinfo.kz/buisness/qazaqst-basy-ozekt-masele/
Мәтінде берілген сөздердің синонимдерін анықтаңыз. A. әлемдік -
B. маңызды -
C. әл-ауқаты -
D. қол жеткізу -
жоғарылау -
үнемі -
Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз
Сөздер: Еңбек бөлінісі, халықаралық саудасын, өмір деңгейін, қорғау
А. Ол тауар және қызмет көрсетулердің __________________реттеуде, меншік құқығын____________, халықаралық сауда дауларын шешуде, әлемдік сауда саясатын қалыптастыруда маңызды рөлге ие.
В. Қазақстанның алдында халықаралық _____________________жүйесінде нақты орынды иелену міндеті тұр.
С. ДСҰ-ға мүше елдер халықтарының әл-ауқатын,______________ жоғарылатуына, тауарлар және қызметтермен толық қамтылуына қол жеткізуіне, сонымен қатар нақты кірістердің жоғарылауы және үнемі өсуіне ықпал етуіне мүмкіндік алады.
Өз мәтініңізді оқып, көтерілген мәселе туралы жұбыңызға әңгімелеңіз. Тыңдалған ақпарат бойынша 2 сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою мен жауап беруде сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.
1-оқушы
Журналистика – ерекше мамандық, оның құралдары, мазмұны, медиа платформасы үнемі өзгеріп отырады. Оқу жоспары да заман сұранысына қарай түрленіп, жаңа реңкпен сипат алады. 2008, 2012 және 2017 жылдары ЮНЕСКО ұйымы халықаралық медиа нарықтың стандарттарына негізделген журналистік білім берудің үздік әлемдік үлгілерін қамтитын моделі мен бағдарламасын ұсынды. Оны тәжірибеде сынап көру – республикамыздың бірнеше жоғары оқу орындарында жүргізілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті де отандық жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламаларының актуальдылығын талдап, үнемі мониторинг жүргізіп келеді.
«Гендерлік журналистика бойынша оқу бағдарламасын күшейту» жобасының жетекшісі Назгүл Шыңғысова қатысушылардың назарын Қазақстан гендерлік теңдікті қолдау және дамыту үшін қуатты құқықтық негіз қалыптастырғанына аударды. «Еліміз адам құқықтарына қатысты 60-тан астам халықаралық шартқа қосылды. 2009 жылы «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңдар қабылданды» деді ол. Қазір Қазақстанда әйелдер экономиканың барлық саласында жұмыс істейді, олар ЖІӨ-нің 40 пайызын өндіреді, 29-ы – Мәжіліс депутаты. Алайда мынадай деректер бар: елімізде әйелдерге қарағанда ерлер басшылық қызметте екі есе көп, олардың жалақы айырмасы да 30 пайызға артық. Сондай-ақ нәзік жандылардың арасында жұмыссыздық дейгейі жоғары, аз төлем жасалады, т.б. Әйелдердің отандық медиадағы менеджментте белсенділігі төмен екені байқалады, бұл өз кезегінде мәселеге тек ерлердің көзқарасымен ғана қарауға мәжбүрлейді дейді мамандар.
(200 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |