1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа


I тоқсанның жиынтық бағалауына шолу



бет51/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

I тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 10 минут

Оқылым – 15 минут


Жазылым – 15 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі).


Балл саны – 30


Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар


Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент – айтылым дағдыларын тексеруге арналған.




Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмаларға сипаттама

Тапсырма түрлері

Орындалу уақыты, мин

Балл

1

10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;
10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу.

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқу-кәсіби,қоғамдық-саяси,әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясындағы 150-160 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.
Мәтінді тыңдау барысында оқушылар терминдердің мағынасын түсінуге, мәтіндегі ақпаратқа қатысты өз көзқарасын аргументтер арқылы дәлелдей алуына бағытталған тапсырмаларды орындайды.

Сәйкестендіру сұрақтары

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақ



6

3

2

4

2

3

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау;
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау.

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын ғылыми-көпшілік мәтінді оқиды. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау, факті мен көзқарасты анықтау, мәтін идеясымен байланысын анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындайды.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

3

4

2

2

5

2

1

6

3

1

7

3

3

8

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу;
10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
10.5.1.1 тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану;
10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану.

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, мақала жазады. Мұғалім оқушының публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана алуын; мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жаза алуын; мәтін құрауда тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды, сын есімдерді орынды қолдануын бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

15

10

9

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету;
10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінге сүйене отырып, диалог (әр оқушы диалогта 8-10 сөйлем айтуы керек) құрайды, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді; сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі, әр білім алушыға 2 минут уақыт беріледі.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет