«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым
Мәтін бөліктерін тыңдап, оның жалғасын болжап, 1-2 сөйлеммен жалғастырыңыз.
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
– Мен қартайдым. Сендер ер жеттіңдер. Қара шаңыраққа біреуіңді қалдырамын. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Жиған байлықтарыңды көрсетіңдер, – деді.
Балалары әкесіне байлықтарын әкеліп, мақтанды. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігін көрсетіп:
Үлкен ұлы не деп жауап беруі мүмкін (2 сөйлем)?
[2]
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
– Міне, менің байлығым. Жарты патшалыққа татиды. Кім бай болса, сол ақылды, – деді. Екінші ұлы сәнді киімдерін киіп, әдеміленіп келді де:
– Мені көрген жұрт киімімнің алдында бас иеді. Мұндай киімді патша да кимеген. Бәсі бір патшалық, – деді.
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынып:
– Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес. Құны екі патшалыққа жүк, – деді.
Әкесі үлкен ұлдарына қарап, басын шайқайды да, кенже ұлына:
Әкесі ең кіші ұлына не деп айтуы мүмкін (2 сөйлем)?
[2]
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
– Әй, сен, неге үндемейсің? Мақтанарлық байлығың қане? – деді.
Кенжесі:
– Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар. Қайрат-жігерге толы жүрегім бар. Бар байлығым осы, – деді.
Шал кенже ұлына риза болды.
– Жұмыс істей білген адам жұтамайды, – деп, батасын беріп, мұрагер етті.
Кейін жұт болып, байдың бар малы қырылып, балалары қолдарына таяқ ұстап қалыпты. Сол кезде өнер жиған кіші баласы ғана бақуатты өмір сүріп, ел-жұртына көп пайдасын тигізіпті.
3.Әкесіне неліктен кенже ұлының жауабы ұнайды? Дәлелдеңіз (2 сөйлем).
[2]
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Мәтінде қандай жалпыадамзаттық мәселе көтерілген (1 сөйлем)?
[1]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
[3]
Жұт – _________________________________________________________________
Жүзік - _________________________________________________________________
Кенже - _________________________________________________________________
Оқылым
Қосым төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Қазір де ол:
− Ой, кетші ары, тырнауық мысық,- деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді.
Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді.
Қазір де ол Аянның алдында қыр көрсеткісі кеп:
− Тырнағың қайсы-ей, мысық? - деп, Қосымды аяғынан шалып қалды. Қосым жалп етіп ұшып тусті де, терісі сыдырылған тізесін ұстаған күйі, көзі жасаурап қайта тұрды. Жылап жіберген Қосым тырнамақ боп ызақорлана ұмтылған, Есікбай оны ұзын қолымен тұмсықтата салып жіберді. Қосымның мұрнынан қан дірдектеп, бақырып үйіне кетті.
Сол күні біз суға түсіп, күнге қақталып, кешке дейін тоспа басында ойнадық. Аян бұрыннан таныс адамдай етене боп кетті.
Ол өте ақ көңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті - ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі еді.
(164 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |