Балл қою кестесі
Тыңдалым
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
Жалпы балл
|
1
|
Білім алушының жауабы
Білім алушының жауабы
Білім алушының жауабы
|
1
1
1
|
10
|
2
|
Арал теңізінің экологиялық апатқа ұшырауы. Теңіз суының тартылып, көлемінің азаюы.
|
2
|
|
3
|
Білім алушының жауабы
|
2
|
|
4
|
Ықтимал жауап:
Аралдың арнасы қайта толса, экологиялық апатқа ұшырамас еді.
(Білім алушының басқа да жауаптары ескеріледі)
|
3
|
|
Оқылым
Әр бағандағы дұрыс жауап үшін 1 балл қойылады.
Негізгі ақпарат
|
Қосымша ақпарат
|
Факт
|
Көзқарас
|
Идея
|
|
|
|
|
|
Ескерту: оқушы мәтіндегі кез келген негізгі, қосымша ақпаратты, факті мен көзқарасты қолдана алады.
Жазылым
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
публицистикалық стильде жазады;
|
1
|
2
|
жанрға тән тілдік құралдарды орынды қолданады;
|
1
|
3
|
тақырыпқа қатысты көркемдегіш сөздерді қолданады;
|
1
|
4
|
сан есімдердің мағыналық түрлерін қолданады;
|
1
|
5
|
есімдіктердің түрлерін қолданады;
|
1
|
6
|
есімше формалы етістіктерді сөйлемдерге қатыстырады;
|
1
|
7
|
тақырыпты ашады;
|
1
|
8
|
мәтін құрылымын сақтайды;
|
1
|
9
|
Орфографиялық нормаға сай жазады;
|
1
|
10
|
Сөйлемнің соңында және ортасында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
|
1
|
Барлығы :
|
10
|
Айтылым
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
графиктік мәтін түрі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) бойынша үш сұрақ қояды;
|
3
|
2
|
сұрақ мазмұны үш мәтінді де қамтиды;
|
1
|
3
|
этикет мәнді сөздерді қолданып, сөйлеу әдебін сақтайды.
|
1
|
Барлығы:
|
5
|
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа
Тыңдалым
Арал теңізі
Жазирада желмаямен желгелі
Жағасына жайғасыпты ел келіп.
Жеңіп алған теңіз деген атақты ол
Жаралғанмен о басында көл болып
Бүгін Арал армандайды құшсам деп
Бұраңдаған өзендерін Сібірдің.
Көңіл шөлін қалай ғана жеңбейін,
Теңіз жанын ұққандаймын мен кейін...
Осал болса жатар ма еді бұл теңіз
Мұхиттан да жоғары ұстап деңгейін!
Қос дария құшағына толғанда,
Ұлан асыр дәулет деген ол маңда.
Мақтанасың,
Мақтанбайсың қалайша,
Тауың түгіл теңіз биік болғанда!
(66 сөз)
http://www.elarna.net/kitap_kk
1. Әр шумақтан мәтіндегі негізгі идеяны айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз. [3]
2. Мәтінде жалпыадамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз. [2]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. «Жазирада желмаямен желгелі» деген тіркестің астарлы мағынасы қандай? 2 сөйлеммен түсіндіріңіз. [2]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз. [3]
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқылым
Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды.
Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай және мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады.
Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды.
(152 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |