«Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа
Оқу мақсаты:
|
10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау;
10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру.
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы :
Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды;
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Орындау уақыты:
|
25 минут
|
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Дәрігердің әңгімесі
Сенбі күндері аулада туған-туысқандарымен бірге қыдырып жүрген ауруларға ашық терезеден жалықпастан қарап отырар едім. Олардың науқастан азап шеккен жадау жүздері, былайғы жұртқа қорқынышты болып көрінетін оғаш қылықтары, сөйлеген сөздері жаныма соншалықты ыстық. Мен оларды жанымдай жақсы көремін. Иә, иә, жақсы көремін. Олардың ешкімге ешқандай зияны жоқ. Егер дүниедегі бар зиянкестікті тексерер болсақ, солардың бәрін жындылар емес, сау адамдар жасаған ғой.
Біз тәні ауыратындарға аяушылық білдіріп, оларды жақсы көре түсеміз, ал жанның дертіне шалдыққандарды көргенде көкейімізде әйтеуір өзіміздің аман екенімізге шүкіршілік білдіретін қаскөй қуаныш тұрады. Ғаріпті аясаңыз - ақыл-естен айырылғандарды аяңыз, соларды сүйіңіз.
Мен сізді бір сенбіде алып барып, аурухана ішін аралатайын. Асықпай әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесіп көріңізші. Сөзсіз жақсы көріп кетесіз. Мен тіпті бақылау палатасындағы ең қауіпті аурулармен бірге ұйықтауға әзірмін. Қорқынышты дейсіз бе? Қорқыныш деген не тәйірі. Жақсы көру жетіспейді. Жақсы көру арқылы бәрін жеңуге болады.
Мен сонда істеген біраз жылдың ішінде неше түрлі жәйттерді басымнан кештім. "Дерт көп, денсаулық біреу" депті ғой бір халық. Не көп – аурудың түрі көп... Бірақ солардың ішінде бір оқиға есімде айрықша қалды.
Март айының аяқ кезінде бізге жасы он жетілер шамасындағы бір қыз түсті. Қабылдау үстінде ата-анасы қыздың өзін өзі бірнеше рет қылғындырып өлтірмек болғанын айтты. Маңындағылардың араласуымен аман қалған. Аты Алма екен.
Қыз өте сұлу еді. Шашы иығына түскен, бұйралау кекілі бар. Қатты азап шеккеннен екі қабағының арасына жалғыз сызық – тік әжім түскен. Бірақ бой басы таза, өзін-өзі күте алатын секілді.
Біздің бөлімшеге келгеннен кейін мен Алманы жеке бақылауға алдым. Тұйық. Ешкімге қосылмайды. Үнемі қорқыныш үстінде жүретіні көрініп тұр. Бір ғажабы, қыздың жүріс-тұрысынан, сөзінен сырқат белгісі байқалмайды. Бірақ ұстамасы өте қатерлі екен. (261 сөз)
(261 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |