Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар
Nesta инновациялық компаниясының 2030 жылға қарай сұранысы артатын мамандықтар тізімінде алғақшы ондықты мұғалім бастап тұр. Ал енді Қазақстандағы 2018 жылы сұранысқа ие болған мамандықтар тізімін HeadHunter компаниясы жариялаған екен. Мәліметтерге сүйенсек, былтыр компанияларға сату, бухгалтер, қаржы, әкімшілік қызметкерлері мен ақпараттық технологиялар, жарнама, маркетинг, PR саласының мамандары қажет болған.
Өткен жылы жұмыс іздеушілер арасында әйелдер мен ер адамдардың орташа көрсеткіші шамалас болғанын айта кету керек: 51%-ы әйелдер, 49%-ы ер адамдар. Жас ерекшеліктеріне келсек, 26-35 жас аралығындағылар белсенділік танытатындығы анықталған (37%), 22-25 жас арасында - 22% және 22 жасқа дейінгілер - 19%-ды көрсеткен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, жақында Жастар жылының ашылуында болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы өз ойын білдірген болатын.
Орнын алмастыруға болатын мамандықтар жойылады. Олардың орнына жасанды интеллект жұмыс істейді. Алайда, жасанды интеллект орнын алмастыра аламайтын мамандықтарға сұраныс кемімейді, оның ішінде IT мамандар мен дәрігерлер, жоғарғы санатты мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері бар.
(141 сөз)
https://bilimland.kz/kk/news-articles/articles/bolashata-sranysa-ie-bolatyn-mamandytar-anday
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады.
|
1
|
Мағынасына қарай қажетті сөздерді қояды.
|
3
|
2
|
Ақпараттарды өзара сәйкестендіреді.
|
3
|
Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады.
|
3
|
Сұрақ қоюда сөйлеу этикеті формаларын қолданады.
|
3
|
Жауап беруде сөйлеу этикетінің формаларын қолданады.
|
1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |