1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа



бет4/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады;

  • Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады.




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Қолдану



Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
«Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті...
Бетінде қорасан дағы бар шетте отырған, жасы жиырмалар шамасындағы қара жігіт жаңағы әңгімені айтқандардан жолдың жайын қайтадан сұрап еді. «Біз қайдан білейік, біздің білетініміз де сенің естігенің ғой» деп олар ештемені ашып айта алмады.
Ол үйіне келгенде алауланған тезек оты бықси жанып, үй іші ала көлеңкеленіп тұр екен.
- Апа, - деді үйіне келіп жігіт, отты үрлеп жатқан шешесіне,— мен шойын жолға жұмысқа тұрсам қайтеді.
- Жассың ғой әлі, қалқам.
- Ой апа, жиырмаға келген адам жас болушы ма еді.
- Анығын білдің бе? Жұмысшы ала ма екен?
- Әзірше менің естігенімнің бәрі тұспал.
- Ендеше біреуден әбден анығын білсеңші, шырағым, бару жағын сонан соң қарастырарсың.
Сөз басыла бергенде, киіз үйдің есігі көтерілді де, сәлем беріп мосқал тартқан бет сүйегі шығыңқы, аласа бойлы, қара сақалды кісі үйге кіріп келді. Бұл Тосқанбай деген өздерінің бір туысқаны еді. Бағанағы төбе басындағылар «Тосқанбай Қопа бойына жұмыс іздей кетіпті» дегенді де айтқан. Тосқанбайды көріп қуанған жігіт, бар іздегенін осы туысқаны алып келгендей болды.
(192 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет