1-тапсырма
Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша жазып алыңыз. Жазғаныңызға сүйеніп мазмұнын түсіндіріңіз.
Балқаш проблемасы
Балқаш көлі алабында экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды.
Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігі мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
(159 сөз)
https://books.google.kz/books
2-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша жұпта диалог құрастырыңыздар. Диалог барысында төменде ұсынылған сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар.
Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формалары: сіз қалай ойлайсыз, сіздің пікіріңізше, мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін, кешіріңіз, бірақ мен басқаша ойлаймын, сіздің осы туралы ойыңызды білсем деп едім, өте құнды пікір айттыңыз.
Әбдіжәміл Нұрпейісов есімі халықаралық аренада алпысыншы жылдар басында әлемнің әдеби өрісіне жол тартқан “Абай жолын” жалғастыра жаңғыртқан “Қан мен тер” болып еске түседі. “Қан мен тердің” арқасында қазақ әдебиеті өзінің әлем оқырмандары алдында Әуезовпен алған биігін сақтап қала білді. Әбдіжәміл Нұрпейісов есімімен бірге тағы да Арал апаты еске түседі. Жазушы шығармашылық ғұмырының тең жартысын туған жері – Аралға арнапты. Қаламын найзадай білеп, Аралға араша түсу – жазушы ғұмырының “Соңғы парызына” айналыпты. Бұл екі шығарманың екеуі де әлем оқырмандары алдында қазақ әдебиетінің айбынын асқақтатты. Беделін көтерді. Оған дәлел – төменде келтірілген отандық және шетелдік қаламгерлердің Нұрпейісов романдары туралы әр жылдарда айтқан пікірлері, берген бағалары.
“Біз, мына батыс оқырмандары, француз тіліне аударылған нағыз қазақ қаламгерлері Мұхтар Әуезов пен Әбдіжәміл Нұрпейісовті мысалға келтіре аламыз. Әуезов жайлы айтқанбыз, енді Нұрпейісовті атап өткім келеді. Иә, Қазақстан мақтана беруіне болады. Революция шапағымен бірге азаттық пен әділеттік жолында өз халқының қасіреті мен ұлылығын паш еткен нағыз жауһар – шедеврлер бере білген жазушыларымен мақтана беруіне болады. Осының бәрі бір буын ұрпақ жазушыларының маңдайына жазылыпты”.
Достарыңызбен бөлісу: |