6. Ясауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата) туралы баяндаңыз
Зеңгі баба туралы не білесіз?
Зеңгі Баба– қазақ халқының мифологиялық сеніміндегі төрт түлік малдың бірі – сиырдың пірі. Халық нанымында малдың әр түлігінің өз тәңірісі, иесі болады деп есептелген. Соның ішінде сиыр малының тәңірісі, қамқоршысы Зеңгі баба деп түсінген. Соған сиынып, малының аман-сау өсіп, көбеюін тілеген.[1]
Зеңгі Атаның туған жылы белгісіз. Бірақ ол жайлы айтылған деректерге қарағанда оның 12-ғасырдың соңы мен 13-ғасырдың басында өмір сүрген деп жорамал жасауға негіз бар. Зеңгінің түрік-ислам дүниесінде исламды уағыздаушы данышпан ойшылдың бірі болған. Зеңгі Баба (Айхожа) жас кезінде әкесі Ташхожадан тәлім-тәрбие алады. Әкесінің білімінен кейін Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Сүлеймен Хакім Ата Бақырғанидың тәрбиесінде болып, Яссауи ілімінің мағрифатын, тарихатын, шариғатын, ақихатын үйреніп Аллаға жақындасудың қиын да азапты жолдарынан өтеді. Зеңгінің түп нәсілі араб болғандықтан денесі қара, сүйегі ірі болған екен.
7. «Әнтәл хәди» сөзінің мағынасын ашып, тура жолдың мұсылмандар үшін маңызы қандай екендігін түсіндір?
Мағынасы : Сен тура жолға салушы
8. «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» сөзіне талдау жасаңыз?
Мединеде Мұхаммед пайғамбар туылды.Түркістанда Қожа Ахмет туылды.Маңғыстауда Пір Бекет туылды.
9. Түркістан маңындағы Ясауиге туыстас адамдардың кесенесі мен өмірі жайлы не білесің?
Ата-бабаларымыз Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңына жерленуді рухани сабақтастықтың белгісі, ұлағатты өнеге деп саналады. Бұл дүниеде ынтымағы жарасқан Алаш баласының, о дүниелік болған соң да Әзірет Сұлтанның қасына жерленіп, бір жерде жатуы кемелдікке жеткендіктің айқын көрінісі. Кіші Ақсарайы бөлмесіне 1999 жылдың маусым айының 3 жұлдызында кесенеге алты жыл жүргілізген реставрациялық жұмыстар кезінде табылған мәйттер қайта жерленген.
Есім хан - 1627-28 жж;
Жәңгір хан - 1652 ж;
Тәуке хан - 1715 ж;
Болат хан - 1723 ж;
Сәмеке хан - 1738 ж;
Жолбарыс хан - 1740 ж;
Әбілмәмбет хан - 1771 ж;
Абылай хан - 1781 ж;
Бөкей хан - 1819 ж;
Ондан сұлтан - 1585 ж;
Жәнібек сұлтан - 1643 ж;
Тұрсын сұлтан - 1717 ж;
Қайып сұлтан - 1718 ж;
Сейіт сұлтан - 1745 ж;
Сығай сұлтан - 1750 ж
Есіркеп сұлтан - XVIII ғ.
Барақ сұлтан - 1750 ж
Әбілфеиз сұлтан- 1883 ж
Тәуке сұлтан- 1787 ж
Болат сұлтан- 1798 ж
Есім сұлтан- 1798 ж
Қасым сұлтан- белгісіз
Тоғай сұлтан- 1816 ж
Әликен хан- 1860 ж
Ақтан Абыз- XVI ғ.
Қосдәулет Нұрби Абыз- XVI ғ.
Қаракесек Шаншар Абыз Бұлбұлұлы- XVI - XVII ғ.
Арғын Әнет Баба Кішікұлы- 1723 ж
Жалайыр Нарынбай Әулие- XVIII ғ.
Найман Қонақай Әулие- 1763 ж
Арғын Сүгірұлы Мешітбай-шақшақ Жәнібектің Батагөйі- XVIII ғ.
Мадияр би Жауғаштыұлы- 1735 ж
Қаз Дауысты Қазыбек Би Келдібекұлы- 1763 ж
Қараменді Би- XVIII ғ.
Қарауыл Қанай Би- XVIII ғ.
Мүсірәли Сопы Әзізұлы Сауранбай- 1752 ж
Күлен Би- белгісіз
Үсен Би- белгісіз
Шаштығұл Би- белгісіз
Шоң Би- XVIII- XVIIIІ ғ.
Құшетқалиұлы Бекболат Би- XІХ ғ.
Қоңыршұнақ Ердес Би Шүренұлы- XVIII ғ.
Бағаналы Бабыр Би Бөкенбайұлы-1864 ж
Қожамқұлұлы Тұрдықұл Би- 1895 ж
Шекті Тілеу Батыр Айтұлы- 1684 ж
Шекті Жолдаяқ Батыр Тілеуұлы- 1684 ж
Есіркеп Батыр Жаманқараұлы- 1696 ж
Әжібай Батыр- XVIII ғ.
Адай Шоғы Батыр Мұңалұлы- 1726 ж
Тобықты Көкенай Батыр- 1728 ж
Шаншар Жарылқап Батыр- XVIII ғ.
Дәу Баласы Балта Батыр- 1743 ж
Тарақты Наймантай Батыр- 1745 ж
Жанұзақ Батыр Алдиярұлы- 1749 ж
Шақшақ Жәнібек- XVIII ғ.
Тобықты Жандос Батыр Олжайұлы- 1752 ж
Атығай-қойлы Андықожа Батыр- 1752 ж
Мерген Батыр Бабасұлы-1754 ж
Қанжығалы Әлібек Батыр Құдайбердіұлы- XVIII ғ.
Сейдалы Нияз Батыр- XVIII ғ.
Айтбай Батыр Аткелтірұлы- XVIII ғ.
Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай Батыр- 1755 ж
Арғын Күлеке Батыр Тәңірбердіұлы- 1760 ж
Арғын Қойлыбай Батыр Малайұлы- XVIII ғ.
Матай Бөрібай Батыр- 1760 ж
Қарпықұлы Текей Батыр- 1764 ж
Қырықмылтық Шобан Батыр Жаманқұлұлы- 1773 ж
Қанжығалы Бөгенбай Батыр- 1775 ж
Желкілдек Батыр Бөлтекұлы- XVIII ғ.
Таңыбайұлы Жәутік Батыр- 1775 ж
Қоралас Жауғаш Батыр Қырбасұлы- 1782 ж
Қаракесек Жарылқап Батыр- 1786 ж
Бөртеұлы Мамай Батыр- 1789 ж
Қойкелді Батыр- 1795 ж
Қараша Айтбай Батыр Сырғақұлы- XVIII ғ.
Қаржас Мырзақұл Батыр- XVIII ғ.
Қоңырат Сырғақ Батыр Ниязұлы- белгісіз
Мәңжіғұл Батыр- белгісіз
Сіргелі Тілеуке Батыр- белгісіз
Есенқұл Қырғыз Батыры әрі Манабы- 1800 ж
Тобықты Мамай Батыр- 1810 ж
Есенбай Батыр- 1844 ж
Есей Батыр- XІХ ғ.
Найман Көшербайұлы Дулыға Батыр- 1890 ж
Қожа ....- 1432 ж
Әмірзада Әли- 1438 ж
Бақи Сұлтан Мір Қалани- XV ғ.
Рәбия Сұлтан Бегім- 1485 ж
Қожа Дәруіш Мұхаммед- 1514 ж
Мүбәрәк Шах Сұлтан- 1519 ж
Мәстүра ханым- 1519 ж
Аман Бике Ханым- 1520 ж
Құл Мұхаммед Сұлтан- 1524 ж
Сүйініш Қожа хан- 1524 ж
Шуджа Ад-дин Халил Мырза- 1533 ж
Мұхаммед Әмір Хан- 1541 ж
Шуджа Ад-дин Мансұр Мырза- 1543 ж
Құдайбердіұлы Тоқтасын-1543 ж
Тоқтасын- 1544 ж
100.Бек-Шайқым Қожа-шамамен XVI ғ.
Хандардың қабірлерінен тек қана Абылай ханның қабірі толығымен зерттелінген. 70 жасында қайтыс болған Абылай хан Ахмет Йассауи қабірханасының шығыс есігінің табылдырығының алдында жерленген. Тарихта осы орын ханның құрметіне Абылай хан бөлмесі деп аталған. Кейбір тарихи деректер бойынша Абылай ханның бейтіне «Айна-тас» атты құлпытас орнатылған. Археологиялық және антропологиялық зертеулердін нәтижесі табылған адам қанқасы Абылай ханға тиесілі екендігін дәлелдеді
Достарыңызбен бөлісу: |