1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Ясауи кесенесіндегі Тайқазан қай жылы жасалды? Ұстаның аты-жөні, сыртындағы жазулардың мағынасы



бет8/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Suraktar-2023 2

26. Ясауи кесенесіндегі Тайқазан қай жылы жасалды? Ұстаның аты-жөні, сыртындағы жазулардың мағынасы
Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған.
Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.


27. Тайқазан Санкт-Петербор қаласына не үшін жіберілді? Оралған жылы
1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды.
28. Кесенедегі шырағдандар туралы баяндаңыз?
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйға тартылған қола шырағдандар ХIV ғасырдан сақталған құнды жәдігерлер болып табылады. ХХ ғасырдың басында кесенеде Әмір Темір бұйрығымен ̒Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахани жасаған 6 шырағдан сақтаулы тұрған. 1905 жылы кесене ішінен ұрланған шырағданның бөліктері қазір Францияның Париж қаласындағы Лувр музейінде сақтаулы тұр. 1935 жылы кесенедегі екі шырағдан және үшіншісінің төменгі бөлігі Ленинградтағы мемлекеттік Эрмитаж музейіне жіберілген. Қола шырағдандардағы өсімдік тектес нәзік өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулары бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы 17 маусымда Исфағандық Тадж-ет-Диннің баласы Из-ет-Дин шебердің жасағандығын баяндайды.
29. Кесенедегі есіктер туралы не білесіз?
Жамағатхана бөлмесінің Қақпа-есігі (өлшемі–3,7+2,1м) екі жаққа ашылатын – ғимараттың оңтүсітк порталының терңінен орын алған негізгі есік. Ол екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен әрленген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы тозып, жойылған. Есіктің сыртқы бетіндегі өрнегі бедерлі белдеумен үш бөлікке бөлінген. Сегіз ұшты жұлдызшалардың өзара ұласуынан құралған бұл бедерлі өрнектермен тек белдеулер ғана емес жалпы есік жақтаулары да жиектей көмкерілген. Жоғарғы бөліктегі төрт бұрышты екі картуштың бетінде екі қатар араб жазуының алғашқы жартысы оң жақтауда, екінші жартысы сол жақтауда бедерленген. Бірінші қатардағы жазудың әріптерінің ұзындығы 0,10 м, жуандығы 3мм, гүлденген куфа (куфи тазйини) қолтаңбасымен бедерленген. Екінші қатардағы жазу сулус қолтаңбасымен жазылған. Әріптердің ұштары барынша барынша ұзартылып картуштың ішін тұтас алып тұр. Қақпа-есіктің жікжапқыш жарты бағанының орта белдеуінде сулус қолтаңбасымен таңбаланған сөздер бар. Бұл өрнектер ағашқа ойып өрнек салу арқылы таңбаланған. Есіктегі өрнектер үш деңгейлі тереңдікте бір-бірімен астаса ұласып, ғажайып симметриялық үйлесімде, қайталанбас әсем ою-өрнектер композициясын түзеді. Бұл келісім мен үйлесімнің сырлы әлемі Ислам дінінің жасампаз рухын, ғаламның сұлулығын паш етердей. белгілі бір затты ишаралайтындай символдқы мағынаның өрнекке ұластуы немесе мән-мағынасы терең жазулар мен сөз тіркестерінің ою-өрнекке ұқсатылып немесе ою-өрнектермен астасып жатуы хәл ілісінің астарлы сырлы әлеміне бастайды. Жаратушы иенің шексіз ғылымына меңщеуімен қатар, Ақиқатты танып білу үшін Жаратылыс әсемдігіне ой жіберіп пікір қылуға шақырады.
Қазақ тіліндегі мағынасы: Аллаға мадақ! Иә, Алла Тағала! Аллаға шүкір! Иә, Алла Тағала!
Әулие жақсылардың қақпасы – бақыттың кені, әулие жақсыларды сүю – бақыттың кілті.
Есіктің көрнекті жерінен орын алған жазулардың Аллаға шүкір етуден және Оны мадақтаудың басталуы – құлшылық –ғибадаттың асыл негізін көрсетеді. Әулиелердің, яғни Құдайдың достығына жеткен адамдардың адам баласын екі дүниенің бақыытна бастайтын жетекші болатынына нұсқайды. «Әулиелердің қақапасына» келген, яғни олардың насихат сөздері мен өситетеріне ден қойып, мән-мағынасына жеткен адам ұрпақтары үшін оларды бақытқа кенелтетін қазына бар. Ал, ол қазынаның қақпасын ашатын кілт – әулиенің махаббаты, яғни, рухани ұзсатздың назарын иелену екендігі айтылған.
Парсы тіліндегі мәтіннің мағынасы: Астанаңдағы «қасиетті табалдырыңыңдағы) қызметші дәулетті болғай!
Әулиенің басынағы қызмет – рухани жолды қалаған шәкірттердің ірқашан зор құрметпен атқарған істері болған. Себебі, әулиенің шарапатынан үміт етіп келген халыққа қызмет жасау – Қожа Ахмет Ясауидің «топырақ болу» яғни, адамға риясыз қызмет жасау қағидасына сай келеді. «Қырықтың бірін – Қыдыр» деп білген халық нанымына сай зияратшылардың дұғасының шарапаты Әулиенің жолында қызмет жасаған әрбір аадмға да тіип, бақ-дәулет әкелетініне сенген.
Қақпа-есіктің орта бөлігінде есікті қағуға арналған екі қола алқа мен оларды орнататын топса-тұғырлары бар тік төртбұрышты тақташалар орналасқан. тақташалардың әрқайсысы ағаш есікке әщекейлі , үлкен төрт шегемен бекітілген. Алқаның топса-тұғырлары барысытң басы бейнесінде сомдалып, одан төменірек алқаның өзінде барыстың екі кішкенеаланың бейнелері сомдалған. Бұл барыс бейнелеріінң сол жақ алқадағларының көздері ашық және үлкенінің жалы бар болса, оң жақ алғадағыларынң көздері жазбыө және жалдары жоқ. Қола тақташада алқаның ұрылып дыбыс шығуына арналған сегіз жапырақшалы гүл бейнесіндегі кішкене төстігі бар. Екі алқаны қаққанда дыбыс жиілігі әралуан, екі түрлі дыбыс шығатыны көңіл аудартады. Қола тақташаның жоғарғы жағы оймышты құйылған қошқармүйіз оюлардың жалғаса біріккен композициясынан тұрады. Тақташаның бетінде де өсімдік тектес, қошқар мүйіз және құс қанаты, құс тұмсығы, т.б бейнелейтін облардың ерекше сәнді үйлесімді өрнегі бедерленген.
Алқалардың ұш жағында балық және құс бейнелері таңбаланған. Көктегі , жердегі, судағы жануарлар әлемін бейнелейтін – құс, барыс, балық сияқты хайуаанттар суреттері осы есік сыртындағы алқалардан басқа жерде кездлеспейді. Бұл алқаларды жиектей және тақташалардың жоғарғы бөліігнде ойылып жазылған. алтынмен апталып, күміспен кұптелген парсы, араб тіліндегі насх жазуы бар. Оның қазақша мағынасы:
Пайғамбар айтты, ол кісіге сәлем болсын: «Дүние өткінші, сен дүниеде (Аллаға) бағынып өт».
Қола тақташалардың оң жағасында басталып, сол жағында аяқталған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың хадисінде дүниенің баянсыздығы айтыылп қана қоймай, Аллаға мойынсұнуға бұйрық берілген. Шындығында адамның жалған дүниедегі өмірінің мәнге болып, мағынасы артуы үшін оның ақиқат жолды қалап, Аллаға мойынсұнуы, оны жадынан шығармай әсмірлерін бұлжытпай орындауы шарт.
бізідң мақсат артқа өрнек қалдырсақ,
жаратылыстың баяны жоқ аңдасақ,
ақ жүректі адам ұлы кез болса,
Еске алып, дұға қылсын, біз бейбақ. (Сағди, Гүлстан!)
жеті жүз тоқсан тоғызыншы (1396-97) жылы, Құдайдан ғана үмітті, міскін «Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин ал-Исаги жасады. Бұл кең есік әрқашан достарға – құтты һәм ашық, жауға – тар әрі жабық болсын.
Кесенедегі ХІҮ ғаысрдан сақталып келе жатқан екі есіктің бірі қабірхана есігі – қапсырма. Бұл (өлшемі – 2,5+1,4м) есік орта ғасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгііс болып табылады. жалпы пішіні Жамағатхана есігіне ұқсас екі жақты ашылатын Қабірхана есігі жамағатхаанның төрінде орналасып, қабірханамен аралықты жалғасытрады. Есіктің Есіктің маңдайшасында үлкен қаңылтыр тақташа бар және оны ңжақтауы мен босағасы қаңылтырмен қапталған. Осы тұтас күйіндегі өлшемі – 3,5+1,65м) П тәріздес қағңылтыр қаптамалы босағада геометрияланған медальондар тізбегі ішінде сулус қолтаңбасымен зерделеніп, алтынмен апталған жазулар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет