21. Қылует жерасты мешіті туралы айтыңыз
Қылует жер асты мешіті, ХІІ-ХV-ХІХғғ. Республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120м қашықтықта орналасқан. Координаттары: 43˚17.776΄,068˚16.247΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 228м.
22. Вакуфтық құжат туралы не білесіз?
Дін иелеріне арналған жерлерді айтамыз.
23. Ақсарай бөлмесі қандай қызмет атқарды?
Хандар елдің маңызды мәселелерін шешіп, сырттан келген елшілерді қабылдайтын бөлме 24. «Хан талапай» сөзін ашып көрсетіңіз
Ханды тонау
25. Түркістандағы «Хан Ордасы» туралы баяндаңыз
XVII- XVIII ғасырларға тән Хан ордасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен батысқа қарай 300метр жерде орналасқан. Координаттары: 43˚17.847΄, 068˚15.966΄. Теңіз деңгейінен биіктігі — 232м. Тарихтан XVIIIғасырда Ескі Түркістан қаласында екі хан ордасы (цитадель) қатар өмір сүргені белгілі. Бұл жайлы И.В. Ерофееваның «Казахские ханы и ханские династии в XVIII – середине XIX вв.» деген еңбегінен және Б.Т.Тұяқбаева, А.Н.Проскуриннің «Проект регенерации цитадели в городе Туркестане» атты мақаласынан толыққанды деректер табуға болады. Тарихшы И.В.Ерофееваның мақаласындағы деректерде 1743-45жылдар аралығында Түркістанды және оның айналасындағы қалаларды Әбілмәмбет хан мен Сәмеке ханның үлкен ұлы Сейіттің екіге бөліп билегені айтылған. Бұл жайлы ең алғашқы деректі XVIIғасырдың соңында жасалған Д.Г.Мессершмидт картасынан кездестіреміз. Картаны қаланың 1875жылғы жобасы және 1954 жылғы картамен, кейінгі жылдардағы план-схемаларымен салыстыра отырып Хан ордасының дәл орны анықталды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған табыстар бұл орынның алтыншы құрылыс қабаты XVII ғасырдың соңы мен XVIIIғасырдың бірінші жартысы арасында қалыптасқандығын, яғни бұл кезеңде Хан ордасын — Тәуке, Қайып, Болат, Сәмеке және Әбілмәмбет хандардың мекен еткен кезеңіне сәйкес келетінін көрсетеді. 1743-1745 жылдар аралығында Сәмеке ханның үлкен ұлы Сейіт Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс бетінен екінші Хан ордасын қалыптастырады. Әбілмәмбет хан өлген соң (1771ж.) қазба жүргізіліп жатқан Орданы оның ұлы Болат хан 1798жылға дейін мекен еткен деген тұжырым жасауға болады. 2011жылы қазбадан аршылған бөлмелердің 15-інің қабырғалары саз кесекпен қайта өріліп, сақталуына және маңыздылығына қарай олардың биіктіктері 1,2 м-ден 2 м дейін көтерілді. Бөлмелердегі сыпалар, тандырлар, ташнаулар, сандалдар қайта қалпына келтірілді. Қабырғалары сабан аралас сыбақпен сыбалып ханның тұрған үйінің бір бөлігі сол заманғы көрінісімен жасалды
Достарыңызбен бөлісу: |