«Сәжде» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
2 рет (Салауат, Зікіршінің қабірдегі хәлі)
1.Жамандыққа – жақсылық бағыштаған Мұхаммет,
Тауфық тілеп, залыммен алыспаған Мұхаммет.
Сәждеге ұрып маңдайын, тағат қылған Мұхаммет,
Қабыл болып дұғасы – таң аттырған Мұхаммет.
2.Мүңкір-Нәңкір жылар сонда:
Бар жарықтың «Иесі – Сен»! –
Жасын көрдің сан ғәріптің.
«Лұтыф етсең»*, – талайсызға бақ дарыттың,
Сәжде қылып шәкір тілін ашар, достар.
«Кәусар» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
5 рет (Һу алқасы, Зікіршінің қабірдегі хәлі, Пейіш пен тозақтың айтысы, Мінажат)
1.Алқа ішінде һу деңдер,
Ғашық отына жаныңдар.
Тәкпір айтып бір деммен,
Кәусарына қаныңдар.
2.«Лә иләһә иллә Аллаға» ғашық-құрбан
Дидар үшін дүние-боқты шашып тынған,
Ақыреттің шын саудасын кәсіп қылған
Хауыз-Кәусар сусынынан ішер, достар.
3.Пейіш айтар:
мен артық, мен – пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
4.Хикметтерім бал-кәусардың шендесі,
Барлық сөздің ішінде жоқ теңдесі.
Хикметтерім – сыйы Алланың сапарда, –
Астағфарды кім көп айтса сахарда.
3.Әділ патша, бір аты оның Садық-дүр,
Жаратылған шашу үшін жарық-нұр.
Хикметімді надан ғана ұқпайды,
Діліқара – кәусар берсең жұтпайды.
«Тариқат» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
6 рет( Қаһар атты қаһарың, Салауат, Омар хақында,Расулдың әулеті,МАХАББАТТЫҢ ІШПЕСЕМ ШАРАБЫНАН)
1.Мұнафықтар ылаңы – күнә-қылмыс қылады,
Жүзін жаспен жуады – өртін қуар Қожа Ахмет.
Тарихатты білмедім, Хақиқатқа кірмедім,
Пір бұйрығын ілмедім: дертің – бұлар, Қожа Ахмет.
2.Малғұн, лағин, шайтанға соғыс қылған Мұхаммет,
Шариғатқа үмбетін тоғыстырған Мұхаммет.
Тариқатқа – жолбасшы, жаны ышқынған Мұхаммет,
Ақиқатты баршаға табыстырған Мұхаммет.
3. Шариғатқа күш-қорған, тарихатты ұстанған,
Ақиқатты түс таныған әділетті Омар-дүр.
4.Алла деген шын ғашық пырақ мінер,
Бейнет шегіп ышықтан, жылап сүрер.
Тарихаттың базарын мұрат білер,
Хақиқаттың дариясын кешер, достар.
5.Өтті ғұмыр, шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
Ақиқатсыз мағрифатқа бет алмадым,
Жолдан қалай пірсіз жан өтер, достар.
6. Мұхаммедті біліңіз: оның заты араб-дүр,
Тарихатқа кіріңіз,– жолы тұнған әдеп-дүр.
Хақиқатты білмеген адам емес,– пұт-самас*;
Ұқсаң, адам түгілі, мақұлыққа ұқсамас.
Достарыңызбен бөлісу: |